Олар Ресей заңдары негізінде аса маңызды қылмыстық істерді
қарастырды.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша ауылдарда билер сотының
3 деңгейі құрылды: бірінші деңгей – билердің жеке соты, екіншісі –
билердің болыстық съезі жəне үшіншісі – билердің төтенше съезі.
Полиция, əскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд
бастығына бағынды. Уезд бастықтарының қолына əкімшілік жəне
полицейлік билік шоғырландырылды. Оларды əскери губернатордың
ұсынуы бойынша генерал-губернатор тағайындады.
Достарыңызбен бөлісу: