Реферат тақырып: «Абай Құнанбайұлының "Толық адам" тұжырымдамасы-ұлттық тәрбиенің моделі ретінде»



бет3/6
Дата15.11.2023
өлшемі30,4 Kb.
#123794
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
201 Ахылбек Аида СОӨЖ№7 пед.зерттеу

«КЕМЕЛ АДАМ» ИДЕОЛОГИЯСЫ
Бұл Абайдың 38 қарасөзінде қолданылатын «толық адам» деп аталатын сөздің тікелей баламасына келеді. Кемел адам мәселесі мұсылмандық әлемнің сопылық ағымында ХІ-ХІІ ғасырда-ақ қа­лыптасып, шырқау биігіне же­тіп, сол негізде 1069 жылы Жү­сіп Ба­­ласағұнның «Құтадғу Білік» дас­танында толық баян­далып суреттелген болатын. Сопылық «хал ілімі» саласында негізі қа­ланып, даму жолына түскен сопы­лық адамшылық ілімді Абай өз заманы талабына орай дәстүрлік жалғастықпен дамыту арқылы қа­зақ даласында – адамшылық­тың толық адам ілімі деп аталатын жаңа түрі дүниеге келді.
«Толық адам сопылық ілімнің адамгершілік негізінен туындайтын «камили инсани» деп аталатын ар ілімімен іштей сабақ­та­сып жатқан қастерлі рухани құбы­лыс болатын-ды. Толық адам терминін М.Әуезов өзі жасаған алмағайып заманда бір тамыры жағынан, сопылық хал ілімінен туындайтын камили инсани (кемелденген адам) танымымен, Шәкәрім тілімен айтқанда, ар ғы­лымымен ұштасатындықтан, өз қалпында, яғни Абай қолданған нұсқасымен атай алмады. Толық адам термині абайтану саласын­да тек қана 1963 жылдан бас­­тап ғылыми айналымға түсе бас­та­ды». М.Әуезовтің ғылыми шы­­­ғармашылық зерттеулерінде Абай­­дың адамгершілік мұрат­та­рының негізіне айналған өте күр­делі ұғым мен танымнан тұ­ратын толық адам мәселесі елеу­сіз қалыпта көркемдік тәсілмен беріліп отырады. Мұның сыры, жазушының өмір сүріп отырған қатал заманындағы таптық идео­логиялық жағдайлар мен саяси ахуалдың өршіп, оны партияның қалт жібермей аңдып отыруынан туындаған автордың шара­сыздық тәсілі еді. Яғни Абай дү­ниетанымын терең танып біліп отыр­ған М.Әуезов зерттеулерінде «нравственная личность» «гармоническая личность» деген тер­­миндік сөздермен атап қа­на өте­ді. Ал бұл ойларын автор «Абай жолы» роман-эпопеясында көркемдік тәсілмен өткізіп, та­ратып келтіреді. Абайдың дү­ниетанымына бойлаған адам бұл жағдайды «Абай жолы» эпопея­сын оқып отырғанда анық аң­ғарып отырады.
Мысалы, «Абай жолындағы» Бөжей, Құ­нанбай тартысы, осы күрестің Қар­қа­ра­лыдағы көрінісін еске ала­йық­шы? Бала Абай от пен судай екі мінездің, яғни қатігездік пен рахым, шафағат­тың ортасында қалыптасып өсіп келе­ді. Әке жолы суық ақылдың, рахымсыз қа­талдықтың өрісін танытса, ха­лық анасы Зере мен Ұлжан әрі Абай нәр алған парсы, түркі тілін­дегі кітаптардағы гуманистік ойлар төркіні рахым, шафағатты аялай­­тын нұрлы ақылда жатыр.
Жалпы, М.Әуезов Абайды тек ақын, қоғам қайраткері ғана емес, сонымен қатар асқан ойшыл, гуманист ретінде танытады. М.Әуе­зов Абай шығармаларындағы ақыл, қайрат, жүрек жайлы түбір­лі терең танымның ақын санасын­­да сонау жігіттік шағында-ақ, өзі таныған әлеуметтік орта мен 6

шы­ғыс кітаптарын оқу арқылы өз бойына дарытып, өзіндік етіп қо­рытқан ой қазынасы екенін хабарлайды.


Абайдың күллі этикалық, гу­ма­нистік танымының негізгі же­лісін жазушы шығармада кейіп­керлер сөзі арқылы, ақынның ойы негізін­де көркем тілмен та­ра­­­тып бере­ді. Абайдың дүние­та­нымындағы өзекті ойларын М.Әуе­зов эпопеяда нақтылай тү­­­сіп, әрі дамыта отырып, өзі­нің көзқарасын да білдіреді. «М.Әуе­зов қаншалықты ғылыми те­­рең таным екенін білу үшін айрық­ша мән беріп отырған ойы Абайдағы толық адам жайлы шоғырланған түбірлі ойдың төр­кініне, ақын шығармасында уағыз­далатын ой желістеріне на­­зар салып көрейікші? Сонда ұлы жазушының не себепті ақын мұ­расын таныту жолында осы та­нымға шешуші мән бере қарап, ғы­лыми зерттеулері мен «Абай жолында» өз ойын қатар дамытып отыратын себебіне де көзіміз жете түседі».
«Абай жолы» эпопеясының «Қия­да» тарауында Құнанбай­дың жа­сы болса жетпіске тақап қал­ған. Енді ер жеткен балаларының ішінен өз орнына кісі қамдай­тын да мезгіл жеткен. Ел арасы болса бүгін қиындап барады. Алыс пен тартыстың басы тағы шығып, Балағаздар сияқты тынышсыздық деген тағы шықты. Осының бәрін ойлап, таразыға салып келіп, жаңа болыстыққа Абайды лайық деп көрген. Құнанбай ел басқару ісіне лайық Абайдың бойынан биік қасиеттерді көретін. Мәселен, «Бірақ алыс жүрсе де, сол Абайда ақыл мен қайрат, тіл мен тәлім­нің мол екенін әкесі танитын». Әкесінің Абайға іштей берген бағасы осы еді. Осы қасиеттерін бағалап, Құнанбай Абайды ел бас­қару ісіне лайық деп табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет