79. Телеграфтық байланыс арналары бойынша ақпарат беретін құжат түріне мысал келтіріңіз. Телеграмма – байланыс арнасы берілетін құжат. Ақпаратты беру
жəне қабылдау уақытына дер кезінде шешім қабылдау мен оның
дұрыстығы əсер етеді. Сондықтан, ақпараттың жылдам алынуын
қамтамасыз ету үшін оны телеграф арқылы жібереді. Құжаттардың
факсимильді көшірмелерін жіберу үшін фототелеграмма пайдаланылады.
Телеграмма А4 форматқа басылады жəне мынадай деректемелері болады:
● шұғылдық санаты;
● түрінің атауы;
● адресаттың атауы;
● мəтін;
● тіркеу нөмірі;
● күні;
● жөнелтушінің қолы.
Телеграмма 300 сөзден аспауы тиіс. Қазіргі кезде факс арқылы хат-хабар алмасу кең қолданысқа енді. Сондықтан оны ресімдеу мəселесі өзекті болып отыр.
80. Сенімхат, оның құрылымы, мысал келтіріңіз. Сенімхат – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан қандай да бір ісәрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат. Сенімхат нақты бір мәселені бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі. Сенімхат екі түрлі болады: мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар және жеке тұлға атынан берілетін сенімхаттар. Сенімхат бір дана етіп дайындалады. Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Сенімхаттың жарамдылық мерзімі қолмен жазылады.Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куландырылады. Ондай кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар – мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі.Мұндай сенімхаттар мекеме бланкісіне рәсімделеді. Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға ӛзінің орнына қызмет атқаруына құқық береді.Мұндай сенімхаттар типтік үлгіде жазылады. Жеке сенімхат мынадай жағдайларда беріледі:
• Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, хат-хабар, құжаттар алуға;
• Өтініш жазуға, қол қоюға;
• Пәтер сатуға және сатып алуға;
• Пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;
• Автокөлік жүргізуге;
• Банктегі есепшоттарды пайдалануға;
• Барлық мекемелерде іс жүргізуге;
• Сот мекемелерінде оның өкілі болуға т.б.
Сенімхаттың жарамдылық мерзімі:
• Төлемақы алу үшін сенімхат жарамдылығы – 3 ай;
• Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттың жарамдылығы – 3 жыл.
Сенімхат берілетін жағдайлар :
Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы,стипендия, зейнетақы алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену,мұрагерлік құқық туралы куәлік алу үшін т.б. жағдайларда беріледі.Сенімхат бір данажасалады.Төлемақы алу үшін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай.