18. Жарғы мәтінінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің сөздігін жазыңыз.
Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын (съезд) құрылтай қабылдайды және бекітеді. ЖАРҒЫНЫҢ формуляр-үлгісі мынадай деректерден тұрады:
мекеменің (министрлік, кәсіпорын, ұйым) атауы;
құжаттың авторы;
ЖАРҒЫ – құжаты атауының түрі;
дата;
индексі (нөмірі);
басылған жері (қала);
бекітілген грифі (егер кәсіпорын жеке меншік болса, кім тіркегені көрсетілуі тиіс);
мәтін,
кәсіпорын басшысының қолы.
Жарғының негізгі деректемесі – мәтін. Ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жасалады:
жалпы ережелер;
негізгі міндеттер;
атқаратын қызметі;
құқықтары мен міндеттері;
басшылық;
қарым-қатынас, байланыс;
өндірістік – шаруашылық қызмет;
мүлік және құралдар;
Қызметті бақылау, тексеру, жүргізу;
Қайта құру және жою. Жарғы міндетті түрде нотариалдық куәландырылуы тиіс. Онсыз ол (жарғы) заңды деп танылмайды. Заң құжаттары – жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс, шарт құрылымы,қажетті реквизиттері, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді.
19. Студенттердің дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциясы болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.
Хабарландыру дегеніміз – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін ісқағазының бір түрі. Хабарландыру қандай да бір іс-шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Хабарландырулармен теледидар, радио, газет және хабарландыру тақталары арқылы танысуға болады. Хабарландыруда хабарланғалы отырған нәрсенің мерзімі, күні, айы, жылы және уақыты мен мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Хабарландырудың соңында хабарландыру беруші мекеме, ұйым, әкімшіліктік атауы жазылады. Хабарландыру көлемі жағынан әртүрлі және еркін мәтінді болып келеді. Хабарландырудың басты мақсаты – көпшілікке нақты бір мәліметті жеткізу. Бұл мәлімет әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер тұлға өз мүлігін сатса, ол хабарландыруда оның сипаттамасын міндетті түрде жазу керек. Ал егер мекеме ішінде бір шара өткізілсе, онда оның уақыты мен өткізілетін орны жазылуы керек. Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жа- рияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады. Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабар- ландыру тақталары арқылы танысуға болады. Хабарландыру әртүрлі жағдайлар, мысалы, бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандай да бір қызмет түрлерін ұсыну туралы, сондай-ақ қандай да бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабар- лау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады. Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші – қандай мекеме байқау жариялайтыны, екінші – қандай қызмет орнына жария- лайтыны, одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекен- жайы көрсетіледі. Хабарландыру хабарландырылатын мәселенің мазмұнына қарай 6 түрге бөлінеді:
Бос орындарға хабарландыру.
Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру.
Мәдени шараларға хабарландыру.
Тендерге хабарландыру.
Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыру.
Жалпылама хабарландыру.
Хабарландыруға тән белгілер:
Ресмилік
Қысқа
Нақты
Анықтық
Хабарландыру
Көпшілікке арналған
Хабарландырудың берілу жолдары:
Теледидар
Радио
Газет
Афишалар
Интернет
Жүгіртпе жол
Телефон және т.б.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медицина және Денсаулық факультетінің студенттері ұйымдастыруымен өтетін «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы» атты дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Конференция залы
Уақыты: 22.11.2022 ж.
Сағат: 16.00.
Медицина және Денсаулық факультеті
Достарыңызбен бөлісу: |