Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Құжаттардың түрлері және олардың жіктелуі



бет56/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

2. Құжаттардың түрлері және олардың жіктелуі.
Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізуі барысында негізгі орын алатын құжаттарды жалпы мақсатына қарай үлкен екі топқа бөлуге болады. Бірінші - бұл әкімшілік сұрақтары мен жалпы сұрақтар бойынша құжаттар. Яғни, ұйым әкімшілігі мен оның өндірістік іс - әрекеттері бойынша жалпы құжаттарды ұйымның барлық құрылымдық бөлімше қызметкерлері құрастыра алады Екінші - ол басқару функциялары бойынша құжаттар. Бұл құжаттарды қаржы, бухгалтерлік, жоспарлау бөлімі және т.б. функционалдық бөлімшелер қызметкерлері құрастырады. Құжаттарды жалпы және жеке белгілері бойынша кластарға бөлуге болады. Құжаттар төмендегі белгілері бойынша жіктеледі: Құжат түрінің атаулары бойынша - қызметтік хаттар, бұйрықтар, хаттамалар, актілер, баяндау хаттар, шарттар және т.б. Бұл құжаттардың безендірулері бір ізге келтірілген және олардың әрқайсысының өзіндік үлгі - формулярлары бар. Шығу немесе жасалу орындарына қарай ішкі құжаттар (ұйым қызметкерлері жасаған құжаттар) және сыртқы (басқа ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан келіп түскен құжаттар) құжаттар. Құжаттар қойылған мәселе, берілген сұрақтардың көлеміне қарай - жай (бір сұрақтан тұратын) және күрделі (бірнеше сұрақтан тұратын) құжаттар болып бөлінеді. Нысана түрлеріне қарай - жеке құжат (мысалы, баяндау хат), (бұл құжаттың бір бөлігі басылып дайындалған, қалған бөлігі құрастыру негізінде топтастырылады) және бір текті кәсіпорындар үшін жасалған типтік құжаттар. Орындау уақыттарына қарай - жедел, яғни құжаттың орындалуының белгілі аралықта талап ететін және жедел емес - орындалу уақыты шартты түрде белгіленген. Пайда болуларына қарай - ұйым немесе қызығушының тарапына байланысты қызметтік және нақты тұлғаларға қатысты жеке құжаттар. азылу орталықтары бойынша жазбаша, графиктік, фотокино құжаттар. Көркемделу тұрлері бойынша Түпнұсқа құжат - автор жөніндегі мәлімет, уақыты мен жасалу орны құжа тың өзінде сақталатын немесе басқа жолмен табылған, оның шығу тегіне шек келтірмейтін құжат. Құжаттың түпнұсқасы - ресми құжаттың алғашқы немесе жалғыз нұсқасы. Төлқұжат - құжаттың түпнұсқасының - нұсқасы. Құжат көшірмесі - түпнұсқа құжаттағы ақпаратты түгелдей және оның сырткы белгілерін немесе заңды күші жоқ бөлігін көшірмелейтін құжат. Құжаттың куәландырылған көшірмесі - заңдық күш беретін, белгіленген тәртіпке сай қажетті деректемелер қойылатын құжат көшірмесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет