Меңгүл ҚАНАБЕКОВА,
ҚР Білім беру ісінің
құрметті қызметкері
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
6
№10 (117)
20 қыркүйек
2014 жыл
М Ү Ш Ә Й Р А
Республикалық жазба
Бас жүлде
ҚҰШАҒЫҢ ТОЛЫ
ҚЫЗҒАЛДАҚ КІЛЕҢ...
Уай, Қарашаңырақ, мекен бе ең құтты?!
Қарыштап басқан озат боп дара.
Қазақ деп қана көтерген жүкті,
Көкке ұмсынатын Қазақ деп қана!
Қызыл ғасырдың пернесін бассам,
Бітер ме ед тарих қаңқасына тіл.
Көмескі күннің көмбесін ашсам,
Жендет заманның балтасы жатыр.
Жетпіс жасыңа жетпіс жыр арнап,
Асыра алам ба ардақ бағаңды?!
Алапа жырым көп түсті барлап,
Тарих бұрымын талдап тарамды.
Құшағың толы қызғалдақ кілең,
Әлемің – әрлі мөлдір бақ елі.
Сұрапыл соғыс ызғарлап білем,
Гүліңді ерте солдырмақ еді.
Желтоқсан дерті жазылса, ол – бақыт,
Жаназа болған жаза дойыры.
Ақ маңдайыңа әжім торлатып,
Ажарыңды алды ажал ойыны.
Бойжеткеніңді түлеген жаңа,
Ой, жетпегірлер, отады-ай қорлап.
Қалған күніңді біледі ел-дала,
Зарлықтай зарлап, ботадай боздап.
Кеңес құрсаған кетуі ғаріп,
Тегеурін күші теңселді бұлттың.
Өткеннің бүгін өтеуін алып,
Етегің жинап, еңсеңді тіктің.
Бояуы ұлттың жалқы заманнан
Желісі үзілмей жалғанды мәлім.
Дәстүр мен салтым қалпыңда қалған.
Сақталған сенде ақжаулық арым,
Уай, Қара шаңырақ, керегең керіп,
Таңырқаттың да талайды бүгін.
Тәрбиең ізгі, көреген, берік,
Білімнің сепкен арайлы нұрын.
Арында дермін, жалында дермін,
Атадым сені, алға бас үдеп!
Қазына-құты қабырғалы елдің,
Алты Алашымның аруанасы деп!
Айбол ИСЛАМҒАЛИЕВ
І орын
ҚЫЗДАР ҚАҒАНАТЫ
Сенде көрдім құралай,
Сенде көрдім ботаны...
Сол өрімдер кешегі әже болды жоталы.
Сен аман бол ендеше, махаббаттың мекені –
Қағанаты қыздардың, сұлулардың Отаны!
Аспанда ай туатын, түн ішінен тынатын,
Әлдилесе бозаң түн, жұлдыз жанып тұратын.
Терезеңнің алдында күрсінетін күлім көз,
Күй төккенде бір жігіт, жыр оқыса бір ақын.
Гүл ұстатсаң қолына жас алатын көзіне,
Ғажап еді қыздардың студент кезі де.
Жыр оқыған сол ақын Тұманбай ма деп қалам,
Бебеулетіп күй төккен Нұрғисаның өзі ме?!
Елең қылмай есерді, табын сезбей ызғардың,
Қызғанбасты қызғанып,
сызданбасқа сыздандың.
Қайырбеков Ғафекең осы ортада жүрмесін,
Жаулап алып өлеңмен жүректерін қыздардың.
Адамзаттың тірегі, жігіттердің тілеуі,
Айға айналса қабағы, күнге айналған реңі.
Талай тілек бұл жерде бүр жарды да гүлдеді,
Тасқа айналса бір жүрек, мұзға айналды біреуі.
Қызғалдағы даланың, қоғалы көл құралы,
Қағанаты қыздардың – мөлдір сезім бұлағы.
Желіктіріп желеңді, еліктіріп кереңді,
ҚызПУ жақтан бір самал баяу есіп тұрады.
Мұңын мұңдап мұңлықтың, күнін кешіп
пақырдың,
Терезенің түбінен қанша қызды шақырдым...
Жетпістегі кемпірдегі іздеп келіп тұрғам жоқ,
Он сегізден дәмелі қырғи тілді ақынмын.
Үмітімнің талғары, өмірімнің тармағы,
Көңілімнің көлінің алтын жүзді қармағы.
Сен аман бол ендеше, махаббаттың Отаны –
Қағанаты қыздардың, жігіттердің арманы!
Ғалым ҚАЛИБЕКҰЛЫ
ІІ орын
ЖенПИ
Алматыда көшесі бар Гогольдің...
Ғафу Қайырбеков
«Болам десең жақсы ұстаз, ең сыйлы ана,
Жеткізеді арманға ЖенПИ ғана!».
Құлағымнан кетпейді әлі күнге,
Айтқан осы әңгіме көрші үйде аға!
«Асыл жармен табады бағын адам,
Жағам десең, алдымен жағын оған.
Табам десең жақсы жар ЖенПИ-ге бар!»,
Деп еді-ау бір сол аға тағы маған.
Содан бері қаншама заман өтті,
Міндік талай құлагер, қара көкті...
Оқымаған ЖенПИ-ден, амал бар ма,
Жүрегімді қанша ару жаралы етті.
Бір-біріне кететін болып құрбан,
Ғашықтардың тағдырын тоғыстырған,
Алматының жүрегі ЖенПИ біздің,
Лүп-лүп етіп күндіз-түн соғып тұрған.
Құйған құрыш секілді білектері,
Аппақ нұрдан жаралған тілектері,
ЖенПИ жаққа келеді нар жігіттер,
Лүп-лүп етіп, құрсын-ай, жүректері.
Аққу қайта қона ма көне көлге,
Сол қарызым өмірде төленер ме!?
Есігінен ЖенПИ-дің аттаған қыз,
Тиеді екен Еңлік бол Кебек ерге!
Ақылды қыз өседі өрелі елде,
Сол қыздарды қосамын мен өлеңге.
Босағасын ЖенПИ-дің аттаған қыз,
Шығады екен Жібек боп Төлегенге!
Іздеп қызды бойы ұзын, көзі қара,
Уақытты алмаңдар созып ана.
Партасында ЖенПИ-дің отырған қыз,
Ереді екен Баян боп Қозыға да!..
Өтті бастан, қайтейін, бір ағат жай,
Тұра бермес сусылдап сынап ақпай!
Басқа ауылдың жүріппін бақшасында,
Ақылына ағаның құлақ аспай.
Аруларды қосамыз біз де өлеңге,
Елең ете түсеміз қыз дегенде.
Сәл ертерек, амал не, табады екем,
ЖенПИ жақтан мен сені іздегенде!
Аппақ еді сондағы арман қандай,
Бүкіл әлем көз тігіп таңданғандай.
Елеңдеумен келемін әлі күнге,
Сол ЖенПиде бірдеңем қалған жандай!
Қанған емес көңілдің жерігі түк,
Өткендерін кеткенмен ел ұмытып –
Елеңдеумен келемін Сол ЖенПиде,
Жүргендей боп бір ару мені күтіп!
Түсте көріп өткеннің жақсы елесін,
Бір сұлуға кейде бір «тап бересің».
Ақыл айтқан сол аға Ғафу еді,
Қағып түскен ЖенПИ-дің ақ Бәдешін!
Ауыт МҰҚИБЕК
ОДА
(Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетіне)
Ұмай Ене!
Сертсіз маған кешірім..
Тұмар ханша әлдилеген бесігін,
Тәлейлісін Құртқа билер Орданың
Қақпай кірдім есігін.
Жеті айқаста жеңілмеген жауымдай,
Қасиеті Нұх тірелген тауымдай.
Құдіреті қарғыс алған қауымдай,
Тылсымдардың Киесі екен бұл Орда!
Жел тұрмаса желбіремес жалаудай,
Тұтанбаса тырп етпейтін алаудай,
Өлер алды қабыл емес қалаудай,
Қыршындардың Иесі екен бұл Орда!
Сол Ордадан күй шерткенде Айбозым,
Сеніміне қадап едім сайгезім.
Шаңғыз түнде шашы ағарған құралай,
Аңсайды екен қай кезін...
Нар қобыздың бақсыларын қаулатып,
Құмырсқаның илеуіне аунатып,
Енді менде қарғыс күйін шертсем бе,
Бекежанның жебесіндей заулатып?!
Қыз жасауын жамау қылған жарлыдай,
Мен сенетін жазылмаған жарғыдай,
Аяныш пен қарғыс ерткен күндердің,
Обалдарын дәргейіңе ал Құдай!
Шымылдықта шетінеген күнәдай,
Әруақтан арда қонған мұрадай,
Таза едік қой...
Былғанышқа қалай қидың құралай.
Мен уақыттың баяны жоқ көшімін,
Ұмай Ене!
Сертсіз маған кешірім..
Тәлейлісін Құртқа билер Орданың
Қақпай кірген есігін...
Бекзат СМАДИЯР
ІІІ орын
ГОГОЛЬ, 114.
МАХАББАТ БУЛЬВАРЫ
Сағыну мен сарылуың бітпейтін,
Қоштасу мен төс басудан бетер-ау.
Керуендері күттірмейтін, күтпейтін,
Сезім жолы – өмір жолы екен-ау...
(Араласқан ағы менен қарасы)
Сезім, сенім – ұстасқан қос қолымыз.
Жанарың мен жанарымның арасы –
Екеуміздің қауыштырар жолымыз.
Артымыздан дұға қылған күз қайтер,
Бал шағымыз қала ма енді аңыз боп?
Қайдағыны шығарамыз біз де әйтеуір,
Бақытсыздар қаласынан бақ іздеп...
Қолым бұлғап, кеміп көңіл тынысы,
Көзімменен көздеріңді ұзаттым,
Солқ-солқ еткен мәшинелер жүрісі,
Солқ-солқ еткен жүректерді жұбатты.
Кербез көңіл кемсең қақты қамауда,
Мен өткеннің өксігіне көмілдім.
Ревизорды үш өртеген алауға,
Көшесінде отқа орадың Гогольдің.
Маңдайыма бағым болып қондың дәл.
Өткеніміз өкпені артып, қол бұлғар,
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
7
№10 (117)
20 қыркүйек
2014 жыл
М Ү Ш Ә Й Р А
ақындардың жыр мүшәйрасы
...Бізді де алғаш кезіктіріп көктемде,
Ең соңғы рет қоштастырған сол бульвар...
Сенсіз жүрген жолдарымның құр бәрі,
Айтылмады сырларымның қаншасы...
Ашылмаған әлемімнің - жұмбағы,
Жазылмаған жырларымның - ханшасы...
Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ
ГҮЛСТАН
(Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетіне)
Гүл – қыздар елі – Гүлстан,
Гүлстан – арулар елі.
Көбелек-көңіл дүр ұшқан,
Білмеймін неден дәмелі?!
Гүлстандағы Гүл – қыздар,
Сендер деп Ай қақ жарыла,
Күн сөніп, ағып Жұлдыз бар,
Бұлбұлдар басты зарына:
Оо, Гүлстандағы елдер,
Өздеріңді іздеп жер шалдым.
Барлығыңа асық жан ем мен,
(Еншіме бірін бер, Тағдыр!)
Гүл – қыздар Гүлстанда өскен,
Әрқайсың бибісің дара.
Шырқалмаса да ән – қөктем,
Күйсіңдер берер тыңдала.
Гүлстандағы бәйшешек,
Гүлдерге Хауа анасың.
Жастанып суық қар – төсек...
Сен солай бақыт табасың!
Гүлстандағы қызғалдақ,
Солғындық болсын жоярың.
Күлімдеп жібер күзді арбап,
Оңдырмай ардың бояуын.
Гүлстандағы раушан,
Жібектей сақыпжамалдым.
...Төлеген – танау құмартар!
...Жазаңды «Бекежан» алғын!
Гүлстандағы Лала – Гүл,
Ләйлідей жаның жұмбақ тым.
Мәжнүн болып барамын,
Жұпарың бейне «жынқақты».
Гүлстандағы жан – Гүлдер,
Сендерсіз тұлдыр тіршілік.
Ақылым осы бар білген,
Болмаңдар жәй бір құр шыбық.
Гүл – қыздар елі – Гүлстан,
Гүлстан – арулар елі.
Көбелек – көңіл дүр ұшқан,
Аңсары – Гүлдер әлемі,
Аңсары – Гүлдер әдемі!!!
Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ
БІЛІМ МЕН
ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ
Жетпіске келген ЖенПИ-ім,
Жырыммен сені желпиін.
Бозбала шақты еске алып,
Бір сәтке бүгін елтиін.
Соғыс кезеңі – жол басы,
Жыл еді елге ол да сын.
Құрылды ЖенПИ сол кезде,
Ғылым мен білім ордасы.
Ұшырдың қанша түлекті,
Мыңдаған Баян, Жібекті.
Атыңа сенің елеңдеп,
Бозбала-жүрек дір етті.
Өнеге сенен бастады,
Халқымның қарлығаштары.
Жолданды жатақханаңа,
Ғашық жүректер дастаны.
Алысқа даңқы жететін,
Махаббат, жастық бекеті.
Он сегіздегі арусың,
Қыздардың университеті!
Төлеубай ЕРМЕКБАЕВ
Ынталандыру сыйлығы
ЖЕТІ АСУ
Жебеген шығар Мұхтардан бата алғаның,
Жеті асу астың жетелеп жүріп арманың.
Ғұлама орда ғылымның болған анасы,
Ғажайып қандай жетпіске келіп қалғаның!
Уығы берік болсыншы дәйім іргеңнің.
Бақыттысың ба? Көп кезең көріп үлгердің.
Түрлендің талай, шаңырағыңнан әлі де
Аңқиды исі гүлдердің.
Раушандарыңның бойына сіңген батылдық.
Ақұштабыңды ұшырдың айдай ақын қып.
Әніне әсем Тамараңның да тебіреніп,
Таңдайын қағып жатыр жұрт.
Нәзік гүліңнен жасадың талай нар тұлға.
Бақыттысың ба? Соқпағың қалды артыңда.
Тәлімді мекен түтінің түзу болсын тек
Адасу болмай салтыңда!
Үніне елтіп, бақ өзі жатқан жайланып,
Айқарагөздің әуені басқа қайда анық?!
Жетпісте өнген жауқазындарың Күн болсын,
Мәңгілік елдің шамшырағына айналып!
Әйгерім ҚУАНЫШБАЙ
АРУЛАРДЫҢ АҚ ҮЙІ
«Қыз өссе елдің көркі!», -
деп айтқан бұрынғылар.
Бұрылтпай қоймас, Сені,
Ботагөз бұрымдылар.
Арадай шырын құмар,
Аңдитын «жырындылар» ,
Сыңарың болса жақсы,
Сырыңды, жырыңды ұғар!
Аққулар аспан зерлеп,
Жаралса самғау үшін.
Арулар ақ үмітті
Жаралған жалғау үшін.
Қол жетпес ардағысың,
Жігіттің арманысың -
Бәрінен биік қойған,
Арудың ар-намысын.
Үміті бір-бір үйдің –
Үкілер ата-анасы,
Қазақтың қыздарының,
Қастерлі босағасы,
Сұлулық айдынының,
Ақ қанат шағаласы –
Баулитын балапанын,
Болашақ отанасы!
Арулар ақылды көп,
Артпайтын жүгін ерге,
Қазақтың қызыменен –
Қазақтың тілі бірге.
Бірінсіз-бірі жарты,
Екеудің күні бірге, –
Қос ұғым тұтасса егер,
Тіліміз тірілер ме?!
Қыз бала – ертеңгі ана,
Анадан алып туар.
Арудың жайсаң мінез,
Жанары жанып тұрар, –
Ибалық жаршысындай,
Мейірім тамып тұрар,
Жоқ шығар жер бетінде
Анадан алып шынар.
...Қыз аз ба қарсы тұрған
Самсаған сан аттыға.
Білімге жүгінетін
Нұр жауар талаптыға.
Шоқтырмай тұмсықтыға,
Қақтырмай қанаттыға,
«Қыз – өріс», «қыз – қонақ» деп,
Өсірген қазақ мына.
Тарихта талай ана –
Үлгісі дара жанның.
Томирис-Тұмар ханым,
Айғаным аналардың,-
Қыз Жібек, Айман-Шолпан,
Сіңілісі Саралардың, –
Бүгінгі қазақ қызы –
Бренді замананың.
Тоғыз мың қыз тағдыры, –
Қолында Динар ханым,
Берсем деп білім, білік,
Күн сайын қинар жанын.
Ұрпаққа, ұлтқа қажет
Ұсынар жиғандарын.
Үлгісі – аналардың
Ұлт үшін қиған жанын.
Қыздары ҚызМПУ-дың –
Қызғалдақ – құлпырады,
Айтылмай ән, қалайша
Жазылмай жыр тұрады?!
Жарқырап жайнап тұрған
70 жыл нұр-шырағы –
Арулар Ордасының
Арта бер ынтымағы!
Төреғали ТӘШЕН
САҒЫНЫШ ЖЫР
Қашан да биік болған жұрт бағасы,
Бұл жерден шыққан талай ұлт данасы.
Осынау қасиетті, қастерлі орда
Қазақтың қыздарының құтханасы.
Ажары – Алматының аспанындай,
Ғажабы – лағыл моншақ тастарындай.
Қыз бенен Қызыр қонған осы бір жер
Бақ пенен берекенің бастауындай.
Құрметтеп, қадірлейтін бөріктіні,
Ол біздің салт-дәстүрдің беріктігі.
Көңілдің көзімен де көрмедім мен
Қазақтың қыздарындай көріктіні.
Жататын жаңарып күн, таралып түн,
Жарлары осы жерден сан алыптың.
Бұл жерден түлеп ұшқан талай қыздар –
Үлгісі аналық пен даналықтың.
Тартылған өзендердің арнасындай,
Немесе, тарпаң күндер таңбасындай...
Жігіттік желкенімді жел тербеген
Менің де жастығымның айнасындай.
Байласа бозбалалық күрмеп ғана,
Бола ма мұнан өткен құрмет дара.
Қыз қуып, қызық қуған сол күндерден
Қалғаны сарғыш тартқан сурет ғана.
Шіркін-ай, қандай еді, қандай еді,
Армандар – ақ қанатты таңдай еді.
Сол қыздар жарқыраған маңдай еді,
Шәйлары шекерсіз-ақ балдай еді!
Үйлену десек ердің түйінді ісі,
Жастардың осы болар қиын тұсы.
Талайды таныстырған, табыстырған
«Гоголь» мен «Сейфуллиннің» қиылысы.
Тұлпардай жер тарпыған кермедегі,
Бұл маңға түн қатып кім келмеп еді.
Сезімін бозбала мен бойжеткеннің
Ақ қайың әуелетіп тербеп еді.
Дегенмен мұнан әрі қозғамалық,
Тұрғандай ту сыртымнан көз қадалып.
Сезім мен серіліктің серті болған
Сен қандай керемет ең бозбалалық!
Бұл күнде көңіл де жоқ алып ұшпа,
Тіршілік тұтқынында, сабылыста.
Өмірдің заңыменен барлығы да
Осылай айналады сағынышқа!
Әлібек ШЕГЕБАЙ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
8
№10 (117)
20 қыркүйек
2014 жыл
СТУДЕНТТЕР КҮНІ
«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕК –
АБЫРОЙЛЫ»
Университет ұжымын, студент-
терін еліміздегі үлкен шаңырақ Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің мерейтойымен
құттық таймын!
Университет жетпіс жылдық та-
рихында мыңдаған қазақ қыздары осы
оқу орнында жоғары білім алып, бүгінде
кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде
ұрпақ тәрбиесі жолында абыройлы еңбек
етіп жүр.
Сол сияқты қаншама түлектер
қоғамдық, мемлекеттік қызметтерде,
білім және ғылым саласында таны-
мал қайраткерлер атанып, еңбек
етіп жүргендерін жақсы білеміз.
Сондықтан да алғашқы уақытта
университет ұжымына Елбасы -
мыз Н.Ә.Назарбаевтың білім беруді
жетілдіру және әлем стандарттарына
сай ұлттық кадрлар даярлай беруге
тілектеспін.
Серік ҮМБЕТОВ,
ҚР Парламенті
Мәжілісінің
депутаты:
Конференцияны Әлеуметтік және тәрбие
ісі жөніндегі проректор З.Қ.Сабырова ашып:
«Ұлт тәрбиесі мен халқымыздың болашағын
көрегендікпен болжап отырған Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауында
«Халқымыз қыздың жолы жіңішке дегенді
ерекше мән беріп айтады. Бойжеткен, әйел заты
әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі,
ал, ана – оның ең ардақты тұлғасы болды», —
деп ерекше тоқталып, мәнді де, мазмұнды ба-
яндама жасады.
Елбасы жолдауын іске асыру мақсатында 70
жылдық тарихы бар Қыздар университеті қыз
балалардың тәрбиесіне, жастардың болмыс-
бітіміне үлес қосатын көптеген игі шараларды
жүзеге асырып жүр. Солардың бірі –қазіргі
таңда әлемнің еш елінде баламасы жоқ, бүгінде
республикамыздың түкпір-түкпіріне қанатын
кеңге жайған идея – «Қыз Жібек» клубының
ашылуы.
2013 жылы өткізілген «Әйел және дін»
халықаралық форумы аясында тұсауы
кесілген «Қыз Жібек» клубы арулардың
ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп,
салт-дәстүрді танып-білетін, заманауи
көшбасшылық қасиетке ие, қарым-қабілеті
жоғары болып, нағыз тұлғаға айналулары үшін
қызмет атқарады.
Бұл бастама еліміздегі бірнеше оқу орында-
рында ашылып, саналы қыз, нағыз қазақы ару
тәрбиелеуге атсалысатын орталыққа айналды.
Текті қыздар ортасын құруға бағыт алған «Қыз
Жібек» клубы мәдениетті, салт-дәстүрді, әдет-
ғұрыпты дәріптейтін орталыққа айналып, оң
нәтижелерін көрсетіп келеді.
Игі істі қуана қолдаған университет ректоры
Динар Жүсіпәліқызы «Қыз Жібек» клубының
«Қызым саған айтам...» айдарымен №1 және
№2 кітапшалары жарық көруіне үлкен ықпал
етіп, клубқа арнайы кабинеті ашқан болатын.
Дәл осы «Қыз Жібек» клубында баршамызға
белгілі, еліміздің мақтанышы, ауыр атлети-
кадан Лондон олимпиадасының чемпио-
ны Майя Манеза да қазақы салт-дәстүрмен
ұзатылған. Қайсар қыздардың жолын жалғап,
университеттің танымал, белсенді түлектері
осылай ұзатылып, өмірден өз жолдарын табуда.
Б ұ л – х а л ы қ п е д а г о г и к а с ы н ы ң
ә д е м і ж а л ғ а с т ы ғ ы н т а у ы п , ұ л т т ы қ
құндылықтарымызды жаңғыртудың үлкен
бір жобасы десек, асыра айтқандық емес.
Мұнда болашақ жар, ардақты ана, аяулы әже
сынды нәзік жандылар қауымы сан алуан
тақырыбында дөңгелек үстелдер, кездесулер,
психологиялық тренингттер, семинарлар мен
байқаулар өткізіліп тұрады. Ол – күні кеше ғана
мектеп табалдырығынан түлеп, бүгін студент
партасында отырған әрбір қызға мәні орасан
зор тәлім-тәрбие.
Республика көлемінде ашылған «Қыз
Жібек» клубтарымен қарым-қатынас орна-
тып, онлайн байланысындағы жұмыс – соның
сүбелі нәтижесі. Қыздар университетіндегі
клубтың филиалдары Қазақстанның басқа
қалаларындағы жоғары оқу орындарын-
да ашылғаны мәні зор мәртебе. Қыздар
у н и в е р с и т е т і м е н б о л ғ а н т е л е к ө п і р г е
республикамыздың төрт беделді жоғары оқу
орны - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті, С.Торайғыров атындағы Пав-
лодар мемлекеттік университеті белсене ат-
салысты. Онлайн конференцияда білікті оқу
орындарындағы «Қыз Жібек» клубының фи-
лиалдары әуелі киелі білім ордасының торқалы
тойымен құттықтап, ақжолтай тілектерін
жеткізді. Сосын ұлт болашағы – қыздар үшін
жасалынып жатқан іс-шараларымен бөлісті.
Бұл телекөпірді Жастар саясатын дамыту
бөлімінің бастығы М. Ахтаева жүргізіп отырды.
Сондай-ақ, «Қыз – ұлттың қазынасы»
онлайн конференциясында «Қыз Жібек»
клубының мүшесі Жанерке Серікова, Әйгерім
Төлеу клуб аясында атқарылған жұмыстар
жайын да баяндап берді.
«Қыз Жібек» жастар клубы мерекелік
апталығында Әлеуметтік және тәрбие ісі
жөніндегі проректор З.Сабырова клубтың
белсенді студенттерін университет логотипі
бар төсбелгісін тағып марапаттап, жеткен
жетістіктері үшін алғысын білдірді.
Ал, университеттің барша қыздарының
тәрбиесі жолында сүбелі еңбек сіңіріп
жүрген проректор Зәуреш Қуандыққызына
«Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ
шығармашылық бірлестігі халықаралық
ұстаздар Одағының» төсбелгісін Жастар
саясатын дамыту бөлімінің маманы Назира
Жүсіпбекова тағып, арнайы куәлігін табыс
етті.
Студенттер күнінің жалғасы студенттердің
алаңда ұйымдастырған іс-шарасы жандандыра
түсті. «Жоғары студенттер кеңесі» ұйымының
ұйымдастыруымен «Жатақханалардан 70
жылдыққа мерейтойға тарту» атты мерекелік
кеш қызықты өтті. «Елге сәлем», «Тәуелсіз
Қыздар университетінің Жастар
ісі жөніндегі комитеті қара
шаңырақтың табалдырығын
аттаған 1 курс студенттеріне
арналған жиын өткізді.
Студенттерді ғылым мен
шығармашылық жұмыстарға
тарту, оларды сабақтан тыс
уақытын тиімді пайдалануға
шақыру мақсатында өткен жиын
б а р ы с ы н д а б і л і м о ш а ғ ы н д а
ж ұ м ы с і с т е й т і н 3 0 - д а н а с а
студенттік клубтар, 12 ұйымдар
мен орталықтар, студенттердің
қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ т а р ы н а қ а р а й
ашылған 51 түрлі үйірмелер, сала-
уатты өмір салтын қалыптастыруға
бағытталған 10-нан аса спорт
секциялары, сондай-ақ, «Жас
Отан» жастар қанаты, «Кәсіподақ
елім – Қазақстан!» тәрізді патриоттық әндер
шарықтала шырқалды. «Қазақ елі» әні хор-
мен айтылғанда барша жұртты елең еткізбей
қоймады. Студенттердің сыйы мұнымен тау-
сылмады. Оқу ғимараты алдында тек қана ару-
лардан құралған флешмоб ұйымдастырылды.
Ырғақты әнге мың бұрала билеген қыздар
ең соңында екі қатарға тізіліп, «70» деген
жазуды айшықтады. Оқу орданың мерейтой-
ына арналған тарту есте қаларлық ерекше сый
болды.
Адам өмірінде мәңгі есте сақталып
қалатын шақ – қызығы мол студенттік жыл-
дар. «Жастық шақта алынған білім – тасқа
қашап жазғанмен тең» деген, ең негізгісі
студенттік жылдарды қызықты өткізу арқылы,
сапалы білім алуға талпынып, көп тілді
меңгеруге ұмтылу. Болашақтың кілті — білімді
жастардың қолында екендігін түсі ну — студент
үшін маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |