Региональный вестник Востока



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата03.03.2017
өлшемі8,98 Mb.
#7195
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

З.М. ҚҰСАИНОВА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Өскемен қ., Қазақстан
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ
Мақалада  Шығыс  Қазақстан  облысысындағы  ара  шаруашылығының  тарихы 
жазылған.  Ара  шаруашылығының  жоғары  табыстылығы  мен  болашағы  көп  жылдық 
озық  омарташылардың  тәжірибесі  арқылы  дәлелденген.  Елiмiздiң  шығыс  өңiрiнде 
омарташы шаруашылығы қарқынды дамыған. 
Түйін  сөздер:  ара  шаруашылығы,  прополис,  меморандум,  егістік  алқап,  ауыл 
шаруашылығы, жәрмеңке. 
 ИСТОРИЯ ПЧЕЛОВОДСТВА В ВОСТОЧНОМ КАЗАХСТАНЕ
В статье, рассказана история пчеловодства в Восточном Казахстане. В Восточным 
регионе страны быстрыми темпами развивается эта отрасль, рентабельность пчеловод-
ства проверена на протяжении многих лет опытом передовых пчеловодов.
Ключевые слова: пчеловодство, прополис, меморандум, посевные площади, 
сельское хозяйство, ярмарка.
HISTORY BEEKEEHING IN EAST KAZAKHSTAN
In an article written about the history of beekeeping in Eastern Kazakhstan. The profit-
ability of beekeeping and proven over many years of experience of advanced beekeepers. In 
the eastern region of the country rapidly develops beekeeping industry.
Keywords: beekeeping, propolis, memorandum, acreage, аgriculture, fair.
Ара шаруашылығы немесе Омарта шаруашылығы – ауыл шаруашылығының 
ара  өсіріп,  бал  жинаумен  айналысатын  бір  саласы.  Ара  шаруашылығы  ерте 
заманнан  бері  бал  ғана  емес,  басқа  да  құнды  өнімдердің  (ара  уы,  прополис, 
балауыз, ара желімі т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік 
ретінде  алғаш  Шығыс  Қазақстан  өңірінде  дамыған.  1777  ж.  Ресей  ғалымы 
П.С. Паллас Үлбі өзенінің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 
1812  ж.  Үлбінің  ара  өсірушілері  бірнеше  рет  Ірбіт  жәрмеңкесіне  қатынасып, 
балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. Ара 
шаруашылығын дамытуға ғалымдар: Б. Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, 
А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда 
ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын 
алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа 
құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915-1916 жж. оның басшылығымен Оңтүстік-батыс 
З.М. ҚҰСАИНОВА. 4 (72) 2016. Б. 203-210 
 
 
                   
                ISSN 1683-1667 

204
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Алтай  ара  өсірушілерінің  2-ші  съезі  өткізілді.  Бал  араларын  өсірумен  атағы 
шыққан  алғашқы  қазақ  Алматы  облысы  Қабанбай  ауылының  тұрғыны 
Ә. Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін ара шаруашылығы республиканың тау 
және  тау  етектеріндегі  аудандарда  ғана  дамыды.  Кейін  омарталар  Шығыс 
Қазақстан,  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының  таулы 
аудандарында  және  Солтүстік  Қазақстан  облысының  орманды,  егінді 
алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы өнеркәсіптің 
металлургия, радиотехника, автомобиль, химия т.б. салаларында шикізат ретінде 
пайдаланылады. Ал прополис, ара уы т.б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, 
ветеринарияда  және  косметикада  кеңінен  қолданылады.  Бұл  саланың  ең 
өркендеген кезінде Қазақстанда 220 мыңнан аса ара ұясы болған. Қазіргі Алтай 
және Сібір аймақтарының тарихи ескерткіштерін зерттеген археологтар, Енисей 
өзенінің  бойындағы  жартастардан  араның  қашалып  жасалған  бейнелері 
табылған.  Осындай  суреттер  Алтайдағы  атақты  Телецк  көлінің  маңынан  да 
табылған.  Алтайда  мекендейтін  халықтар:  алтайлықтар  мен  жоңғарлардың 
тілінде аралардың тіршілігімен байланысты көне сөздер әлі сақталған. Осы және 
басқа  да  деректер  Алтайдың  Қазақстанға  жататын  бөлігінде  аралар  ерте 
заманнан-ақ тіршілік еткенін көрсетеді. Ресейдің белгілі зерттеушісі А. Новиков 
та осы көзқараста. Орыс ғалымы Яхонтов 1924 ж. былай деп жазған еді: «Азия 
араны тым көне заманнан біледі. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын алтайлықтар жа-
байы араны тауып, арасын өлтіріп, балы мен балауызын алып отырған. Араны 
қолға  үйретіп,  үй  жануары  етіп  алу  Алтайдың  жартылай  тағы  адамдарының 
қолынан келмеді. Басқа пікірлер де бар. XVIII ғасырға дейін жергілікті аралар 
Қазақстанда  ғана  емес  Сібірде  де  болмаған.  Ермак  жорығынан  кейін  Сібірге 
қоныс аударушылар араны кездестірмеген. Ресей жерінен Қазақстан жеріне осы 
жылдары қоныс аударушылар араны кездестірмеген. Ресей жерінен Қазақстан 
жеріне  осы  жылдары  қоныс  аударғандар  да  жергілікті  тұрғындардың  арамен 
айналысқандарын  көрмегендерін  айтады.  Үшінші  көзқарас:  Алтайда  жабайы 
аралардың  болуына  шәк келтірмеген  ара өсірудің  шаруашылық саласы болып 
қалыптасуы, тек қана араны басқа аймақтардан әкелген соң ғана қалыптасты. 
Сондықтан  жергілікті  аралардың  бұл  өзгеріске  ешқандай  әсері  жоқ. 
Мұрағаттардағы,  әдебиеттердегі  мәліметтер  әлі  толық  зерттеліп  жүйеленген 
жоқ. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысында XVIII ғасырда ара өсіруді қолға алған 
алғашқы  талпыныстар  болғандығы  туралы  ақпарат  бар.  Бірақ,  өкінішке  орай 
одан  нәтиже  шықпаған.  Сатып  алынған  аралар  жолда  өлген  немесе  алғашқы 
жылы-ақ қырылып қалған. И.В. Щеглов пен В.В. Небольсиннің 1849 ж. «Отандық 
жазбалар»  журналында  басылған  еңбегінде  Сібірде  ара  шаруашылығын  қолға 
алу  1776-1777  жж.  басталған  деп  жазылған.  Осы  жылдары  Сібірдің  шекара 
әскерлерінің  басшысы  генерал-майор  Скалон,  шекара  әскерінің  бас  дәрігері 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

205
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
Р. Беренстің ұсынысы бойынша, Башқұрстаннан Өскемен бекінісіне 30 ара ұясын 
әкелуге шешім шығарады. Бұл ара ұялары мемлекеттің меншігі болып саналып, 
бекініс коменданты оларды қазіргі Секисовка және Бобровка елді мекендерінің 
тұрғындарына  таратып  береді.  Алған  адамдардың  енжарлығынан  және  қысқы 
азық қорын қалдырмағандықтан бірінші қыста аралар қырылып қалады. Алтай 
араларының ата тегі Киевтен шығуы туралы деректер ел аузында да сақталып 
қалған. Бобровка және Секисовка елді мекендеріне жақын орналасқан Ульбин-
ское ауылының қарттарының аузынан жазып алған, Оңтүстік-Батыс Алтайдың 
белгілі зерттеушісі Д.Г. Панкратьевтің пікірінше бұл болжам шындыққа саяды. 
Шығыс  Қазақстанда  омарта  шаруашылығының  негізін  салушы  Өскемен 
қамалының  коменданты,  бригадир  Николай  Федорович  Аршеневский  деп 
есептеледі. 1783 ж. ол өзінің апайы Киев помещигіне арнаған хатында Өскемен 
маңындағы өсімдіктер дүниесі, берекелі өлкесі, өзінің ара өсіру ниеті барлығы 
жайлы жазады. Н.Ф. Аршеневский екі дюжна ара қалыптарын қызмет орнына 
жеткізуге  қолғабыс  жасауын,  сонымен  бірге  араларды  күту  ережелері  бар 
бірнеше дана кітап құрастыруды және бастыруды сұрайды. 1786 ж. Аршенев-
ский ата қонысынан екі дюжна ара қалыптары мен ара ұясы және ара өсіру жай-
лы нұсқаулықтар бар керуен Өскеменге келіп жетті. Араларды бағып қағумен ата 
қоныстан  келген  князь  аспазшысы,  сарай  шаруасы  болған  Эристова  Памфила 
айналысты. Бұл жазда әрбір қалыптағы ара ұясы жеті рой берді. Генерал Арше-
невский  өз  адамдарына  ара  ройларын  сатуға  және  әр  парынан  05  сом  қағаз 
ақшамен алуға бұйрық берді. Араны көбейту жайлы нұсқаулықты тегін таратты. 
Аршеневскийдің бастамасын шаруалар қабылдап алды. Ара шаруашылығы тез 
арада  дами  бастады.  Өскемен  қаласында  аймақтың  омарта  шаруашылығы 
байлығын паш ететін белгі қойылған. Кейіннен Өскемен қаласы Алтайдың рама-
лы  ара  шаруашылығының  Отанына  айналды.  Сондықтан  осы  1786  ж.  ресми 
түрде ара шаруашылығының пайда болу жылы деп есептейміз. Алғашқы арамен 
шұғылданушылар ара үйшігін жасауда аса қиындақтарға тап болған жоқ, өйткені 
оған қажетті ағаштар үйдің іргесінде өсіп тұрды. Ешбір шығынсыз үйшік жасай-
тын ағашты таңдап алушы еді. Сондықтан да ара шаруашылығымен айналасу 
аса тиімді болды. 1800 ж. Алтай Таулы – зауытты округінің есебінде: «Өскемен 
және  Крутоберезовский  болыстарында  ара  шаруашылығымен  айналасушылар 
саны күрт өсті», – делінген. 1818 ж. Колывано-Воскресенский таулы мекемесінің 
есебінде  (ол  барлық  Алтай  аймағын  қамтитын)  аймақтың  24  болысында  ара 
шаруашылықтары пайда болып, онымен 1,5 мың адам айналысады 40 мыңдай 
ара ұясы бар делінген. Қалыптар ағаш кесіндісінен жасалғандықтан бір нүктеде 
аса көп ара ұяларын ұстауға мүмкіндік береді. Бір омартада 500-800 ара ұялары 
ұсталған  кездер  де  болған,  ал  200-300  ара  ұясы  болуы  қалыпты  жағдайға 
айналған.  1812  ж.  Ульбинский  және  Феклистовкадан  жиналған  мыңдаған  пұт 
З.М. ҚҰСАИНОВА. 4 (72) 2016. Б. 203-210 
 
 
                   
                ISSN 1683-1667 

206
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Алтай  балы  алғашқы  рет  Ірбіт  жәрмеңкесіне  шығарылып,  дәмділігімен  және 
тағамдық  қасиеттері  жөнінен  басқа  өлкелердің  балымен  салыстырғанда 
әлдеқайда  басым  түсті.  Осы  жылдан  бастап  Ресей  балы  Сібірге  саудалануын 
тоқтатты.  Сібір  халқы  Алтай  балын  тұтынуға  біржола  көшті.  Алтай  балының 
атағы кең тарап кетті. Мыңдаған пұт Алтай балын Бұқтырма, Үлбі, Уба өзендері 
арқылы салмен Ертіске жеткізу, одан әрі Сібір және Ресей қалаларына жөнелту 
арашыларға оңай жұмыс емес еді. Тек қана 1834 ж. Бұқтырма бойынан алынған 
балдың мөлшері 12 мың пұтқа жетіп, Ірбіт жәрмеңкесіне жөнелтілді. Аралардың 
таралуы екі бағытта жүрді: Солтүстікте – Сібірге, Оңтүстікте – Жетісу мен Орта 
Азияға. 1800 ж. Томскіге әкелінді. Бұл туралы «Орыс ара шаруашылығына 1000 
жыл» жылнамасында зерттеуші В.В. Поповтың еңбектерінен білеміз. Ол былай 
деп жазды: «1803 ж. Томскінің тоғышары В. Петров пен С. Дуленов, Д. Лажни-
ков  және  А.  Антипин  Томск  округінде  ара  шаруашылығын  ашып,  1800  ж. 
Өскеменнен  әкелінген  аралардан  жақсы  нәтиже  көрсеткендері  үшін  күміс  ме-
дальмен марапатталды». Ол туралы аса жоғары мәртебелінің жарлығымен газет-
терге жарияланды. 1802 ж. аралар Енисей губерниясының Ачинск уезінде, 1806 
жылы  Тобольск  уезінде,  1823  ж.  Красноярск  қаласының  маңына  таратылды. 
Сөйтіп,  XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында  Батыс-Сібірдің  көптеген 
аймақтарында дами бастады. Біртіндеп ара шаруашылығы шығысқа қарай тара-
лып, 1859 ж. Байкал көлінен өтіп, 1869 ж. Амур өзені бойына, 1890 ж. Оңтүстік 
Уссури аймағына жеткізілді. Ал оңтүстік жаққа Өскемен уезінен тысқары ара 
шаруашылығы тек қана 1848-1850 жж. тарала бастады. Бұған себепкер болған: 
Томск губерниясының Бийск әскери шебінің орын ауыстыруы. Алдымен Жетісу 
болысының Қапал қаласына әкелінді. Одан кейін казактардың жылжуына сәйкес, 
күшейтілген әскери қалашық Верныйға (қазіргі Алматы) жеткізілді. Тянь-Шань 
тау  сілемдерінің  Алтай  сияқты,  табиғи-климаттық  жағдайлары  қанатты 
көшпенділерге жайлы тиді. Сондықтан аз жылдар ішінде ара шаруашылығы тек 
қана  Жоңғар  және  Іле  Алатауына  ғана  емес,  Ыстық  көлге  де  жетті.  Ара 
шаруашылығының  сол  кездегі  даму  деңгейі  Лепсі,  Верный  уездерінде  және 
Пржевальскіде өзінің шарықтау шегіне жетті. Жетісудан Орта Азия аймақтарына 
да тез таралды 1872 жылы Ташкентке, ал 1894 жылы Бұхараға жетті. 
Қазіргі  Шығыс  Қазақстан  және  Павлодар  облыстарының  аумағын 
алып жатқан Семей губерниясында кеңес өкіметі орнаған кезде, яғни 1922 ж. 
80929  ара  ұясы  бар  еді.  Отызыншы  жылдары  басталған  ауылшаруашылығын 
ұжымдастыру науқаны кезінде қауымдастырылған жүйеге көп өзгерістер жаса-
лып, қайта құрылды. Қарапайым кооперативтік бірлестіктер жабылып, орнына 
ұжымшарлар келді. Араларды ұстаудың осындай ұжымдық түріне 1930-1932 жж. 
Шығыс Қазақстанның көптеген арашылары көшті. 1930-1934 жж. Қазақстанның 
Ертісі аймағында ара шаруашылығының ұжымшарлық әдісінің кең етек жаюы 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

207
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
десе де болады. Ұжымшарлардағы ара ұяларының саны 2 есе артты. Егер 1931 
ж. ұя саны 33700 болса, 1934 ж. 60 мыңнан асты. 1934 ж. желтоқсан айындағы 
мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстандағы 606 ұжымшардың 243-інде омарталар 
болды. Оларда 59282 рамалы ұя және 1242 бітеу ағаш ұялары бар еді. Рамалы 
ұяларға көшу, жаңа құрал-жабдықтар мен ғылым жетістіктерін пайдалану күрт 
өрге басты. 1937 ж. бітеу ағаш ұялары Қазақстанда құрып бітті.
Біріктірілген  ірі  шаруашылықтарда  омарталар  үнемі  мамандардың 
бақылауында  болып,  қажетті  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етіліп  отырды. 
Осындай шаралар ара шаруашылығының тез дамуына ықпал етті. Сан жағынан 
өсіп,  халық  шаруашылығының  маңызды,  пайдалы  саласы  болып  қалыптасты. 
1940 ж. Шығыс Қазақстан облысында 133717 ұя, Семей облысында 12459 ара 
ұясы болды.
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  ара  ұяларының  саны  белгілі  себептерге 
байланысты азайып, 1949 ж. азаю үрдісі тоқтатылды. 1951 ж. Шығыс Қазақстан 
облысында  145408  ара  ұясы,  Семейде  15752-ге  жетті.  5-6  бесжылдықтарда, 
ауылшаруашылығын  қайта  құру  кезеңінде,  ұсақ,  әрі  аз  табысты  ұжымшарлар 
біріктіріліп,  осылардың  негізінде  ірілендірілген  астық  өндіруге  және  етті-
сүтті бағыттағы мал шаруашылығы мемлекеттік кәсіпорындары құрылды. Ара 
шаруашылығы назардан тыс қалып, ара ұяларының саны күрт азайып кетті, 1959 
ж. ұя саны 81185-ке дейін түсіп кетті.
Осы  жағдайда  Шығыс  Қазақстандағы  омарталардың  күйі  қорқыныш 
ұялататын халге жетті. Осы көзде ғана ірілендірілген ара шаруашылықтарының 
ауа райының қолайсыз жағдайына төтеп бере алатындығы дәлелденді. Мұндай 
мамандандырылған  шаруашылықтың  басшылары,  арадан  түсетін  табыс 
шаруашылық экономикасына оң әсер ететіндіктен, қатты көңіл бөлуге мәжбүр 
болатын. Ірілендірілген ара шаруашылықтарында тәжірибелі мамандар жұмыс 
істейтін, жеткілікті мөлшерде көлік бөлінетін. Ірі шаруашылықтарға дер кезінде 
қосымша азық алу, жасанды балауыз алу, үйшіктерді жаңалау, омартаны жаңа 
жерге көшіру т.б. жұмыстар жеңіл тиетін. Қажетті құрал-саймандарды уақытында 
жеткізуді бригада басшысы қамтамасыз ететін. 
Елiмiз  1991  жылға  дейiн  Кеңес  Одағы  бойынша  бал  шығарудан  Ресей, 
Украина, Беларусьтан кейiнгi төртiншi орында болды. Жапония, Оңтүстiк Ко-
рея, сондай-ақ Германия бастаған бiрқатар Еуропа мемлекеттерi 50 мың тонна 
бал шығарады. Елімізде ара шаруашышылығын дамыту мақсатында Қазақстан 
Республикасы  Президентi  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Индустриалды  инно-
вациялық  дамуы  –  2020»  бағдарламасына  орай  ҚР  тұңғыш  үкiмет  басшысы 
болған Сергей Александрович Терещенконың бастамасымен 2011 ж. «Қазақстан 
омарташыларының ұлттық одағы» кұрылған болатын. «Бал-Ара» омарташылар 
ұлттық одағының негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасы омарташы ларының 
З.М. ҚҰСАИНОВА. 4 (72) 2016. Б. 203-210 
 
 
                   
                ISSN 1683-1667 

208
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қызметтерiн бiрлесе жүргiзiп, заманауи омарташылық технологияларды енгiзу 
мәселелерi  бойынша  отандық  және  шетелдiк  ғылыми  мекемелермен  өзара 
қарым-қатынас  орнату,  тозаңдату  арқылы  ауылшаруашылық  дақыл дарының 
өнiмдiлiгiн орта есеппен 25-30%-ға арттыру. Республика бойынша бал арасының 
отбасын 2 миллионға жеткiзу. Салалық ауыл шаруашылық органдарымен өзара 
қарым-қатынасты қалыптастыру, мамандар даярлау саясатын жолға қою. Соны-
мен  қатар  отандастарымыздың  денсаулығына  пайдалы  табиғи  таза  өнiм  берiп 
қана қоймай, алдағы он жылдың iшiнде бал өндiретiн 10 iрi елдiң қатарына кiру 
болып табылады. 2011 ж. Буэнос-Айрес қаласында дүниежүзiлiк омарташылар 
қауым дастығының жиыны болды. Апимондияның 42 конгресiне отандық омар-
ташылар да қаты сып, сол қауымдастыққа мүше болып қабылданды. 
Елiмiздiң  шығыс  өңiрiнде  омарташы  шаруашылығы  қарқынды  дамыған. 
Шығыс  Қазақстан  облысының  әкiмдiгiмен  бiрлесiп  үш  жыл  қатарынан 
Халықаралық бал жәрмеңкесi өткiзiлiп келедi. Аталған жәрмеңкеге бiраз мемле-
кеттерден делегаттар қатысып жүр. Мәселен, III Халықаралық бал жәрмеңкесiне 
арнайы шақыртумен Апимондия президентi Жиль Ратия қатысқан болатын. Апи-
мондия президентi Қазақстан табиғатының тамашалығына тәнтi болып, жасалы-
нып жатқан мүмкiндiктердiң арқасында Қазақстан алдыңғы қатарлы бал өндiрушi 
мемлекет  болатынына  сенiмдi  екенiн  жеткiзген  едi.  Омарташылардың  ұлттық 
одағының  ұйымдастыруымен  Жиль  Ратия  омарташыларға  «Омарташылықтың 
дамуы, эко логияның бал арасына әсерi және қаупi» туралы дәрiс бердi. Омарта-
шы ларымыздың бiлiмiн көтеру барысында Израильден, Ресей ден оқытушылар 
келiп,  семинар-лекциялар  өткiздi.  Мұндай  семинарларға  облыс тық  омарта-
шылар қауым дастығынан өкiлдер, әр облыстардан келген омарташылар келiп, 
бiлiмдерiн толықтады.
Үшінші  рет  өткен  бал  фес ти ва лі не  алыстан  ат  арытып  бал  мерекесінде 
Қытай, Ре сей, Ук раина, Корея, Израиль, Түркия, Гре кия, Ита лия, Румыния, Поль-
ша,  Өз бекстан,  Тә жік стан,  Қырғызстан,  Мол дова,  Лит ва  ғы лы ми-зерттеу  ин-
ституттары, ара өсі ру ші лер қауымдастығы мен одақтардың өкіл дері бас қосты. 
Шығыс Қазақстан об лы сының және басқа да аймақтардың ара өсі рушілері де 
жиыннан қалыс қалмады. 
Айта кеткен жөн, ІІІ халықаралық бал фес тивалінің бағдарламасы ауқымды 
бол ды. Шығыс Қазақстандағы ауыл шар уа шы лығы ғылыми-зерттеу институты 
базасында ше берлік сыныбы өткізіліп, оның соңынан қо нақтар Ұлан ауданындағы 
Донское ауы лын дағы «Назаренко» шаруа қожалығының жұмыс тәжірибесімен 
танысты. «Алтай» технопаркіндегі «Шығыс Қа зақ стандағы ара өсіру ісі: тарихы, 
бүгіні мен ертеңі» деген тақырыпта көрме өт кі зіл ді. Ал «Ара өсіру ісіне замана-
уи тех но ло гияларды енгізу және аралардың ге нофондын сақтау» тақырыбында 
өткен жиын көп мәселенің басын ашты. Бұл жиында «Қазақстандағы бал ара-
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

209
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
сы»  кіта бы ның  тұсаукесері  қоса  өтті.  Айта  кету  ке рек,  бұл  еңбек  Қазақстан 
Республикасы  Тұң ғыш  Президенті  қорының  жәрдем  көр сетуімен,  «Экология 
– өмір сапасын арт ты рудағы ма ңызды құрам» жобасының ая сында жарық көр-
ді.  Еуразия  құрлығынан  кел ген  17  мемле кеттің  өкілдері  ІІІ  халық ара лық  бал 
фестивалінің әлемдік қа уым дастыққа арнаған үндеуін қа былдады. Үндеуде мы-
надай мәселелерге ба сым дық беріліпті: біріншіден, араның ге не ти ка лық түр ле-
рін сақтауға арналған бағ дар ла маларға ат салысу, қуат үнемдейтін тех  нологиялар 
есе бінен  климаттың  өз ге ріс ке  ұшырауына  қарсы  күресу;  екіншіден,  ара  өсіру 
шаруа шы лығын  көтеру  арқылы  жер  бетіндегі  кедейшілікпен  күресу,  ауыл ды 
жерлерде ара өсіру кәсібіне баулу, осы мақ сатта жаңа жұмыс орындарын ашу; 
үшін шіден, ара шаруашылығындағы бал өні м дерінің дүниежүзілік стандартын 
әзір леп, енгізу, ол үшін осы сала мамандарының ба сын біріктіру. Бас қосудың 
соңында  «Апимондия»  халық аралық  ара  өсірушілер  бірлестігі  фе дерациясы 
мен «Бал-Ара» ұлттық одағы, сон дай-ақ Шы ғыс Қазақстан облысы әкім шілігі 
арасындағы меморандумға қол қо йылды. Қазіргі уақытта облыс аумағында «Ба-
гра тион», «Пасека», «Айтас» ара орталығы, «Кристалл», «Ағайынды Назарен-
колар омар тасы» сияқты жұрт арасында бұ рын нан таны мал қожалықтар жұмыс 
істейді. 
2010 жылдан Шығыс Қазақстанда «Алтай балы» халықаралық фестивалі 
өткізілді. «Күз тартуы» мерекелік саудасы, түрлі кездесулер, кеңестер мен семи-
нарлар ұйымдастыру, кәсіпкерлер мен ғалымдар арасында ынтымақтастық тура-
лы келісімшарттар, меморандумдар жасау кеңінен жолға қойыла бастады. Осын-
дай  келісімшарттардың  бірі  Қытай  елімен  жасалды.  Көрші  мемлекет  Шығыс 
Қазақстанда өндірілген мың тонна балға алдын ала тапсырыс берді. Іргеміздегі 
Қырғызстан әлемге бал экспорттауды жолға қойып отырғанда, Алтай балының 
шетелге шығарылмауы үлкен сын. Бұл ретте өңірдегі белгілі бал өндірушілердің 
бірі  саналатын  «Пасека»  шаруашылығы  алдағы  уақытта  Қытайдың  Үрімжі 
шаһарында бал орталығын ашуды көздеп отыр. Өңірдегі бал өнімі Малайзияға 
да  экспортталмақ.  Сондай-ақ  қазақстандық  омарташылар  Бүкіләлемдік  «Апи-
мондия» омарташылар федерациясы ұйымына, «Еуразиялық омарташылар клу-
бы»  қауымдастығына  мүше  болды.  Омарта  шаруашылығымен  айналысатын 
шаруашылық  басшылары  Ресей  мен  Украина  елінің  омарташыларына  барып 
тәжірибе алмасып қайтты. 2013 ж. 28 маусымда шығысқазақстандық омарташы-
лар Киев қаласында өткен омарта шаруашылықтарының бүкіләлемдік конгресіне 
қатысты. 
Осыдан  200  жылдай  бұрын  Шығыс  Қазақстанда  пайда  болған  ара 
шаруашылығы  Қазақстанның  Оңтүстік-шығыс,  Оңтүстік,  Солтүстік,  Орталық 
аймақтарына таралды. Қазақстанның қазіргі 14 облысының 11-де ара бар; тек 
қана Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жоқ. Ара шаруашылығының 
З.М. ҚҰСАИНОВА. 4 (72) 2016. Б. 203-210 
 
 
                   
                ISSN 1683-1667 

210
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
дамуы  жөнінен  Шығыс  Қазақстан  жетекші  орында.  Қазақстанның  барлық 
араларының 75% жуығы Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Бұл саланың маңызды 
экономикалық көрсеткішін бал, балауыз, гүл тозаңы, ара уы, аналық сүт сияқты 
өнімдерді өндіру арқылы арттыруға болады. ҚР аумағында бал ара өндірісі үшін 
қажетті  құрал-жабдықтарды  дайындаумен  айналысатын  кәсіпорындар  мүлдем 
жоқ, сондықтан мемлекетте қазіргі заман талаптарына сай жаңа технологиялық 
жабдықтар шығаратын ұйымдар қажет. Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру 
үшін омарташылардың инновациялық кластерлік ұйымдарын құру жолымен бал 
ара шаруашылығы жүйесін түрлендіру бойынша зор күш салу қажет. Шетелдік 
дәрілердің тым қымбат бағасы, іс жүзінде бұл дәрілерді қарапайым адамдардың 
пайдалана алмауы, осы дәрілерді алмастыру жолдарын қарастыруға мәжбүр етеді. 
Бұл  орайда  ара  өнімдері,  олардың  қоспалары,  биологиялық  белсенді  өнімдері 
–  таптырмас  алмастырғыштар.  Ара  шаруашылығы  –  ауылшаруашылығының 
барлық  салаларымен  салыстырғанда  қаржыны  аз  шығындайтын  сала.  Оның 
үстіне арашының үнемі омартада болуы міндетті емес, белгілі бір уақытта келіп 
ағымдағы жұмыстарын атқарса жетіп жатыр. Сондықтаң ара шаруашылығы ірі 
бизнес ұйымдастыруға да, қосымша табыс көзі ретінде де пайдалы. Әуесқой ара 
шаруашылығы  адамды  қызықтырып,  қанағаттану  сезімін,  қуаныш,  күш-қуат, 
денсаулық сыйлайтынын ұмытпауымыз керек. Қазақстан Республикасының ара 
шаруашылығының дамуына оң әсер етуге тиіс «Қазақстан Республикасының ара 
шаруашылығы туралы Заңы» қабылданды. 
Қазақстан  жері  әлі  пайдаланылмаған  бал  беретін  өсімдіктердің  қорына 
бай. Осыны пайдалану бал өндірісін бірнеше есе арттыруға жеткізеді. Осындай 
табиғаттың  байлық  қоры  тек  ішкі  сұранысты  ғана  емес,  басқа  елдерге  де  ара 
шаруашылығы өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Риб Р.Д. Пчеловоду Сибири и Казахстана / Р.Д. Риб. – Усть-Каменогорск: Ме-
диа-Альянс, 2006. – 447 с.
2. Риб Р.Д. Пчеловоду Казахстана / Р.Д. Риб. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 
2012. – 776 с.
3. Риб Р.Д. Разведение и содержание пчел / Р.Д. Риб. – Усть-Каменогорск: Реклам-
ный Дайджест , 2013. – 594 с.
4. www.akimvko.gov.kzkz /region/
REFERENGES
1.  Rib R.D., Pchelovodu Sibiri i Kazahstana. R.D. Rib. Ust’ Kamenogorsk . Media, 
Al’jans, 2006, 447 (in Russ).
2.  Rib R.D., Pchelovodu Kazahstana. R.D. Rib. Ust’ Kamenogorsk . Media, Al’jans, 
2012, 776 (in Russ).
3.  Rib R.D., Razvedenie i soderzhanie pchel. R.D. Rib. Ust’ Kamenogorsk. Reklamnyj 
Dajdzhest , 2013, 594 (in Russ).
4. 
www.akimvko.gov.kzkz
 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

211
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
ӘОЖ 821.512.122.09

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет