• Шығыс
Бөліктерді сұлтандар басқарды.
1867-1868
Реформалардың басты
мақсаттары мыналар
болды:
1) Басқаруды қайта
ұйымдастыру –
реформаға дейінгі
кезеңмен салыстырғанда
неғұрлым тиімді
əкімшілік аппарат құру
жəне өзін-өзі
қаржыландыруға тиісті
жергілікті “өзін-өзі
басқарудың жаңа жүйесін
құру”.
2) Аса маңызды Орта
Азиялық рыноктарды
басып алу, оның аса бай
өсімдігі мен минералды
ресурстарын игеру үшін
жəне Орталық Азияға
одан əрі шабуыл жасау
үшін Қазақстанды патша
өкіметінің базалық
лагеріне айналдыру.
3) Əскери бөлімшелерді
жəне шенеуніктердің
орасан зор көп мөлшерін
ұстауға арналған
шығындарды жабу үшін
салық жинауды көбейту.
4) Қазақстан жерін
мемлекеттік меншік деп
жариялау – қазақ даласын
одан əрі отарлау үшін
алғышарттар жасау.
Далалық комиссия Қазақ даласын басқарудың жобасын ұсынды. 1867
жылдың 11 шілдесінде II Александр патша “Жетісу жəне Сырдария
облыстарын басқарудың уақытша ережелерін”, ал 1868 жылдың 21
қазаныныда “
Орынбор жəне
батыс Сібір генерал-
губернаторлықтарының далалық облыстарын
басқару туралы уақытша ережелерін” бекітті. Жаңа отаршылдық
əкімшілік реформа бойынша Қазақстанның бүкіл аумағы
үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор жəне Батыс Сібір
генерал-губернаторлықтарына бөлінді.
Генерал-губернаторлар
барлық əскери жəне азаматтық билікті түгелдей өз қолдарына
шоғырландырды. Əрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді.
Мəселен, Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал жəне
Торғай
облыстары, Батыс Сібірге – Ақмола жəне Семей, Түркістанға -
Жетісу жəне Сырдария облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей
хандығының аумағы 1872 жылы Астрахан губерниясының құрамына
кірді, ал Маңғыстау приставы 1870 жылы – Кавказ əскери округінің
қарауына, ал біршама кейініректе Закаспий облысының құрамына
енді.
Облыс əкімшілігін əскери жəне əкімшілік билік берілген əскери
губернатор
басқарды. Ол облыс аумағында орналасқан казак əскерлерінің
атаманы болып табылды.
Жетісу жəне Сырдария обдыстарының əскери губернаторлары
шекаралық істермен де айналысты. Жалпы əскери губернаторларды
патша тағайындап, қызметінен босататын болды.
Əскери губернатордың жанынан облыстық басқарма құрылып, оның
төрағасы вице-губернатор болды. Басқарма үш бөлімшеден: өкім
беруші, шаруашылық жəне сот бөлімшелерінен тұрды; əрқайсысын
аға кеңесші басқарды.
Өз кезегінде облыстар уездерге бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: