Региональный вестник Востока


A.M. КАРТАЕВА, А.М. ҚАЙЫРБАЕВА



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата03.03.2017
өлшемі8,98 Mb.
#7195
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

A.M. КАРТАЕВА, А.М. ҚАЙЫРБАЕВА 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Өскемен қ., Қазақстан
М. ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫНЫҢ 
ШЕТЕЛДЕРГЕ ТАНЫЛУЫ
Мақалада  М.  Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясының  алғаш  дүниежүзіне 
таралуы  мен  бүгінге  дейін  әлемге  танылып,  бағаланып  келе  жатқан  құндылығы  сөз 
болады.  «Абай  жолы»  эпопеясының  жүзден  аса  тілдерге  тәржімаланғаны  мен  қазіргі 
аударылу  жайы  қарастырылады.  Эпопеяның  бүгінгі  күнде  шетелдерде  танылуы  мен 
зерттелу мәселелері зерделенеді.
Түйін сөздер: тарихи роман, эпикалық роман, энциклопедия, тетралогия, аударма, 
қазақ әдебиеті, фольклоры.
ИЗВЕСТНОСТЬ РОМАНА-ЭПОПЕИ МУХТАРА АУЭЗОВА  
«ПУТЬ АБАЯ» ЗА РУБЕЖОМ
В статье рассказывается о том, как впервые роман-эпопея Мухтара Ауэзова «Путь 
Абая»  приобрел  мировую  славу,  признанную  во  всем  мире  и  по  сей  день  имеющий 
значимость. Рассматриваются переводы эпопеи «Путь Абая» более чем на сто языков 
народов мира и нынешнее состояние перевода. Также изучаются вопросы признания 
эпопеи за рубежом в настоящее время и проблемы его исследования.
Ключевые  слова:  исторический  роман,  энциклопедия,  тетралогия,  перевод, 
казахская литература, фольклор.
«THE PATH OF ABAY» 

 THE EPIC NOVEL WRITTEN BY M. AUEZOV, 
AND ITS POPULARIZATION IN FOREIGN COUNTRIES
Article told about the popularization of  epic novel around  the world  and  it’s  highly 
appreciated value. Also, it was told that «The path of Abay» was translated into more than 
hundred of languages and it’s current translational status was discussed. Present recognition of 
epic novel in foreign countries, as well as, the issue of studying it were conceived in the article.
Keywords: historical novel, epic novel, encyclopedia, tetralogy, translation, Kazakh 
literature, folklore.
«Абай  жолы»  –  қазақтың  көркем  прозасын  классикалық  деңгейіне 
көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. М. Әуезов өзінің 
роман-эпопеясында  қазақ  халқын,  оның  ұлттық  дәстүрін  барлық  қырынан 
энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. М. Әуезовтің «Абай жолы» 
роман-эпопеясы  әлемдік  деңгейде  «XX  ғасырдағы  ең  үздік  шығармалардың 
бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. М. Әуезов өзінің төрт томдық «Абай 
жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді, өз отандастарына, керек десеңіз, 
A.M. КАРТАЕВА, А.М. ҚАЙЫРБАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 211-218 
                   
                ISSN 1683-1667 

212
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
тіпті  қазақтардың  өзіне  қазақ  дегеннің  кім  екенін  танытты.  Дәлірек  айтқанда, 
қазақ  халқының  ұлылығын  –  оның  өткен  өмірін-тарихын,  тарихының  түбірлі 
кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық һәм шығармашылық дәуірлерді 
ғажайып  көркемдік  күшпен  жарқыратып,  ашып,  жан-жақты  айқындап,  терең 
түсіндіріп  береді.  Сондықтан  да,  «Абай  жолын»  оқыған  Бенжамен  Матип: 
«Қазақ  неткен  ғажайып  халық»,  –  деп  өзін-өзі  ұмыта  таңырқаса,  Константин 
Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде 
Л.Н.  Толстойды  оқымай  орысты,  О.  Бальзакты  оқымай  французды  білдім  деу 
қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.
Қазақ  эпопеясының  өміртанытқыштық  және  көркемдік  қасиеттерінің 
маңызды көрсеткішінің бірі – оның әлдеқашан Отан шеңберінен асып, әлемге 
жайылған даңқының жылдан-жылға артуы.
Орыс тілінде аударылған «Абай жолы» эпопеясы іле-шала барлық туысқан 
республикалардың тілдеріне аударылды да, соңынан неміс, ағылшын, француз, 
венгер,  моңғол,  чех,  вьетнам,  грек,  бельгия,  румын,  болгар,  поляк  тағы  басқа 
көптеген көптеген дүние жүзі халықтарының тілдерінде басылып шықты. «Абай 
жолының» алғашқы аудармашысы – әйгілі орыс жазушысы Леонид Соболев.
Бұл  күнде  Абай  жайындағы  қазақ  эпопеясының  барған  сайын  жаңа 
оқырмандарын  тауып,  жер  шарын  түгел  шарлап  кетті.  «Революцияға  дейінгі 
қазақ  өмірінің  энциклопедиясы»  деп  танылған  «Абай  жолы»  эпопеясы  дүние 
жүзін аралап, көпке дейін беймәлім болып келген қазақ халқының атақ-даңқын 
бұл күнде бүкіл әлемге танытуда.
Әуезовті алғаш заманымыздың ұлы жазушыларының бірі деп таныған Луи 
Арагонның, сондай-ақ Андре Стильдің «Юманите» газетіндегі мақалаларынан 
бөлек, өзге де әйгілі авторлардың пікірін, бағаларын келтіруге болады. 
Әуезовтің ғажап туындысы туралы Австрияның «Век ун циль» журналы, 
Швейцарияның  «Фарверте»  газеті,  румынның  «Газетта  литерарна»  газеті, 
немістің «Дер библиотекарь» журналы, тағы басқалары сүйсіне жазды.
Мұхтар  Әуезов  қазақ  әдебиетінде  теңдесі  жоқ  «Абай  жолы»  романын 
кемелденген  көркем  сөз  шебері  ретінде  социалистік  реализм  әдісін  меңгеріп, 
творчестволық күш-қуаты шарықтап тұрған шағында жазып бітірді [1].
«Абай жолының» даңқы жер жаһанға жайылған. Қазір бұл эпопея жүзден 
астам тілге аударылып, дүние жүзілік оқырманның да игілігіне айналып отыр. 
М. Әуезов шығармасы барлық елдерде де зор абырой-атаққа ие болып келеді.
Француздың атақты жазушысы Луи Арагон М. Әуезов туралы: «Эпикалық 
роман «Абай», менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі», – 
деген [2].
Ал Альфред Курелланың мына тұжырымдары «Абай жолының» ғажайып 
қасиеттерін тереңдетіп түсінуге жетелейді: «Сіз әлі «Абайды» оқыған жоқсыз 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

213
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
ба? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз. Бұл – таңғажайып, бұл – керемет!» 
[3].
Али Аббас Чинар, Түркия ғалымы: «Қазақ мәдениеті, қазақтың ұлы ақыны 
Абай, жазушысы Мұхтар Әуезов және оның «Абай жолы» романы – біртектес 
егіз ұғымдар, олар бірін-бірі жалғастырады. Мұхтар Әуезовтың өмірі жоспарлы, 
ешнәрсені  назардан  тыс  қалдырмаған.  Өзінің  мақсаттарын  әу  бастан  белгілеп 
алады  және  осы  мақсаттарды  жүзеге  асыруға  қадамдар  жасайды.  Ең  қажетті 
мақсаттарының бірі – қазақ халқының және қазақ әдебиетін басқа елге таныту, 
таныстыру» [4].
Арман Гатти, Франция: «Мұхтар Әуезовтің қаламымен Абайдың өмірбаяны, 
құрдымға  кетер  қарсаңындағы  қазақтың  феодалдық-рулық  қоғамының  өмірін 
бейнелейтін орасан асқақ көркем шығармаға айналды...».
Герберт  Кремпиен,  Германия:  «Жазушы  және  филолог  Мұхтар  Әуезов 
тамаша кітап жазумен қатар, бізге белгісіз жаңа әлемді ашты... Әуезовтің романы 
– талғампаз оқырманның өмірінде үлкен оқиғаға айналатын туынды» [5].
Жан  Спангаро,  Франция:  «Өткен  күндердің  ащы  да  сиқырлы  жұпарына 
толы Мұхтар Әуезовтің тарихи романы біржола болашаққа ұмтылады». Жорж 
Буйон, Франция: «Ұлттық сана-сезімді көрсете білген ақын бақытты, және өз 
ақынын аса шынайы да қалтықсыз мадықтағын халық бақытты».
Л. Миннегулов, Татарстан: «Қыпшақ компоненті қазақтар мен татарлардың 
этногенезінде (тегінде) үлкен рөл атқарады. Оның жеке тұлғасы мен шығармалары 
біздің  заманымыздағы  көптеген  халықтар  үшін  орасан  үлкен  маңызға  ие.. 
Мұхтар  Әуезов  эпопеясының  игі  әсерінің  арқасында  XX  ғасырдың  екінші 
жартысында  татар  әдебиетінде  тарихи  роман  жанры  жандана  түсті...  Мұхтар 
Әуезов қазақ халқының, Тәуелсіз Қазақстанның рәміздерінің (нышандарының) 
біріне айналды» [6].
Лазиз  Каюмов,  Өзбекстан:  «Мұхтар  Әуезов  –  түркі  тілді  мәдениеттің 
жарқын  жұлдыздарының  бірі.  Әуезовтің  тамаша  таланты  бұған  дейін  ешкім 
суреттемеген  ауыл  мен  даланың  аса  көп  көріністерімен  әдебиетті  байытты. 
Абайды  асқан  сүйіспеншілікпен  өмірге  енгізгені  соншалық,  ол  адамзатың 
жадында мәңгі қалып қойды. Осы эпопея – туған халқы мен оның дана перзенті 
Абайға орнатқан ең озық ескерткішке жатады».
Мирей Борис, Франция: «Мұхтар Әуезов ақын жанды адам. Ол суреткер 
ретінде  өзінің  даласын,  өзінің  таулары  мен  өз  елінің  адамдарын  жаңғыртады. 
Реми  Дор,  Франция:  «1942  жылы  «Абай  жолы»  романының  жариялануы 
Әуезовтің  даңқын  бүкіл  әлемге  жайды.  Француз  басылымының  алғысөзінде 
Арагон  жазғандай,  «роман  XX  ғасырдағы  аса  жоғары  туындылардың  бірі.  Ол 
ойлар мен бейнелердің тұтас әлемін қамтиды» [6].
Су  Чжоу  Сюнь:  «Абай»  және  «Абай  жолы»  романдары  жазушының  көп 
A.M. КАРТАЕВА, А.М. ҚАЙЫРБАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 211-218 
                   
                ISSN 1683-1667 

214
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
жылдық  еңбектерінің  нәтижесі  болып  табылатын  аяқталған  шығармалар. 
Романдағы негізгі кейіпкерлер де, сюжеті мен құрылымы да шымыр. Абай туралы 
осы романды әрі бай, әрі терең мазмұны, оқиғаларды кең қамтуы бойынша нық 
сеніммен эпикалық шығарма деп атауға болады» [7].
Тома  Георге  Майореску:  «Абай  жолы,  оның  ән-жырының  жолы  –  қазақ 
халқының жолы».
Томас  Виннер:  «Мұхтар  Әуезов  –  қазақтың  халық  драмасын  дамытуға 
бәрінен  көп  үлес  қосқан  және  ең  көрнекті  қазақ  драматургі,  прозашысына 
айналған  жазушылардың  бірі.  Қазір  ол  өзінің  эпикалық  «Абай»  романы  және 
қазақ әдебиеті мен фольклорының тарихына қосқан үлесінің арқасында кеңінен 
танылды...  «Абай»  өмірбаяндық  романнан  кең  ауқымдағы  шығарма.  Ол  – 
Абайдың  руы-тобықтыда  шамамен  1858-1887  жж.  болған  оқиғалардың  және 
Абай  өмірінің  тұсындағы  XIX  ғасырдың  соңындағы  қазақ  қоғамының  жан-
жақты зерттеуі».
Пәкістан, Фахар Заман: «Мұхтар Әуезов – қазақ жерінің ұлы жазушысы, 
академик-ғалымы,  ол  әдебиеттің  түрлі  жанрларын  керемет  дамыта  білген 
кемеңгер тұлға. Оның шығармашылығы әлемнің бір бөлігімен ғана шектелмейді. 
Кеңістікті уақыттық межелерді ысырып тастаған ол, бүкіл әдемілікті, игілік пен 
жоғары  мәдениетті  паш  ететін  феноменге  айналды.  Пәкістандықтар  Әуезовті 
ойшыл, ғалым, интеллектуал ретінде құрмет тұтады. Ол өз халқының мүдделерін 
таза да шынайы көрсете білген жан».
Испания,  Федерико  Майор:  «Әуезовтің  ұлы  жазушы,  терең  білімдар,  өз 
заманының айнасы, адамзат баласы сол арқылы өткен, оның өзі де осы қыспақта 
болған тұлға екені даусыз. Ол қазақтың әдеби қайраткері, XIX ғасырдағы ақыны 
және  философы  ұлы  Абайдың  шығармашылығын  зерделеуді  алғашқылардың 
бірі болып қолға алды, біз Абайдың 150 жылдығын 1995 жылы атап өттік».
Чехия  Республикасы,  Франтишек  Соукуп:  «Мұхтар  Әуезовтің  «Абай» 
романын қазақтың ұлы ағартушысы және реалистік қазақ поэзиясының негізін 
қалаушы  Абай  Құнанбаевтың  өмірбаянын  көркем  суреттеу  ретінде  ішінара 
ғана  қарауға  болады.  Осы  өмірбаяндық  романның  мағынасы  әлдеқайда 
кең,  ол  –  қазақтардың  өмірінің,  ғұрыптары  мен  мәдениетінің  нағыз  әдеби 
энциклопедиясы». 
Франция,  Шанталь  Лемерсье-Келькежей:  «Әр  халықтың  өзінің  рәміздік 
(нышандық) тұлғалары бар».
Германия, Эрих Мюллер: «Эпикалық шығармалар жазған және драматург 
Мұхтар Әуезов, Генрих Манн сияқты ұлы сәуегей және суреткер жан. Дарын иесі 
Қазақстанды  тұмшалаған  феодалдық  дәуірдің  шымылдығын  көтерген  сияқты; 
бізде «Таң алдында» деген атпен шыққан «Абай» романы осылайша жарық көрді. 
Ағартушы және қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың бейнесі айшықты да 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

215
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
әсерлі көрсетіледі... Егер Гете мен Гейне, Зегерс пен Бредель алыс Қазақстаннан 
екінші әдеби отанын тапса, ал М. Әуезов «Таң алдында» романы арқылы біздің 
жерімізге өзі үшін берік киіз үй тікті» [7].
Мәңгі құндылықтар кім, оған мүдделі болса және оның кілтін таба білсе, 
соған ғана есігін айқара ашады. «Абай жолы» романы қалың оқырманның кең 
ауқымдағы халықаралық қызығушылығын туындатты. Ұлы шығарма алдымен 
орыс  тіліне,  содан  кейін  негізінен  орыс  тілді  нұсқасынан  әлемнің  көптеген 
тілдеріне  тәржімаланды.  Тетрология  тікелей  түпнұсқалық  тілден  қытай  және 
бірқатар түрік тілдеріне аударылды [7].
Ұлы  Абайдың  150  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  жарық  көрген 
«Абай  энциклопедиясында»  М.  Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясы  дүниежүзі 
халықтарының 116 тіліне аударылған» деген дерек бар.
2007  ж.  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясын  жаңа  нұсқада 
орыс  тіліне  аударған  –  Анатолий  Ким.  Бұған  дейін  аталған  үлкен  шығарма 
кезінде  Кеңес  өкіметінің  қатаң  қадағалауымен  аударылған  еді.  Ал  Анатолий 
Кимнің нұсқасындағы «Абай жолының» жаңа аудармасы барынша түпнұсқаға 
жақындатылып,  оқырманның  эпопеяға  жаңа  бір  қырынан  қарауына  ықпал 
етті.  Қазақ  жерінде  дүниеге  келген  Анатолий  Ким  –  кәріс  қаламгері,  бірнеше 
кітаптардың  авторы.  Көпшілік  қауымға  оның  есімі  қазақ  қаламгерлерін  орыс 
тіліне  аударып  жүрген  жазушы  ретінде  жақсы  таныс.  Ол  қазақтың  белгілі 
қаламгерлері  Әбдіжәмил  Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»  романы  мен  Әбіш 
Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романын орыстілді оқырмандарға жеткізген. 
«Абай  жолы»  эпопеясының  қытай  тіліне  аударған  –  ҚХР  қоғамдық 
ғалымдар академиясына қарасты Ұлттар әдебиеті ғылыми-зерттеу институтының 
қызметкері, белгілі қытай ғалымы Хабай мырза мен оның зайыбы Гао Шуньфан 
ханым. Ол өзінің бүкіл өмірін осы Абай шығармаларын зерттеп, қытай тіліне 
аударуға арнап келеді. 
Кезінде  қазақ  өмірінің  энциклопедиясы  саналған,  ал  қытай  тіліне 
аударғанда  1,4  миллион  иероглиф  таңбасы  қолданылған  бұл  ұланғайыр  еңбек 
қытай  халқының  Абай  мұрасымен,  қазақ  халқының  өткен  тарихы  мен  етене 
танысуына,  ақын  шығармашылығын  ғылыми  тұрғыдан  тереңірек  зерттеп 
беруге,  ең  бастысы,  екі  халықтың  бүгінігі  қарым-қатынасына  мықты  дәнекер 
болатынына ешқандай күмән жоқ [7].
Қытай қазақтары «Абай жолы» роман-эпопеясын тұңғыш рет 80 сағаттан 
тұратын аудиокітап қылып шығарып, тағы да бір ерледі.
 
«Қазақ радиосының» 
ардагер дикторы Аманжан Еңсебайұлының М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын 
оқыған сексен сағаттық аудиосы тамаша дүние.
Қайрат Нәбиұлы, қытайлық ғалым, журналист: 
–  Мұхтар  Әуезовтің  бір  ғана  «Абай  жолы»  романы  Қытайда  қазақ 
A.M. КАРТАЕВА, А.М. ҚАЙЫРБАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 211-218 
                   
                ISSN 1683-1667 

216
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
тілінде  жеті  рет  қайта  басылыпты.  Жазушының  110  жылдығында  Қытайдан 
әр  жылдары  шыққан  18  кітабын  әкеліп,  көрмеге  қойылды.  Тәуелсіздіктің  20 
жылдығына Қазақстанға тарту ретінде не дайындаймыз дегенде, таңдау «Абай 
жолын»  аудиокітап  қылып  шығаруға  түсті.  Мұның  бәрі  Қытайдың  аймақтық 
билік  басындағы  көзіқарақты  қазақ  азаматтарының:  Тарбағатай  ауданының 
әкімі Нәби Зейнелұлы, Алтай аймағынан Сабыр, Іле ауданынан Мәукен деген 
ағаларымыздың қаржыландыруымен іске асты [8].
Мамандардың  пікірі  бойынша,  французшаға  аударылған  тәржіма  ең 
сәтті шыққан аударма болып табылады. Осы аударманың авторы, аса дарынды 
қаламгер  Антуан  Витез  өзінің  түрколог  (түркітанушы)  достарын  шақырып, 
ақылдасқан, олар қазақша түпнұсқаның әуездігін сезінуге септігін тигізген.
Ұлы өркениет жайлы Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігі», Сервантестің 
«Дон Кихоты» секілді тұтас бір дәуірді суреттеген роман әлі туған жоқ еді. Сөйтіп 
келген Мұхтар Әуезов – идеологиялық жүйе мен мейірімсіз репрессияның қауіпті 
тұсында осындай романды дүниеге алып келді. Бұл – «Абай жолы» болатын [9].
М. Әуезовтің әлем әдебиетіне қатысы «ЖЗЛ» сериясымен 2007 ж. жазылып, 
оқырмандар  қолына  тиген  мәскеулік  жазушы  Н.А.  Анастасьевтің  «Мұхтар 
Әуезов: триумфатор трагедиясы» атты кітабында тереңінен қозғалады. Кітапта 
ұлы жазушының ғибратты ғұмыры ғылыми дәйектілікпен, әдеби шеберлікпен 
жазылған.  Профессор  Н.А.  Анастасьев  М.  Әуезов  шығармашылығын  әлемдік 
биік деңгейде қарастырады. Кез келген туындысын әлем әдебиетінің классикалық 
шығармаларымен шендестіре зерттейді. Әуезов шығармаларын әлем әдебиетінің 
үздік  туындыларымен  қатар  қойып  талдайды.  Ең  бастысы,  автор  бұл  кітапта 
Әуезовті әлем әдебиетіндегі Р. Роллан, Дж. Голсуорси, У. Фолкнер, Э. Хемингуэй 
сияқты алыптар деңгейінде қатар қойып бағалайды. Н. Анастасьев «Көксеректі» 
Фолкнердің «Аюы», Дж. Лондонның «Ақ азуы», Л. Толстойдың «Холмстерімен» 
салыстыра жазады. 
Профессор Анастасьев «Абай жолы» туралы өз ойын жинақтай келе, оны 
авторларына  Нобельдік  сыйлық  әперген  ХХ  ғасырдың  ең  ұлы  романдары  – 
Р. Ролланның – «Жан Кристоф», Дж. Голсуорсидің – «Форсайттар туралы сага», 
Роже Мартен дю Гардың – «Тибоның отбасы», М. Шолоховтың – «Тынық Доны» 
және У. Фолкнердің әйгілі трилогиясымен қатар қояды. Онымен де шектелмей, 
қазақтың  ұлы  классигі  туралы  өз  ойын:  «Быть  может,  он  вообще  последний 
классик  в  литературе  ХХ  века,  последний  законный  наследник  Золотого  века 
романа», – деген тамаша тұжырым жасайды. Шынын айту керек, бұл бағаның 
өзге емес, осы заманғы орыс әдебиеттану ғылымының ең озық тұлғасы профессор 
Н.А. Анастасьев сияқты білімпаздың аузынан шығуы біз үшін өте қымбат, өте 
қажет [9].
Дүниежүзі оқырмандарын қазақ халқы өмірімен бірінші болып таныстырып, 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

217
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
бірінші болып осындай халық бар екендігін әлемге мәшһүр етті. Дүниежүзілік 
классика қорына еніп, ұлы ақын, ойшыл Абайдың өлмес бейнесін талант қуатымен 
ашып  берген  бұл  «Абай  жолы»  тетралогиясы  жазушы  шығармашылығының 
ел  таныған  асқар  шыңы  болып  табылады.  Қазақ  халқының  қоғамдық-саяси, 
адамгершілік  және  эстетикалық  өмірінің  энциклопедиясы  деп  әділетті  түрде 
бағаланған  бұл  роман-эпопеяда  өзінің  кемеңгерлік  тұлғасына  халқының  дана 
қасиеттерін,  данышпандық  ойларын  сіңіріп  қана  қоймай,  алдыңғы  қатарлы 
Батыс Еуропа елдері ықпалымен ұлттық мінезде қалыптасқан үздік атаулының 
бәрін жинақтаған ұлы ойшыл ақынның заңғар келбеті бар құдіретімен асқақтай 
түсті.
М.  Әуезов  жасаған  асыл  туындылар  қазақ  әдебиетін  озық  әдебиетер 
қатарына қосып, қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, талантын, ұлттық 
характерін жер жүзі оқушыларына танытты, сөйтіп кемеңгер жазушы тек қазақ 
әдебиеті ғана емес, бүкіл әлем әдебиетінің мақтанышына айналды. Сондықтан 
да М. Әуезовтің есімі мен еңбегі жаңарған адамзат өмірімен бірге мәңгі жасайды. 
Дана  Әуезов  –  қазақ  әдебиетінің  классигі,  дүние  жүзі  әдебиетіндегі  алып 
тұлғалардың бірі. Оның халық даналығынан нәр алған, өмір өзенінің тұнығынан 
суарылған  тағылымы  мол  тартымды  шығармалары  қайталап  оқыған  сайын 
рухани дүниемізді байытып, баға жетпес жан азығы бола бермек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Жұртбай Т. Әуезов әлемі // Заман Қазақстан. – 1996. – 1 қараша. – №41. – Б. 14, 16.
2.  Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, – 2011. – Б. 81.
3.  Қойшыбаев Б. Ұлттық болмыстың ұлы жыршысы / Б. Қойшыбаев // Айқын. – 
2009. – Б. 9, 21.
4.  Жұртбай Т. Мұншалықты бақылауға алынған шығарма қазақ әдебиетінде
болған емес / Т. Жұртбай // 
Eгемен қазақстан. 
– 
2010. 
– 
12 наурыз. 
– Б. 9-10, 23.
5.  Мұхтар Әуезов туралы естеліктер / Құраст. – Д. Қонаев, С. Майлыбаева,
Ә. Қуанышбаев. – Алматы: Білім, 2004. – Б. 6.
6.  Жұртбай Т. Әлемдік тұлға / Т. Жұртбай // Абай.
 –
1997. 
– 
№2. – Б. 9, 14, 17, 18. 
7.  Әбдезұлы Қ. Әдебиет және өнер / Қ. Әбдезұлы. – Алматы: Қазақ университеті, 
2002. – Б. 9, 78.
8.  Әуезов әлемі. – Алматы: Жазушы, 1997. - Б. 5.
9.  Жұртбаев Т. Әлем таныған суреткер / Т. Жұртбаев // Жалын. – 1997. – №5. – 
Б. 9, 11, 12, 13.
REFERENCES
1.  Zhurtbai T., Auezov alemi. Zaman Kazakhstan. 1996, 01.11, 41, 14, 16 (in Kaz).
2.  Мukhtar Ayezov encyclopediaci. АlmatyАtamyra,2011. 81 (in Kaz).
3.  Khoishibaev B., Ulttyk bolmystin uli zhyrshysi. Аikhyn2009, 9, 21 (in Kaz).
4.  Zhyrtbai T., Munshalykty bakylauga alyngan shygarma 
kazakh
 adibietinde bjlgan 
emes. 
Egemen Kazakhstan. 2010, 12.03, 
9, 10, 23 (in Kaz).
5.  Khonaev  D.,  Маilybaeva  С.,  Khyanushbaev A.  Мukhtar  Ayezov  turaly  estelikter. 
A.M. КАРТАЕВА, А.М. ҚАЙЫРБАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 211-218 
                   
                ISSN 1683-1667 

218
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
khyrast. Аlmaty. Bilim, 2004, 6 (in Kaz). 
6.  Zhurtbai T., Alemdik tulga. Abai.
 
1997, 2, 9, 14, 17, 18 
(in Kaz).
7.  Abdezuly K., Adebiet zhane oner. 
Аlmaty
. Kazakh universitetyi, 2002, 9, 78 
(in Kaz).
8.  Auezov alemi. 
Аlmaty

Zhyrshysi
1997, 5 
(in Kaz).
9.  Zhurtbaiev T., Alem tanugan suretkher. Zhalun. 1997, 9, 11, 12, 13 
(in Kaz).
ӘОЖ 821.512.122.09
A.M. КАРТАЕВА, А. АМИНГАЗИНОВА 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Өскемен қ., Қазақстан
М. ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР БҰЛАҚТАРЫ 
Мақалада ХХ ғасырда қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан дара 
тұлға, классик жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылығының нәр алған 
қайнар көздері мәселесі қарастырылады. Зерттеуде М. Әуезов шығармашылығының ар-
налары туралы айтылған еңбектер саралана отырып, жазушы сусындаған қайнар бұлақ 
алты саламен бөлініп беріледі. Автор оларды «Туған халқының рухани қазыналар көзі», 
«Абай тағылымы», «Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті», «Шығыс әдебиетінің жауһарлары 
мен ғұламалық еңбектері», «Түркі халықтарының әдебиеті», «Орыс әдебиеті мен Ба-
тыс мәдениетінің үлгілері» деп атап, оларды жеке-жеке талдап көрсетеді. Абайдың нәр 
алған қазына көздерімен байланыста қарастырып дәлелдейді. 
Түйін  сөздер:  жазушы,  шығармашылық,  қайнар  бұлақтар,  Абай  тағылымы, 
шығыс әдебиеті, орыс әдебиеті.
ИСТОКИ ТВОРЧЕСТВА МУХТАРА АУЭЗОВА
В  статье  рассматривается  проблема  источников,  впитавших  творчество  выдаю-
щейся личности, писателя-классика, внесшего неоценимый вклад в казахскую литера-
туру  и  культуру  ХХ  века  Мухтара  Омархановича  Ауэзова.  В  исследовании  труды  об 
истоках творчества М.Ауэзова и источники, питавшие творчество писателя представле-
ны в шести разделах. Автор определяет данные разделы назвав их «Истоки духовного 
богатства родного народа», «Уроки Абая», «казахская литература эпохи Просвещения», 
«сокровища Восточной литературы», «Литература тюркских народов», «Образцы рус-
ской литературы и западной культуры», анализирует и рассматривает их по отдельно-
сти. Обосновывает их во взаимосвязи с духовными источниками, которые питают свои-
ми соками корни творчества Абая.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет