87. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы мәселелерді талқылауға арналған хаттама құрастырыңыз. Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы
Хаттама
Өткізілген күні:10.09.2021ж
Қатысқандар:Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
Қарастырылатын сұрақтар: ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы мәселелерді талқылау
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті.Жиын барысында Президент Жолдауы жеті тарау және бес бастаманы қамтитыны, әр тараудың өзіндік маңызы бар және де мемлекет экономикасының өркендеуі, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігінің артуы, ұстаздарды қолдау және оқушыларға сапалы білім беру мәселесі т.б. мәселелері туралы тапсырма берілгенді аталып өтті.Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздарға ерекше екпін берді. Жиында бүгінгі таңда педагог мәртебесінің бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым жоғарылағандығын және жалақасының жылдан-жылға өсімінің бар екенін айтылды.Мемлекет басшысы өз жолдауының түйіні ретінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген даналық сөзімен бекітті.Мектеп ұжымы ҚР Президентіне қолдау білдірді. Президентіміздің бастамаларын қолдайтынын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.
Шешімі: Қазір Қазақстанның алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды талап етеді.
Кеңес мүшесі: Мукышев Е.М
88. Құжаттама жүйесінің қалыптасуы туралы теориялық білімге талдау жасаңыз. Іс қағаздарын жүргізу мына кезеңдерден тұрады: құжаттау және құжат айналымы. Құжаттау ұйымның жұмыс істеуі үшін қажетті құжаттар кешенін жасау процесі. Құжат айналымы мекеменің өзі жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс жүргізу. Құжатты мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның іс-әрекетінің бейнелеу негізі деп қарасақ, онда олар бір-бірімен өзара байланысты құжаттама жүйесінен тұрады. Мекеме құжаттарын құру және оларды өңдеу процесінің жиынтығын құжаттама жүйесі деп атайды.Шығу тегі, мақсаты, түрі, қызмет саласы бойынша өзара байланысты, ресімделуіне біріңғай талаптар қойылатын құжаттар жиынтығын құрайды. Құжаттау жүйесі құжаттарды әзірлеу, жасау, келісу, ресімдеу, құжаттаманың барлық түрлерін өңдеу процестерінен тұрады. Құжаттама жүйесінің мақсаты: құжаттау мен құжаттамаларды басқару процесін жетілдіру, басқару еңбегінің сапасын арттыру, мекеме, ұйым, кәсіпорында құжаттармен жұмыс істеудің талаптарын қалыптастыру. Құжаттама жүйесі белгілі бір талаптардан, құжат жасау нормаларынан тұрады. Бұл нормалар заңды актілермен белгіленген. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс қағаздарын жүргізу кезінде мынадый нормативтік құқықтық актілердің талаптарын басшылыққа алулары керек. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашада қабылданған № 107-II «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы, 2003 жылы 7-қаңтарда қабылданған № 370-II «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты 1042-2001 «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар». Мәдениет және ақпарат министрлігі 2009 жылғы 25 қыркүйекте № 128 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың типтік ережелері» талаптары басшылыққа алынуы тиіс. Заңды тұлға қызметінің құжаттауды қамтамасыз ету және құжаттармен жұмысты ұйымдастыру саласы басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету деп аталады. Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету-мекеменің дайын құжаттармен және сырттан алынған құжаттармен жұмыс жүргізуге байланысты қызметі (қабылдау, тіркеу, орындау, орындалғанын бақылау, анықтау, сақтау, мұрағатқа тапсыру)