ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
4
№10 (117)
20 қыркүйек
2014 жыл
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КҮНІ
АРУЛАР ОРДАСЫНДАҒЫ
ЖЫРШАШУ
(Басы 1-бетте)
О
ған атап айтқанда, «Қазақ га-
зеттері» ЖШС бас директоры –
редакторлар кеңесінің төрағасы
Ж.Кенжалин, «Айқын» республикалық
қоғамдық-саяси газетінің бас редакто-
ры Н. Жүсіп, «Президент және Халық»
газетінің бас редакторы М. Тоқашбаев,
«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы
Ж. Шаштайұлы, «Түркістан» халықаралық
газетінің бас редакторы Ш. Паттеев, «Ал-
маты ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің
бас редакторы Қ. Сәрсенбай, «Ана тілі» ұлт
газетінің бас редакторы С. Ибраим, «Егемен
Қазақстан» жалпыұлттық республикалық
газетінің Алматы бюросының бастығы
Қ. Аманжол, «Хабар» телеарнасының
продюсері Л. Сапақова, «Білім және
мәдениет» арнасының продюсері Р. Жу-
гунусова, «СТВ» телеарнасының Бас ре-
дакторы, қазақ редакциясының бастығы
Б. Бердімұрат, «ҚазАқпарат» халықаралық
агенттігінің Алматы бюросының бастығы
С. Мустафина, BNews.kz ақпараттық
агенттігінің Бас редакторы Ж. Комбаева
және т.б БАҚ басшылары ие болды.
Сондай-ақ, Қыздар университетінің
тыныс-тіршілігін насихаттауға атсалысып,
үздік материалдар жариялаған 20 үздік
журналист «Ректор сыйлығының иегері»
атанып, арнайы сертификат пен ақшалай
сыйлықтармен марапатталды.
Кешті ашқан оқу орын басшысы Динар
Нөкетаева: «Еліміздегі бірегей оқу орны -
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің құрылғанына биыл - 70
жыл. Университеттің 70 жылдық мерей-
тойын атап өту былтырғы оқу жылынан-ақ
басталып кетті. «70 жылдыққа – 70 іс-шара»
өткізіліп, биылғы жаңа оқу жылы дүбірлі
тоймен басталды. Мерейтой бүгін, міне,
Шығармашылық күнімен ұласып отыр.
Бұдан өзге апталық аясында Спорт мерекесі,
Ғылым күні, Студент күні, Түлектер күні,
Университеттің ардагер қызметкерлер күні
аталып өтіледі. Апталықты – 19 қыркүйек
күні салтанатты кешпен аяқтауды жоспар-
лап отырмыз.
7 0 ш а р а н ы ң ж о с п а р ы а я с ы н -
да «З.Ахметов және қазақ әдебиеттану
ғылымының мәселелері», «Әйел және
Аз айтып сұйылтып, көп айтып қо-
йылтары жоқ, әділ-қазылардың әділ
ұйғарымымен бас жүлде – 500 мың
теңгені белгілі ақын Балғынбек Имашев
қанжығасына байлады. І орынға тігілген
300 мың теңгені Айнұр Тұрсынбаева жеңіп
алды. 200 мың теңгеден тағайындалған ІІ
орын Аяулым Жұмабекқызы мен Айсәуле
Бейсенханға бұйырды. ІІІ орынды Сара
Тоқтамысова, Зура Шайдымұрат иеленді.
Жүлдегерлерге 150 мың теңгеден ақшалай
сыйлық табыс етілді. Бұдан өзге орамды ой,
көркем теңеу, кестелі тілімен ерекше өнер
көрсеткен алты ақынға 100 мың теңгеден
ынталандыру сыйлығы табысталды. Оған:
Нұрлан Жұмабек, Жақсылық Орынба-
сар, Фархат Маратұлы, Сырым Әуезхан,
Арзыгүл Қайыңбекқызы, Қанат Мырзахан
ие болды.
Қатысушылардың барлығына ақшалай
сыйлықтан өзге Қыздар университетінің
алғыс хаттары мен гүлшоқтары тапсырыл-
ды.
Сонымен қатар, ақынға деген құрмет
осындай болса керек-ті, «Атамұра»
корпорациясының президенті Рақымғали
Абрарұлы Құл-Мұхаммед жас ақын Аяу-
лым Жұмабекқызының өнеріне тәнті
болғанын жеткізіп, 1 мың АҚШ долларын
табыс етті.
Айта кетейік, Қыздар университетінің
Шығармашылық күніндегі қаржылай
сый-сияпаттың барлығы кәсіпкерлердің
демеушілігінің арқасында жүзеге асты.
Нәзира ЖҰМАҚҰЛОВА
о т б а с ы л ы қ қ ұ н д ы л ы қ : о т б а с ы л ы қ
саясаттың тәжірибесі», «Ғылым мен
білімнің интеграциялану жолдары»,
«Өнерлер тоғысы», «Сапалы білім, озық
ғылым, жасыл энергетика – ғаламшар
болашағы» атты ғылым мен білімге қатысты
халықаралық, республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференциялар, симпозиум-
дар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «Ізгілік» клубының жа-
нынан «Жан жылуы» психологиялық
орталығы, әрбір жатақханада заманауи
жаттығу құралдарымен жабдықталған фит-
нес залдары ашылды. Сондай-ақ, биылғы
жылдың сәуір айында Алматы қаласының
әкімі А.С. Есімовтың қатысуымен «Қазақ
Аруы» ескерткіш-субұрқағы ашылды.
Сонымен бірге осы жоспардың аясында
450 орындық 9 қабатты жатақхана мен 32
орындық жүзу бассейннің құрылысы ба-
сталды. Қыздар университетінің осындай
жаңалықтары бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы жұртшылыққа жарияланып, қалың
ел құлағдар болып жатыр. Бұл орайда
Қыздар университетінің тыныс-тіршілігін,
оқу үдерісі мен тәрбие жұмыстарын,
студенттердің оқудағы мен спорттағы
жетістіктерін кеңінен насихаттауға ат-
салысып, етене жақын жұмыс істеп келе
жатқан барша қаламгерлерге, журналистер
қауымына ұжым атынан зор алғысымды
білдіремін. Бүгінгі күн маржан жыр-
дан шашу шашылатын, тамсандырып,
таңырқататын әдемі де, әсерлі кеш бол-
сын!», деп атап өтті.
Бұдан соң екі ай бұрын жарияланған
«Атыңнан айналайын, Қазақ қызы!» жыр
мүшәйрасының жеңімпаздары анықталып,
марапатталды.
Мүшәйра жарияланғаннан бастап
еліміздің түкпір-түрпірінен 70-ке жуық хат
келді. Жазба ақындардың жыр додасына
жолданған өлеңдерді бүркеншік есімі бой-
ынша «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редак-
торы Жұмабай Шаштайұлы бастаған белгілі
ақындар мен әдебиеттанушы ғалымдар
сараптады.
Б ә й г е ш а р т ы б о й ы н ш а ө л е ң д е р
бүркеншік есіммен жеке келді. Ал,
ақынның аты-жөні өзге конвертте болды.
Барлық өлеңдер сарапқа салынған соң
көрерменнің алдында конверт ашылып,
жеңімпаз атанған ақынның есімі жария-
ланды. «Бұл — жыр додасының әділ өтуі
үшін керек. Қазыларға да өлеңді бағалау
жайлы ұсыныс мүшәйра мәреге жетер
сәтте ғана айтылды», — деп атап өтті шара
ұйымдастырушылары.
Қыздар университетінің 70 жылдығына
арналған жыр мүшәйраның Бас жүлдесін
(500 мың теңге) «Асыл Аян» бүркеншік
есімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-
дың 4-курс студенті Айбол Исламғалиев
ие болды. Бірінші орынды (300 мың
теңге) Ақниет лақап атымен ақын Ғалым
Қалибекұлы қанжығасына байлады.
Тігілген қос екінші екі жүлдені (150 мың
теңгеден) Ауыт Мұхибек (бүркеншік
есімі - Оқжетпес) пен Бекзат Смади-
яр (бүркеншік есімі – Тәңірберді Бек)
тең бөлісті. Үш үшінші орын (50 мың
теңгеден) әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің студенті Манас
Қайыртайұлына (Қыдыр), Ислам Египет
Нұр-мүбәрәк университетінің магистранты
Бауыржан Мырзақұл (Бейдауа Мырза-
ми) мен Төлеубай Ермекбаевқа (Азамат)
бұйырды. Ал, ынталандыру сыйлығына (30
мың теңгеден) Әлібек Шегебай (Құлагер),
Төреғали Тәшен (Ақтан Қоңыр), Әйгерім
Қуанышбай (Аякөз ару) сынды ақындар ие
болды. Осылайша қазақ қызының парасаты
мен сұлулығын жырлап, ұлттық мәдениет
пен рухани құндылықтарды ұлықтауға
арналған мүшәйра жаңа есімдерді жария-
лады.
Түстен кейін Шығармашылық күні
Республикалық ақындар айтысымен
жалғасты. Парасат мектебінде өткен суы-
рып салма сөз айтысына елімізге танымал
айтыскерлер: Балғынбек Имашев (Астана
қала-сы), Айнұр Тұрсынбаева (Астана
қаласы), Нұрлан Жұмабек (Жамбыл об-
лысы), Аяулым Жұмабекқызы (Алматы
облысы), Жақсылық Орынбасар (Аста-
на қаласы), Сара Тоқтамысова (Аста-
на қаласы), Фархат Маратұлы (Алматы
қаласы), Зура Шайдымұрат (Қытай Халық
республикасы), Сырым Әуезхан (Астана
қаласы), Арзыгүл Қайыңбекқызы (Алматы
қала-сы, ҚазМемҚызПУ дайындық бөлімі),
Қанат Мырзахан (Жамбыл обл.), Айсәуле
Бейсенхан (Астана қаласы) қатысты.
Айтыскерлердің таланты мен ше-
берлігін Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, айтыс ақындары мен жыршы-
термешілердің халықаралық одағы
төрағасы, М. Мақатаев атындағы сыйлық-
тың екі мәрте иегері Жүрсін Ерман жетек-
шілік еткен қазылар алқасы сарапқа салды.
Еліміздің әр өңірінен жиналған от ау-
ызды, орақ тілді ақындар жеребе бойынша
алты жұпқа бөлініп, «Атыңнан айналайын,
Қазақ қызы!» деген айтыс тақырыбына
сай болашақ ана, болашақ жар бола-
тын ұрпақ тәрбиешілері туралы жырлап,
«МЕРЕЙІ ӘРҚАШАН
ҮСТЕМ БОЛАТЫНЫНА
СЕНІМДІМІН»
Еліміздегі мәртебесі биік білім
ордаларының бірі – Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университетінің
70 жылдық мерейтойына орай ізгі
құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Қазақ даласындағы қыздарға ғана
арналған білім беретін тұңғыш жоғары
оқу орнының ашылуын ұлы ғұлама
ғалымдар мен өнер-білім саласындағы
қайраткерлер, күллі зиялы қауым қызу
қолдаған. Білім нәрімен сусындатқан
ұстаздар қауымы ұзақ жылдар бойы
талмай еңбек етіп келеді. Мыңдаған
шәкіртті тәрбиелеген, бүгінде киелі
қара шаңыраққа айналған Қыздар
университетін қазақстандықтар ерек-
ше мақтанышпен айта алады.
Әсіресе, ауыл қыздарының лайықты
білім алуына жағдай жасап, ауылдық
жерлерде жеткіліксіз педагог маман-
дарды даярлап отырғандарыңызды
ерекше атап өткім келеді. Қыздар
университеті кәсіби мамандар даярлау
арқылы, ең бастысы, ертеңгі ана және
ұстаз атанатын нәзікжандылардың
білім алуына болашақта да үлкен
үлес қосатынына, мерейі әрқашан
үстем боларына сенімдімін. Жарқын
жетістіктермен жетпіс жылдық ме-
рейтойын атап отырған универси-
тет ұжымына толағай табыстар
тілеймін. Ғылым ізденістеріңіз бен білім
саласындағы еңбектеріңіз жемісті
болсын!
Светлана
ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,
ҚР Парламенті
Сенатының
депутаты:
қазақ қызының рухын бір асқақтатты.
Сондай-ақ, тілдеріне түйткілді мәселелерді
де тиек етті. Шабыты шарықтаған сөз
шеберлерінің отты жырлары мен ойнақы
орамдары айтысты думанды кешке ай-
налдырды. Ақындар айтыс барысында
Қыздар университетінің 70 жылдығымен
құттықтап, парасат мектебінде білім алатын
қарындас-сіңлілеріне: «...Ұлтымның ұяты,
Сіздерсіздер; Сүйенгендерің ар болсын, Иба-
лы да, иманды қыз көп болсын; Қыздардың
бағы жанса екен, сөзұғар қарындастар
көп болса екен; Ордаға мынау бақ берсін,
той жасап жатқан дүбірлі; 100 жылдық
тойға келсек деймін, иран-бағы қыздардың
жарқырап, сөнбесінші жұлдыздарың...!»,
деген сынды көптеген өнегелі өсиеттері мен
ақ тілектерін жыр жолдарымен білдірді. Азу-
ын айға білеген адуынды ақындар, тілінен
тікен тайған шешендер өзара жарасымды
әзіл-қалжың, қағытпалар мен орамды
ой, толғақты түйіндерге тоқталып, сұлу
сөздің кереметін көрсетіп, естір құлақтың
құрышын қандырып, айтыс десе ішкен
асын жерге қоятын өлеңқұмар қауымды бір
желпінтіп тастады.
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
5
№10 (117)
20 қыркүйек
2014 жыл
ҒЫЛЫМ КҮНІ
Қыздар университетінің 70 жылдығына
орай «Сапалы білім беру мен ғылымды
дамыту – заман талабы» атты
халықаралық форум өткізілді. Бұл
шара мерейтой апталығының аясында
жарияланған Ғылым күніне орай
ұйымдастырылды.
16 қыркүйек күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінде академик Р.Сыздықтың 90 жылдығына орай «Академик
Рабиға Сыздық атындағы дәрісхана» ашылды. Сонымен қатар,
«Ғылымдағы қазақ қыздары: қайраткерлік және дәстүр сабақтастығы»
атты дөңгелек үстел өткізілді.
Ел болашағы – ғылым мен
білімді ұштастырған жастарда
ФИЛОЛОГИЯ ФЕНОМЕНІ
атындағы дәрісхана
технологиялары, білім саласындағы озық
ойлары болмаса, еліміз әлемдік мұралардан
қалып қою қаупі туындайды. Сапалы білім беру
мен ғылымды дамытудың бір тетігі жоғарғы
педагогикалық білім беру жүйесі арқылы
жүзеге асады деп ойлаймыз.
О с ы т у ы н д а ғ а н м ә с е л е р д і ш е ш у
жолы – Қазақстандағы ғылымды ба -
рынша дамыту. «Сапалы білім беру мен
ғылымды дамыту – заман талабы» атты
халықаралық форумның алға қойған басты
мақсаты — университеттегі ғылымды дамы-
ту, ғалымдарға мүмкіндік туғызу, жастарды
баулу. Форумның пленарлық мәжілісінде
шетелдік ғалымдар, Азаматтық авиация ака-
демиясы тарих ғылымдарының кандидаты,
кафедра меңгерушісі Б.С.Шөкенов «Жен-
ПУ – Alma mater», Қытай Халық Республика-
сы, Шыңжиаң педагогикалық университетінің
өкілі, аға оқытушы Нұсрат Долкун «Сапалы
білім берудің ғылыми жетістіктерді пайда-
лану арқылы арттыру туралы», Ресейдегі
Тюмень мемлекеттік сәулет-құрылыс уни-
верси теті филология ғылымдарының докторы,
профессор С.Ж.Макашева «Фольклорная
семантика лирики М.И.Цветаевой» атты
тақырыптарда ғылыми-зерттеу жүргізіп, озық
тәжірибелерімен бөлісті.
Ал, университет профессоры Р.Сәтімбеков
«Қыз тәрбиесі – ұлтымыздың ұлылығының
ұстанымы!» деген тақырыпта тәрбиелік мәні
зор баяндама жасады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті – орта білім беру саласына
педагог мамандар дайындайтын оқу орны.
Қазіргі таңдағы жоғары білікті мамандар
дайындауда еңбек нарығының ерекшелігіне
сай келетін біліммен; сапалы маман дай-
ындауды жұмыс берушілердің талабына
сәйкестендіріп; жұмыс берушілердің талабын
қанағаттандыратын оқу үрдісін ұйымдастыру
жағдайлары қарастырылған. Дайындаған
мамандардың сапалы, бәсекеге қабілетті, за-
манауи білімді де білікті болуы – оқу процесін
модернизациялаумен, оқу үдерісінде жаңа
технологияларды, электрондық оқу жүйесін
кеңінен енгізумен тығыз байланысты. Оқу
үдерісінде оқытудың заманауи инновациялық
тәсілдері енгізіліп, жаңа лабораториялық оқу
жабдықтары алынды.
Бүгінгі таңда университет профессор-
оқыту шы лары оқу-тәрбие үрдісінде түрлі ин-
но вациялық педагогикалық технологиялардың
қолданылып жүргені мәлім. Осы бағытта
«Өрлеу» біліктілігін көтеру орталығында, ше-
телдерде өздерінің біліктілігін көтеру жолға
қойылған.
Форум барысында университет ректоры
«ҰЛТ БЕСІГІНІҢ ИЕЛЕРІ
ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ»
Қазақ мемлекеттік қыздар педа-
гогикалық университетінің 70 жылдық
м е р е й т о й ы м е н ш ы н ж ү р е к т е н
құттықтаймын!
Осы жыл ішінде ұлтымыз бесігінің
иесі – қыздарымыз оқитын оқу орны
мыңдаған мамандарды білім нәрімен
сусындатып, өмір жолдарына қажет
өнегелі тәлім-тәрбие берді. Бұл қатарда
мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы-
на сүбелі үлес қосқан мемлекет және
қоғам қайраткерлері, ерен еңбегімен
еліміздің мақтанышына айналған арулар
көптеп саналады.
Алдағы уақытта университет
Елбасының «Қазақстан – 2050» Стра-
тегиясында көзделген ең дамыған отыз
елдің қатарында болу міндетін жүзеге
асыруға зор үлес қосатын іргелі отандық
жоғары оқу орны болып қала беретініне
сенім мол.
Сіздерді осы мерейлі белеспен
құттықтай отырып, баршаңызға зор
денсаулық, ұзақ ғұмыр, мол бақыт,
отандық ғылым мен білім саласын дамы-
туда толағай табыстар және береке-
бірлік тілеймін!
Уәлихан БИШІМБАЕВ,
ҚР Парламенті
Мәжілісінің
депутаты:
Д.Нөкетаева ғылымға елеулі үлес қосқан
университеттің ғылыми-педагогикалық
қызметкерлерін мерейтойлық медальдармен
марапаттады.
Мерейтойлық апталықтың екінші
бөлімі бес секциялық мәжіліспен жалғасын
тапты. Сонымен қатар, халықаралық фо-
рум барысында өткізілетін «Студент
ойын шығармашылыққа баулу», «Сту-
дент құзыреттілігін дамытуда критерия-
лы бағалаудың рөлі», «Организация он-
лайн уроков с помощью вебинаров», «Қазақ
аруы – ұлттық құндылықтардың қайнар
көзі», «Лирикалық шығармаларды оқытуда
интербелсенді әдістерді қолдану тиімділігі»
тақырыптарында ғылыми-практикалық тре-
нингтер, шебер-сыныптар және тәжірибелік
сабақтар жүргізілді.
Университеттің студенттері мен магис-
транттары ғылыми көрме ұйымдастырып,
жиырмадан астам ғылыми жұмыстарын
қорғап шықты.
С о н д а й - а қ , х а л ы қ а р а л ы қ ф о р у м ғ а
қатысып, үздік ғылыми мақала жасаған
педагогикалық қызметкерлерді университеттің
бірінші проректоры Б.А.Алиев сертификатпен
марапаттап, мерейлерін үстем етті.
Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ
Х а л ы қ а р а л ы қ ф о р у м д ы у н и в е р с и-
тет ректоры Динар Жүсіпәліқызы ашып:
«Біздің білім берудің сапасын жетіл дірудегі
тағы бір жетістігіміз — оқу үрдісінің ақпа-
раттандырылуының жүйелі жолға қойы-
луы, жаппай интернет желісінің қосылып,
ақпа раттық білім беру ортасы құрылып,
қашықтықтан оқыту технологиясының
енгізілуі. Бұл сәтте оқытушы білімнің интер-
претаторы ретінде емес, таным үрдісінің коор-
динаторы, оқу іс-әрекетінің барлық аспектілері
бойынша студенттің кеңесшісі ролін атқара
алады. Студент өзінің жеке білім алу траекто-
риясын өзі құрады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
салиқалы саясатының басым бағытының бірі
қоғамды тұрақты әлеуметтік жаңғырту десек,
еңбек адамының мәртебесінің өсуі, еңбек
өнімділігінің артуы, жұмыссыздықты жою,
кәсіби шеберлікке жету, өмір сүру сапасын
арттыру, елімізді шикізат өндіруші елден
өнеркәсібі дамыған елге айналдыру бүгінгі
күннің басты міндеттері саналады. Ал мұндай
нәтижеге қол жеткізуде әрбір қазақстандықтың
білімі мен ақыл-зерде, парасат дәрежесіне,
отандық ғылым мен білімді дамытумен тікелей
байланысты екендігі анық», – деп ғылыми
баян дамасын жасады.
Көшбасшының еліміздің зияткерлік
әлеуетін қалыптастыру идеясы «Интеллек-
туалды ұлт — 2020» жаңа мемлекеттік жоба
жасауға түрткі болды, жоба негізінде үш
аспекті бар «білім беру жүйесіндегі серпіліс»;
«ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми
әлеуетін арттыру»; «жаңартпашылдықты да-
мыту». Соған байланысты жаңашылдық үрдісті
тиімді басқара алатын, ғылыми жобалар жасай
алатын және дамытуға қабілетті жоғары білікті
мамандарға деген қажеттіліктің өсуі заңдылық.
Себебі бүгінде елдер жоғары техникаларымен
бәсекелеседі, бәрінен бұрын сапалы білім беру
мен ғылымды дамыту кез келген мемлекеттік
экономикалық дамудың негізі болып табы-
лады. Өзінің жеке ғылымы, алдыңғы қатарлы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тарих-
тағы ұлы өзгерістердің барлығы
әйелдердің қолымен немесе әйелдер
үшін жасалады. Әйел – шексіз
құдіреттің иесі болып саналады. Әйел
азаматтар тек қана отбасында ғана
емес, сонымен қатар мемлекеттік
қызметте, бизнесте, денсаулық
сақтау мен білім-ағарту жүйесінде
ж ұ м ы с і с т е п ж а т ы р . Т ә у е л с і з
Қазақстан қоғамында әйелдер рөлі
жыл сайын арта түсуде, артады
да», – деп қоғамдағы әйел-ананың
рөлін лайықты бағалаған еді.
Осы ретте қазақ тіл ғылымында,
жалпы еліміздің рухани әлемінде
өзіндік орны бар, бойындағы бар
білімі мен қажыр-қайратын ғылым
мен ұстаздық жолға жұмсап, тілді сүю
арқылы ұлтты сүюдің ғажайып үлгісін
көрсеткен қазақтың қайраткер
ғалым қызы Рәбиға Сыздықтың
есімі айрықша аталады. ҚР еңбек
сіңірген ғылым қайраткері, «Құрмет
Белгісі»,«Парасат» ордендерінің
иегері, есімі Қазақстанның «Құрметті
алтын кітабына» жазылған ака-
демик Р.Сыздықтың қаламынан
туындаған «Абай шығармаларының
тілі», «Абайдың сөз өрнегі», «Сөз
сазы», «Сөз құдіреті», «Қазақ тіліндегі
ескіліктер мен жаңалықтар», т.б.
еңбектері халқымыздың рухани
игілігіне айналғандығы мәлім.
Атаулы дәрісхананы ашудағы
мақсат– «Ана тілінің Абыз-Анасы»
атанған тұлғаның ғылыми мұраларын
насихаттау, қастерлеу, сол арқылы
қазіргі студент жастарды ғылымға
баулу мен тәрбиелеу, сондай-ақ
қазақ қыздарының ғылымдағы ор-
нын ашып көрсету. Өйткені ұстаздың
бақыты – шәкіртінің жетістігі,
ғалымның бақыты – еңбектерінің
көпшілік игілігіне жарағаны де-
сек, академиктің ғылымдағы сара
жолынан тәлім алған, ғалымның
ғибратты ғұмырын үлгі-өнеге етіп
жалғастырып келе жатқан ізбасар
шәкірттері қаншама!
Дәрісхананың ашылу салта-
натына «Мемлекеттік тілге – құрмет»
бірлестігінің төрайымы А.Осман
мен Халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамының президенті, академик
Ө.Айтбайұлы, оқу орны басшылары
мен ұстаздары қатысты. Айтулы
шара аясында «Ғылымдағы қазақ
қыздары: қайраткерлік және дәстүр
сабақтастығы» атты дөңгелек үстел
өткізілді.
ҚазМемҚызПУ бірінші прорек-
торы Б.А.Әлиев: «Қазақ ғылымына
өлшеусіз үлес қосқан академик
Р.Сыздықтың 90 жылдық мерей-
тойы Қыздар университетінің 70
жылдығымен тұспа-тұс келіп тұрғаны
ерекше жағдай. Қос қуаныштың
белгісі – Р.Сыздық атындағы
дәрісхананың ашылуы. Бұл Дәрісхана
филолог мамандарды даярлайтын, са-
палы білім беретін орталыққа айнала-
ды деп сенеміз. Заманауи озық техно-
логиямен жабдықталған, ғалымның
еңбектері қойылған дәрісхана біздің
студенттеріміз үшін үлгі болатыны
анық», – деп жаңа дәрісхананың
ашылуымен құттықтады. Қыздар
университетінің 70 жылдығына орай
университеттің дамуына сүбелі үлес
қосқан, айрықша еңбек сіңіргені
үшін академик Р.Сыздыққа, акаде-
мик Ө.Айтбайұлына «Ұлағат» ал-
тын медалін, мемлекет қайраткері
А.Османға «Ұлағат» күміс медалін тап-
сырды. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институтының
директоры М.М.Малбақовты, ф.ғ.д.,
профессор Б.Абылқасымовты,
Абай атындағы ҚазҰПУ профес-
соры Ф.Оразбаеваны, әл-Фараби
а т ы н д а ғ ы Қ а з Ұ У п р о ф е с с о р ы
Б.Шалабайды мерейтойлық «Құрмет
белгісі» медалімен марапаттады.
Дөңгелек үстелде лингво-
стилистикалық, лингвотанымдық
зерттеулердегі ой-тұжырымдар»
с е к і л д і б і р қ а т а р т а қ ы р ы п т а р
талқыланып, академик Р.Сыздықтың
т ұ л ғ а с ы т у р а л ы , ғ ы л ы м ж о л ы
хақында ойлар ортаға салынды.
Қазақ филолгиясы және әлем тілдері
факультетінің 4-курс студенті Мөлдір
Баубекке Р.Сыздық атындағы атаулы
шәкіртақы тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: