Ресей мәдениетінің тарихы. Кеңестік мәдениет



бет4/4
Дата29.03.2022
өлшемі31,57 Kb.
#29171
1   2   3   4
Байланысты:
Ресей мәдениетінің тарихы. Кеңестік мәдениет-melimde.com

XV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі — орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі XVI—XVII ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады. XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да, сондай-ақ мәдени жағынан да беделге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген құдіретті Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың мәдениеті ыдырай бастады, монгол- татар езгісі әлі де жойыла қоймады, Дмитрий Донскойдың тарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Ендігі жерде тек Русьтен ғана емес, әр елдерден Мәскеу ұлы княздігіне өнер адамдары ағылып келе бастады, сөйтіп Мәскеу қаласы ең ірі мәдени орталықтардың біріне айнала бастады. 1454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Ендігі жерде христиан дінінің басты қамқоршысына айналған Русь правословиені жандандыру және дүние жүзіне тарату міндетін өз қолына алды, сөйтіп мәскеулік Русь өзін «Қасиетті Русь» деп танып, ал Мәскеу — «Үшінші Римге» айналады. 1547 жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей — деп, ал орыс елі — Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ. XIV—XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 1390 ж. шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV—XV ғасырларда Мәскеудің көркемдік өмірінің басты тұлғасына айналды. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмірге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған — Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360—1430 ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы — қасиетті «Үштік». Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бүл үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидің «Кескіндеме — өнер падишасы» деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз. Қорыта келгенде айтарымыз, XIV—XVI ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да, дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталады. Ресейдің XVII ғасыр мәдениеті сол кезеңдегі буырқанған саяси жағдайларға (шетел интервенциясы мен шаруалар соғысы) байланысты қарама-қайшы талпыныстар мен арман-мақсаттарға толы болды. Орта ғасырлық дүние таным түбегейлі өзгерістерге ұшырап дүниенің бет-бейнесі өзгерді. XVII ғасырдың адамдары өткен мәдениеттің құлдырауын өздерінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлттық трагедиясы деп қабылдады. Бұл кезең екі мәдениеттің — барокко мен «мұжықтық» мөдениеттің бақталастық кезеңі болды. Орыс медениетінде идея бірлігі, тарихтың шексіздігі, болашаққа бағдар алу сияқты жаңа өмірдің нышандары байқала бастады. XVII ғасыр басыңда Борис Годунов мөдениетке, ағартушылыққа, Батыc өркениетіне ерекше мән бере бастады. Соның нәтижесінде Батыc елдерімен сауда қарым-қатынастары кеңейіп, қалалар гүлденіп, ірі мәдени орталықтарға айналды, Мәскеудегі Кремльді жаңғырту ісі қайтадан қолға алынды. Бірақ қалаларда Ресей халқының 2%-і ғана тұрды, демек халықтың басым көпшілігі шаруалар болды. Қалай болғанда да, XVII ғасырда орыс мәдениетінің орта ғасырлық дәуірі аяқталды, сөйтіп жаңа заман мәдениетінің элементтері туындап келе жатты. Мұңдай мәнді өзгерістер орыс мәдениетінің барлық салаларында да байқалады. 


  • XV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі — орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі XVI—XVII ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады. XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да, сондай-ақ мәдени жағынан да беделге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген құдіретті Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың мәдениеті ыдырай бастады, монгол- татар езгісі әлі де жойыла қоймады, Дмитрий Донскойдың тарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Ендігі жерде тек Русьтен ғана емес, әр елдерден Мәскеу ұлы княздігіне өнер адамдары ағылып келе бастады, сөйтіп Мәскеу қаласы ең ірі мәдени орталықтардың біріне айнала бастады. 1454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Ендігі жерде христиан дінінің басты қамқоршысына айналған Русь правословиені жандандыру және дүние жүзіне тарату міндетін өз қолына алды, сөйтіп мәскеулік Русь өзін «Қасиетті Русь» деп танып, ал Мәскеу — «Үшінші Римге» айналады. 1547 жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей — деп, ал орыс елі — Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ. XIV—XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 1390 ж. шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV—XV ғасырларда Мәскеудің көркемдік өмірінің басты тұлғасына айналды. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмірге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған — Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360—1430 ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы — қасиетті «Үштік». Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бүл үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидің «Кескіндеме — өнер падишасы» деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз. Қорыта келгенде айтарымыз, XIV—XVI ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да, дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталады. Ресейдің XVII ғасыр мәдениеті сол кезеңдегі буырқанған саяси жағдайларға (шетел интервенциясы мен шаруалар соғысы) байланысты қарама-қайшы талпыныстар мен арман-мақсаттарға толы болды. Орта ғасырлық дүние таным түбегейлі өзгерістерге ұшырап дүниенің бет-бейнесі өзгерді. XVII ғасырдың адамдары өткен мәдениеттің құлдырауын өздерінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлттық трагедиясы деп қабылдады. Бұл кезең екі мәдениеттің — барокко мен «мұжықтық» мөдениеттің бақталастық кезеңі болды. Орыс медениетінде идея бірлігі, тарихтың шексіздігі, болашаққа бағдар алу сияқты жаңа өмірдің нышандары байқала бастады. XVII ғасыр басыңда Борис Годунов мөдениетке, ағартушылыққа, Батыc өркениетіне ерекше мән бере бастады. Соның нәтижесінде Батыc елдерімен сауда қарым-қатынастары кеңейіп, қалалар гүлденіп, ірі мәдени орталықтарға айналды, Мәскеудегі Кремльді жаңғырту ісі қайтадан қолға алынды. Бірақ қалаларда Ресей халқының 2%-і ғана тұрды, демек халықтың басым көпшілігі шаруалар болды. Қалай болғанда да, XVII ғасырда орыс мәдениетінің орта ғасырлық дәуірі аяқталды, сөйтіп жаңа заман мәдениетінің элементтері туындап келе жатты. Мұңдай мәнді өзгерістер орыс мәдениетінің барлық салаларында да байқалады. 

Мысалы, әдебиет саласында: ақсүйектік бағыт қалыптасып, демократиялық сарын орын алса, ал ғылым саласында нақты тәжірибеге жүгінушілік, кескіндеме өнерінде реалистік тенденциялар орын ала бастады. Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың өсуіне және қалалық өмірдің жандануына байланысты ағартушылық ісі жолға қойылды. Соның нәтижесінде XVII ғасырда халықтың сауаттылығы біршама өсті. Сол кездегі мәліметтер бойынша сауаттылық помещиктер арасында 65%, көпестерде — 96%, ал шаруалар арасында небәрі 15% болған (Добрынин В.И.[3]. — М., 1993. — С. 87). XVII ғасыр ортасына қарай мемлекеттік және жеке мектептер ашылып, онда түрлі пәндермен қатар шет тілдері де оқытыла бастады. 1637 ж. Мәскеуде Ресейдің тұңғыш жоғары оқу орны Славян-грек-латын Академиясы ашылды. Оған Италияның Падуан университетін бітірген ағайынды Лихудалар басшылық жасады. Батыстық ықпалмен алғашқы театр қойылымдары қойыла бастады. 1675 ж. орыс театрының сахнасында алғаш рет балет қойылды. Ресейдің XVII ғасырдағы мөдени өмірінің басты ерекше- ліктерінің бірі өнер адамдарының Мәскеуге шоғырлануы болды. Сондықтан да болар, елдің әр түкпірінен келген сәулетшілер, зергерлер, суретшілер және т.б. орыс халқының даңқты мәдениет мұраларының бірі Кремльдегі «Қару-жарақ палатасының» жұмыстарына белсене араласқан.


  • Мысалы, әдебиет саласында: ақсүйектік бағыт қалыптасып, демократиялық сарын орын алса, ал ғылым саласында нақты тәжірибеге жүгінушілік, кескіндеме өнерінде реалистік тенденциялар орын ала бастады. Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың өсуіне және қалалық өмірдің жандануына байланысты ағартушылық ісі жолға қойылды. Соның нәтижесінде XVII ғасырда халықтың сауаттылығы біршама өсті. Сол кездегі мәліметтер бойынша сауаттылық помещиктер арасында 65%, көпестерде — 96%, ал шаруалар арасында небәрі 15% болған (Добрынин В.И.[3]. — М., 1993. — С. 87). XVII ғасыр ортасына қарай мемлекеттік және жеке мектептер ашылып, онда түрлі пәндермен қатар шет тілдері де оқытыла бастады. 1637 ж. Мәскеуде Ресейдің тұңғыш жоғары оқу орны Славян-грек-латын Академиясы ашылды. Оған Италияның Падуан университетін бітірген ағайынды Лихудалар басшылық жасады. Батыстық ықпалмен алғашқы театр қойылымдары қойыла бастады. 1675 ж. орыс театрының сахнасында алғаш рет балет қойылды. Ресейдің XVII ғасырдағы мөдени өмірінің басты ерекше- ліктерінің бірі өнер адамдарының Мәскеуге шоғырлануы болды. Сондықтан да болар, елдің әр түкпірінен келген сәулетшілер, зергерлер, суретшілер және т.б. орыс халқының даңқты мәдениет мұраларының бірі Кремльдегі «Қару-жарақ палатасының» жұмыстарына белсене араласқан.

Назарларыңызға рахмет!


  • Назарларыңызға рахмет!


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет