11
жәрдем береді. Цитоплазмада фуксинофилді қоспалар түзілуі
мүмкін.
Аденовирусты пневмонияда альвеола
қабырғасындағы эпителий
арасында немесе оның ішіңде "аденовирусты" клеткалар мен
макрофагтар, лимфоциттер б;рлі-жарымды эритроциттер мен
нейтрофилді лейкоциттер табылады. Ал альвеола іргесінде
лимфоциттерден,
плазмалы
клеткалардан,
гистиоциттерден
тұратын клеткалар көрінеді.
Аденовирусты инфекцияның екінші түрінде тыныс жолдарындағы
катаральды қабыну белгілеріне коньюнктивит қосылады. Ол
балаларда
катаральды, фолликулярлы, перделі коньюнктивит
түрінде, ал ересек кісілерде — кератоконьюнктивит түрінде етеді.
Вирусты диарея ішектің вирусты қабынуымен және лимфа
түйіндеріңдегі өзгерістермен сипатталады.
Аденовирусты инфекцияның асқыну түрлеріне отит, тонзиллит,
синусит, екіншілік пневмония кіреді. Ауру өлімі пневмонияга
байланысты.
Респираторлы-синцитиальды инфекция
Респираторлы-сшщитиальды (РС) инфекцияны құрамында РНҚ бар
РС
вирустар қоздырады, олар тыныс жолдарының төменгі бөлігі
өзгерістерінің басымдығымен сипатталады.
Этиологиясы. Бұл вирустар ткань себіндісінде алып клеткалар мен
клеткалы синцитий түзеді, оның аты да осыған байланысты.
12
Вирустардың көлденеңі 90—120 нм, РС-инфекция жас балаларда
бронхиолалардың, өкпенің қабынуына соқтырады.
Химиотерапиясы. Тыныс жолдары азырақ қызарып, олардың
бетіңде серозды-шырышты экссудат көрінеді. Өкпе ткані қанмен
толган, кесіп көргенде оның артқы
төменгі бөліктерінде қоңыр-
қызыл, беті тегіс, кішкентай ошақтар табылады. Микроскоппен
қарағанда негізгі өзгерістер майда және орташа бронхтарда болады.
Олардың ішінде түскен бронх эпителиі және осы инфек-цияға тән
эпителийдің емізік тәрізді өсіп кетуі көрінеді. Бронхиола ішіндегі,
альвеола жолдарындағы көшіп түскен эпителийлер бір-біріне
жабысып синцитий түзуі де РС-инфекцияның
ерекшеліктерінің
бірі. Осы езгерістер нәтижесінде тыныс алу бүзылып клиникада
астмалық синдром белгілері дамиды. Альвеолаларда макрофагтар,
бірлі-жарымды көпядролы клеткалар және лейкоциттер табылады,
яғни вирусты пневмонияның морфологиялық белгілері көрінеді.
Бронхтар мен жоғарғы тыныс жолда-рында (ересек кісілерде)
катаральды қабыну дамиды.
Науқас өлімі өкпеде екіншілік инфекция әсерінде дамитын
пневмонияға, оның асқыну түрлеріне немесе вирустың бүкіл
организмге таралып кетуіне (генерализациясына) байланысты.
Вирусты инфекцияларды анықтау. Вирусты инфекцияларды
анықтаудың үш жолы бар: 1)
вирусологиялық әдісті
қолданып вирусты бөліп алу. Бұл өте күрделі және үзақ уақытты
талап етеді; 2) серологиялық әдіспен қанда вирустар антигенін
анықтауға болады, әдетте олар 3—4-ші күндері пайда болып, 6—7
13
күннен кейін өзінің шарықтау шегіне жетеді. Бұл әдіспен
науқастың қай вирусты инфекциямен ауырғанын анықтауға
болады; 3) ең қарапайым және тез нәтиже беретін —
иммунофлюоресцентті әдіс. Бұл әдістің негізінде антидене
белоктарының флюрохром-дармен (боягыш заттар)
қосыла алу
қасиеттері жатады. Осы антиденелер тек өзіне сай келетін
антигендермен гана реакцияға түседі. Мысалы бұл бояғыш заттар
тек парагрипке қарсы антиденемен ғана реакция берсе, осы жерде
парагрипп инфекциясы бар деп айтуға толык мүмкіншілік бар.
Тканьдерден, тыныс жолдарынан алынған материалдарды
люминисцентті микроскоппен қараганда реакция жүрген
жерлер ашық-жасыл сәуле береді.
Достарыңызбен бөлісу: