Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі7,1 Mb.
#7069
1   2   3   4   5   6

Нәзира ӘЛМЕКЕЕВА,

Ғылыми кітапхана қызметкері

17 наурыз күні университеттің лекциялар залында Педагоги-

ка-психология факультеті Ғылыми кітапхананың оқырмандарға 

қызмет көрсету бөлімімен бірлесе отырып, университеттің беделді 

ұстазы, педагогика ғылымының докторы, профессор Қазына 

Аймағамбетовамен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге ұстаздар, 

әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану педагогика-психология 

факультеттерінің студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Қазақ 

мемлекеттік 

қыздар 

педагогика-

лық 

университе-

тінде 6 нау-

рыз күні 

Тәрбие және 

әлеу меттік 

мәселелер 

депар тамен-

тіне қарасты 

«Қыз Жібек» 

қоғамдық 

бірлестігінің 2 

жасқа толуын 

атап өтті. 

P.S.

6

№1 (05), 30 наурыз, 2015 жыл

Жазушы Ақселеу Сейдімбектің 

ш ы ғ а р м а л а р   ж и н а ғ ы   т і л г е   ж е ң і л , 

жүрекке жылы тиетін туындылардан 

тұрады. Әсіресе, «Аққыз» повесіне 

ерекше тоқталғым келеді. Атап айтар 

болсам, бұл шығармада суреттелген ер 

мінезді қыздың ерлікке толы сезімі, 

жалпы шығарма желісіндегі жасаған 

осы бір образ өткен дәуірдегі қазақ 

қыздарының болмыс бітімін суреттеген-

дей. Серілердей ат үстінде тізгін ұстаса да 

өзіндік нәзіктігін жоғалтпаған. Аққыздың 

бейнесі шығарманы аяқтағаныма дейін 

көз алдымда бейнеленді. Жазушының 

шығармадағы кейіпкерін оқырман 

қауымының көз алдына жанды дүние 

сынды жеткізе алуы оның шеберлігін 

анық байқатады. Жазушылық мықтылығы 

деп білемін. Жалпы шығарма кез келген 

оқырманның сезімін оята аларлықтай, 

қазақтың өткеніне шолу жасауға мүмкіндік 

беретіндей үздік жазылған. Туынды маған 

ұнады және өзімнен кейінгі оқырмандарға 

да ұнайтынына нық сенімдемін.

 

 Айдана ИБРАЙЫМОВА,

Студенттік медиа клуб мүшесі 

 Мен «Аққыз» повесін оқып отырып, 

нағыз қазақтың қазақылығы мен жігіттердің 

ерлігін, бойында биязылық көптеген арулардың 

батылдығын көре алдым және содан ерекше 

әсер алдым. Жазушы шығармада байырғы 

қазақтың қонақжайлылығын, батырлар 

мен серілерге деген құрметін, қазақтың өр 

мінезді қыздарына деген шексіз сезімдері мен 

сенімдерін айқын бейнелеген. Бұл шығарма 

маған әсерлі тілімен оқи отырып ерекше сезімге 

бөлейтін көркемдігімен ұнады. Жалпы шығарма 

жазушының отты жүрегінің жыры секілді. 

Оқырманның көңілінен шығады және баурап 

алады деп сенемін.  Ақселеу Сейдімбектің 

«Аққыз» шығармасы қазақылықты танытатын 

ерекше көркемділікке ие, батырлық та, өнер 

де, ұлы сезім де қамтылуымен оқырмандардың 

сүйікті шығармасына айналары сөзсіз.

Құрбанкүл АҒАБЕК,

Студенттік медиа клуб мүшесі 

18 наурыз күні Қыздар 

университетінде «Халқым, сен 

шын тіленіп табынарым» деген 

атпен ІІ Таңжарық оқулары 

өтті. Қазақ хандығының 

550 жылдық мерейтойына 

орайластырылған шара алаш 

ұранды әдебиеттің белді өкілі, 

ұлт қайраткері, ақын-ағартушы 

Таңжарық Жолдыұлының 

өлеңдерін, өнегелі өмірін 

дәріптеп, жас ұрпақты қазақ 

әдебиеті мен тарихының 

ақтаңдақтарын ашуға, зерделе-

уге шабыттандыру мақсатында 

арнайы ұйымдастырылды.

Шара алдымен «Таңжарық 

таңдамалы шығармалары» деген 

атпен биыл «Мерей» баспасынан 

2000 данамен жарық көрген дауыл-

паз ақын Таңжарық Жолдыұлының 

«Артық білім – кітапта», «Кітап – білім 

бұлағы» секілді мақалдар мен «Адамды оқитын 

кітаптары мен қоршаған ортасы арқылы 

тануға болады», «Теледидар көретіндерді 

кітап оқитындар басқарады» сынды пікірлер 

жұртшылықты кітап оқуға шақырып, әрдайым 

ізденуге, ой ұшқырлығын дамытып, сөздік 

қорды арттыруға құлшындыратыны белгілі. 

«Қазіргі таңда кітап оқылмайтын болды» деген 

сөз жиі айтылады. Бекер айтыл май тындығы 

тағы белгілі. Бірақ рухани азық алуды қалаған 

жастар кітаппен қашан да дос. 

Бүгін оқырмандармен жазушы Ақселеу 

Сейдім бектің «Аққыз» повесі туралы ойыммен 

бөліскенді жөн санадым. Бұл повесть қыз бен 

жігіттің арасындағы оқыс оқиға – барымтадан 

басталған таныстықтан, түрлі жағдайлардан 

кейін, Аққыз бен Наймантайдың армандарына 

жетіп, қосылып, отау тігулерімен аяқталады. Ба-

сты оқи ғасы осы болғанымен, шығармада қазақ 

өмір-тіршілігі, ауыл көркі, ойын-той, барымта, 

қыз бен жеңгенің арасындағы сыйластық, арлы 

қыз бен жігіттердің бейнесі сипатталады. Жал-

пы повесть маған ұнады. Шығармадағы кейбір 

жайттарды ойыма мықтап түйіп алдым.

Аққыздың бойына сіңірген салтанатына 

сай тәрбиесін айтсаңызшы?! Пай-пай, шіркін! 

Мінезіне тәнті болдым. Иә, рас қыз балаға 

қызша тәрбие беру керек дейміз-ау, бірақ нәзік 

те ұяң, қылықты қыз болып тәрбиелегенде, кім 

білсін, сол бір түнгі сауғашылардан төрт түлік 

мал тұяғының ізі де қалмас еді. Оның бойындағы 

батылдық пен өжеттілік осыдан көрінді. Алай-

да Аққыз ер баладай тәрбиеленсе де өзінің 

қызталдырмаш ару екенін естен шығармаған. 

Бұған дәлел – жеңгесі Айкүміспен сырлас 

болуы. Жас болса да соңғы жылдарда әкесінің 

рұқсатымен ел арасында әділ төрелік айта 

білгендігі бойдағы қанның таза да текті екендігін 

тайға таңба басқандай анық байқатып тұр.

Найман тай дың батылдығы мен тапқырлығы 

да ерекше. Сүйге ніне қол жеткізу үшін басын 

бәйгеге тікті. Аламан батырдың алдына өзі ба-

руы өлімге өз еркімен бас тіккені еді. Ол Аламан 

кейпінде Аққызға өзінің Аламан екендігіне 

Аққызды еш шүбәсіз сендіруі және күндіз емес 

түнде келуі бір жағынан сүйгенінің атына кір 

келмес үшін жасалған әрекет еді. Сонымен 

қатар, кетер алдында қыздың білезігін, алқасын, 

бөркін сұратуының өзі Наймантайдың жай адам 

еместігін білдіреді. Бірақ бір әттеген-ай дейтін 

жері, Аққыздың түнделетіп келген азаматтың 

Аламан емес, Наймантай екенін танымауы. Егер 

ол амалсыздан Аламан батырға келісімін берген 

күнде де жүрек қалауы Наймантайды тануы 

керек еді ғой...

Ал, жеңге болса, Айкү міс тей болсын! Ол 

қайынсіңілісінің жан баласына ашпай, тек өзіне 

ғана айтқан сырын іште сақтап, түнделетіп кел-

ген азаматын аруының бөлмесіне жұртқа дабыра 

салмай, жігін жатқыза жіберуі және Наймантай 

алып кеткен бұйымдардың шешуін айтқандағы 

тапқырлығы – бәрі-бәрі сүйсінтеді. Бүгінгі 

күнде халқымыздың салтындағы жеңге мен 

қайынсіңілінің арасындағы қыл өтпес достық 

пен сыршылдықтың үзілмеуіне себепкер бола-

ды. Сондай-ақ, шығар ма дағы қазақ халқының 

қонақжайлылығын керемет суреттегені, салт-

дәстүрдің, ауылдағы той-жиынның сипатталуы 

ерекше се зім  ге бөледі. Тазалық, адалдық һәм 

сыйластық қазақтың бойына біткен ерекше 

қасиеттер екеніне мақтанып, сүйсіндім.

Адамның жүйке жүйесін тыныштандыра-

тын, рухани ләззат сыйлайтын құралдардың 

бірі – кітап. Шығарма желісі арқылы сол 

оқиғаға өз қиялыңның ұшқырлығымен саяхат-

тау ға, кейіпкерлерді өзің түсін гендей елесте-

туге мүмкіндік алып, туын дының жанрына, 

тақырыбына қарай әсерле несің. Кейіпкермен 

бірге қуанасың, мұңаясың, арман дайсың, бір 

сөзбен айтқанда, өмір сүресің.

Қазір к таптың әрбір парағын ашып, иісін 

сезініп, қолмен ұстап оқимын десек те, элек-

тронды кітап оқуға мүм кіндік беретін құрал дарға 

жүздеген кітаптарды жүктеп алып, кез келген 

жерде оқимын десек те бар мүмкіндік жасалған. 

Сол үшін, кітап оқып, ой бөлісіп жүрейік, дос-

тар!


Альбина ҚАЛМЫРЗАЕВА,

Студентітк медиа клуб мүшесі

БІР КІТАП – БІР ПІКІР

ШАРА

Қазіргі жастар кітап оқиды ма? Көркем әдебиетке деген қызығушылық-

тары қалай? Қазақ және әлем әдебиетінде үздік автор мен ең көп оқылатын 

шығармалар қандай? Міне осы сынды көптеген сауалдардың жауабын 

беретін «Бір кітап – бір пікір» айдарын ашып отырмыз. Бұл айдарда сту-

денттер өздері оқыған кітап жайында немесе шығарма туралы пікір 

білдіріп, көпшіліктің талқысына ұсынатын болады. Газеттің әр санында 

жаңа бір туындының мазмұнымен танысатын боласыздар. Бұл нағыз 

кітапқұмарларға арналған айдар. Ой бөлісіп, пікір алмасу үшін редакцияға 

хат жолдаңыздар. 

Оқырманның 

жүрегін 

жаулайды


Қазақ болмысын ашатын шығарма

«Халқым, сен – шын тіленіп табынарым...»

Рухани ләззат сыйлайды

өлеңдері, толғаулары, дастанда-

ры мен таңдаулы шығармалары 

енген кітаптың тұсаукесерімен 

және айтыскер ақын аруларымыз 

Арзыгүл Қайыңбайқызы мен Зура 

Шайдымұратқызының жыр шашу-

ымен ашылды.

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті мен 

жақында ғана шаңырақ көтерген 

«Халықаралық Таңжарық зерт-

теу» қоғамдық қорының бірлесе 

атсалысуымен арулардың алтын 

ордасында өткен дәстүрлі шараға 

Алматы қаласы ЖОО студенттері 

қатысты. Аталмыш шараның 

ұйымдастырушысы, жобаның ав-

торы Тұрсынбай Дәуітұлының ай-

туынша байқауға қаланың 8 оқу ор-

нынан 50-ден аса үміткер қатысып, 

оның 15-і іріктеуден өткен.

Іріктеуден өткен студенттер 

екі кезең бойынша сынға түсті. 

Бірінші «Өткір ой, жүйрік қиял, 

қырағы көз, адамға бітеді алу-

ан түрлі мінез», - деп аталатын 

кезеңде ақынның өршіл өлеңдерін 

мәнерлеп, жатқа оқудан сайысқа 

түссе, екінші кезеңде «Ақылға кел-

се сай боп айла серік, болжайды 

бәрін ақыл бұрын көріп», деген 

тақырып аясында ақын өмірі мен 

шығармашылығы, айтыскерлік 

таланты мен қайраткерлік тұлғасы 

жайында қойылған сұрақтарға жа-

уап беріп, бақтарын сынады. 

Б а й қ а у ғ а   қ а т ы с у ш ы л а р ғ а 

белгілі ақындар, бірнеше дүркін 

республикалық, халықаралық 

ақындар мүшайрасының жүлдегері, 

ақын Әбдібек Әбдіманапұлы, 

Республикалық, халықаралық 

а қ ы н д а р   м ү ш ә й р а с ы н ы ң 

жүлдегері, ақын, журналист Ләззат 

Игісінқызы, Мәдениет қайраткері, 

ақын Қалиев Серік Әкрамұлы

Қ а з а қ   м е м л е к е т т і к   қ ы з д а р 

педагогикалық университеті ме-

диа орталығының жетекшісі, 

ректордың баспасөз хатшысы 

Дәрмен Смайыл қазылық жа-

сады. Әділ қазылар алқасының 

төрағасы, Қазақ радиосының 

қызметкері, ақын, журналист – 

Бақыт Жағыпарұлы.

Байқау қорытындысы бойынша 

Бас жүлдені ҚазМемҚызПУ 2-курс 

студенті Үміт Оңласын жеңіп 

алды. І орынды Абай атындағы 

ҚазҰПУ-дың 1-курс студенті Сал-

танат Әнапияева иеленді. Екінші 

орынға тігілген екі орын – Қыздар 

университетінің 2-курс студенті 

Гүлім Садырбекова мен осы оқу 

орынның 1-курс студенті Айжан 

Мелдебекке бұйырды. Үшінші 

орынды - Абай атындағы ҚазҰПУ-

дың 3-курс студенті Ринат Сары-

бала, С. Демирел университетінің 

3-курс студенті Алтынбек Ибра-

гимов, Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің 

1-курс студенті Айдана Нұрдан 

ү ш е у і   ө з а р а   б ө л і с т і .   Б а рлық 

жеңімпаздар қаржылай демеушілік 

көрсеткен «Халықаралық Таңжарық 

з е р т т е у »   қ о ғ а м д ы қ   қ о р ы н ы ң 

ақшалай сыйлықтарымен марапат-

талды. Бұдан өзге тағайындалған 

«Көдек Маралбайұлы» мен «Дос-

пер Саурықұлы» атындағы арнайы 

сыйлықтың иегерлері анықталды. 

Оған Қыздар университетінің 

1-курс студенттері Қамажай Ер-

кебаева мен Мерейлім Мырзабек 

лайық деп танылды.



Н.ЕЛЕУХАН

Аңызға айналған «Аққыз» 

7

№1 (05), 30 наурыз, 2015 жыл

Ш

амдары жарқ-жұрқ 



еткен түнгі клуб. 

Мағынасыз әнге 

мәнсіз қимылдарымен билеп 

жүрген жастар. Даңғыраған 

айғай, у-шу. Шеткерірек, ты-

ныштау жерге дайындалған 

үстелде жалғыз өзім отырмын 

апельсин шырынын ұрттап. 

Жақын араласатын құрбымның 

ең қуанышты күнінде жанында 

болайын деп жаным қаламайтын 

жерге еріксіз келіп отырмын. 

Келгенімді қайтейін, даңғаза му-

зыка мен қыздардың мағынасыз 

шыңғырыстары басымды ауыр-

тып жіберді. Өкініп отырмын. 

Әне бір үстелде отырған жігіт 

ағасы қайта-қайта қарап, мазам-

ды алды. Жиіркенішті жымиысы 

жынымды қоздырып әрең отыр-

мын. Әттең, кетіп-ақ қалар ем... 

– Мөлдір, жүрші, биле сең-

ші, көңіл көтеріп отыршы бізбен 

бірге, – деп қасыма бүгінгі 

қуаныштың иесі Әсел келді.

– Әсел, мұндай жерлерді 

ұнатпайтынымды жақсы білесің 

ғой. Сен үшін, сенің қуанышың 

үшін ғана келдім, маған олай 

қиылмашы, - дедім жалынышты 

үнмен.

–Жарайды, жаным. Білесің 



бе, қазір мені құттықтауға кім 

келетінін? – деп қулана маған 

қарады

–Кім? – дедім мен де қуанып 



кетіп.

–Асылжан Мәдиев!

Құрбымның жүзі қуа ныш-

тан бал-бұл жанады. Мен ол 

күткендей қуанған жоқпын.

–Ааа, солай ма? – дедім 

самарқау ғана.

–Сен қуанбайсың ба? – деп 

бұртия қалды ол.

Неге қуанбаймын, қуанамын. 

Бүкіл қазақтың қыздарының 

жүрегін жаулаған, әлемнің ең 

сұлу жігіті менің құрбымды туған 

күнімен құттықтауға келемін деп 

жатса, неге қуанбайын.

– Ә л і   е ш к і м г е   а й т қ а н 

жоқпын. Қыздарға сюрприз бол-

сын. Ал мен кеттім, – деп ер-

келей жүріп кетті. Өзі сондай 

бақытты. 

Әселдің бақытты күйін 

көріп қуандым. Сосын ойла-

нып кеттім. Асылжан Мәдиев. 

Иә, расында өте әдемі жігіт. 

Сүйкімділігі, қарасаң қарай 

бергің келетін тартымдылығы 

бар. Онысымен қоймай, сон-

дай ақкөңіл екендігі байқалып 

тұрады. Ешқашан мұңайып 

жүргенін көрмеппін. Ашық-

жарқын... Өз ойыммен өзім 

болып отырғанда қыздар шу-

лап қоя берді. Сахнаға қарап 

едім әншінің өзі келіп тұр екен. 

Әдеттегі әдемі жымиысымен. 

Өзі үшін жанын беруге дай-

ын болып тұрған қыздарға 

қарап, келу себебін хабар-

лап, құрбымды туған күнімен 

құттықтады. Әсел бақыттан 

басы айналып, жылауға шақ 

қ а л ы п   т ұ р   е к е н .   О л   ш ы ғ а 

қойғанына көп болмаса да, 

жастардың арасында тез-ақ 

хит болып үлгерген жаңа әнін 

айтып бастады. Махаббат тура-

лы әдемі-ақ ән. Қыздар беріліп 

тыңдап тұр. Мен де даңғаза 

музыканың орнына осындай ән 

орындап тұрғаны үшін іштей 

әншіге өз ризалығымды ай-

тып, ыңылдап айтып отырмын. 

Қиялмен шексіздікті шарлап 

кетіппін. Ән аяқталып, екінші 

әнін хабарлап жатыр екен. Бұл 

да махаббат тақырыбында. 

Ж ү р е к   қ ы л ы н   ш е р т е р   т а -

м а ш а   ә н .   Б і р і н ш і   ә н д е й 

танымалдылыққа ие болмаса да, 

маған осы әні көбірек ұнайтын. 

Ән аяқталғанша қосылып орын-

дадым. 


НАЗҚОҢЫР

Нұргүл КЕҢЕСҚЫЗЫ,

Студенттік медиа клуб мүшесі

 Қыздардың қуанышында шек 

жоқ. Әнші жігіт әнін орындап 

болған соң, бізбен бірге үстелге 

жайғасты. Маған қарама-қарсы 

отырған ол «Менің әнімді басқа 

қыздар сияқты елемейтін қандай 

қыз?» деген таңырқаспен жүзімді 

бір шолып өтті. Мен мырс еттім. 

Туған күн кеші таң атқанша 

созылды. Әнші жігіт те ең 

жақын досының, сүйіктісінің 

қуанышында таңға дейін отыр-

ды. Тілектерін айтып, әркімнің 

қолқалауымен біраз ән де орын-

дады. Барлық қыздар оны-

мен суретке түсіп, мүмкіндік 

болса, жақын қарым-қатынас 

орнатқысы келетінін жасыра ал-

май, оны айналшықтап жүр. Мен 

мен қалжыңдасып, көңілді-

ақ отырдым. Ыңғайсызданып 

қалды ғой деймін, күлді де 

қойды. Жатақханаға жеткен соң 

рахметімізді айтып Әсел екеуміз 

түсіп қалдық.

 Содан кейін біраз уақыт 

өткен. Әселдің туған күнінің 

қызықтарын айтып, тауыса алмай 

жүргенбіз. Қыздардың аузында 

Асылжан. Өзіне қалай қарағанын, 

не деп сөйлегенін, тіпті бір қарап 

күлгеніне дейін айтып, мақтанып 

жүр. Кешкі мезгіл болатын. 

Ертеңгі сабақтарымның көптігіне 

қиналып, орындап үлгермегеніме 

налып, кітапханадан қайтып келе 

жаттым. Кенет артымнан біреу 

атымды атап, шақырғандай бол-

болған қызық оқиғаларын айтып 

келе жатыр. Мен тыңдауға аса 

құлықты болмасам да, күлетін 

ж е р д е   е р і к с і з   к ү л і п ,   ү н с і з 

тыңдап келем. Жатақханаға 

жақындағанда ол менімен жиі 

хабарласып тұрғысы келетінін 

айтып, номерімді сұрап алды. 

Бермесем, «соншама бәлсінгені 

несі, керім болып» деп ойлай 

ма дедім, оның үстіне, сөйлесіп 

жүрген адамым жоқ болған соң 

амалсыз номерімді айттым. 

Содан бері жиі хабарласып 

тұрдық. Шыны керек, қыздардың 

бәрі ол десе өліп тұрса да, менде 

оған деген титтей де сезім жоқ 

екен. Иә, рас, өте әдемі, бой десе 

бойы бар. Сұлу жігіт. Бірақ маған 

ғашық. Сіздің сұлулығыңыз оны 

есінен адастырған. Жігіттерге 

мұншалықты сұлу болудың 

қажеті жоқ. Қайтесіз жазықсыз 

қыздарды қинап, – деп бір 

тоқтадым да, артық кеткен 

жоқпын ба деп, оның жүзіне 

қарадым. Ол мені үнсіз тыңдап 

отыр екен. Үзілісімді пайдаланып:

–Мен кінәлі емеспін ғой, – 

деді ақырын ғана кінәлі адамдай.

–   Ш ы н ы н д а ,   б ұ л а р д ы ң 

барлығын оған не үшін айтып 

жатырмын? Ол кінәлі емес қой, 

расымен де. Мұндай оқиғаларды 

естімей жүрген жоқ, естіп 

жүр. Күніне қанша қыз жылап 

қоңырау шалады екен?..

Иә, кінәлі емессіз. 

– Не істейін? Пластикалық 

о т а   ж а с а т ы п ,   т ү р і м д і   а д а м 

шошырлықтай етіп өзгертейін 

бе?- деді ол күліп. Мен де күлдім. 

–Маған жігіттердің тым-тым 

әдемі болғаны ұнамайды. Оларға 

бір қарарлық сұлулық болса, 

жетіп жатыр. Қазақы өр мінезі, 

ер жігітке тән байсалдылық, 

парасаттылығы оларды көкке 

көтереді. Мені кешіріңіз, бірақ 

сіз сияқты асқан сұлу жігіттер 

өте әлсіз келеді. Сіздер қыздар 

сияқты шаштарыңыздан бастап, 

аяғыңыздың тырнағына дейін 

күтім жасайсыздар. Керек пе 

осы?


– Өмірімде оның алдында 

бұлай ашық сөйлемеп едім, менің 

бүгінгі «шешендігіме» таңырқап 

әлі тұр-ау, үнсіз маған қарап тұр 

екен. Беті қызарақтап кетті.

–   Ә н е ,   к ө р д і ң і з   б е ? 

Сіздерден бір саты төмен тұруға 

тиіс қыздардан сөз естіп бетіңіз 

қызарып тұрысы мынау. Мені бір 

ауыз сөзбен сөйлетпей қоятын 

жөніңіз бар ғой. 

О л   о д а н   б е т е р   қ а р а д а й 

қысылды. Шыны керек, оны 

осыншалықты әлсіз деп ойла-

маппын. Оны әнші, сері жігіт қой 

деп осы уақытқа дейін құрметтеп 

келіп едім. Қазір одан өткен 

қорқау, одан өткен босбелбеу 

жан жоқтай көрініп кетті. Осын-

ша уақыт онымен қалай сөйлесіп 

келгеніме таң қалдым. Оның 

қасынан тезірек кеткім келді. 

Біраз үнсіздіктен соң:

– Б ү г і н г і   а й т қ а н д а р ы м 

намысыңызға тиіп кеткен болса, 

кешірім сұраймын. Мен енді 

қайтайын. Жатақхананың да жа-

былатын уақыты болып қалыпты

- деп бұрылып кеттім. Одан 

алыстап кеткенше, мені қайта 

шақыратын шығар, менің сөзіме 

қарсы бір нәрсе айтар деп күттім. 

Жоқ. Келесі көшеге өткенімше 

шақырмады. Ақырын артыма 

бұрылып ем, сол орнында әлі тұр 

екен. Тез-тез басып кетіп қалдым.

***

 Арадан біраз уақыт өткен. 



Соңғы емтиханымызды тап-

сырып, «Ух!» деп жатақханаға 

к е л д і к .   Т е р е з е н і ң   а л д ы н д а 

тұрған радиоқабылдағышты 

қостым. Жаңалықтар бөлімінің 

жүргізушісі сөйлеп тұр:

«Бүгін таңғы 10-дар шама-

сында елімізге белгілі әнші, 

талай қыздардың жүректерін 

жаулаған сері жігіт, сүйікті әнші 

ұлдарыңыз Асылжан Мәдиев 

жол апатынан қаза тапты. Барша 

қазақ еліне қайғыра көңіл айта-

мыз» ...Жүрегім дір ете қалды. 

Аяқ-қолымнан жан кете баста-

ды. Екі құрбым сенерлерін де 

сенбестерін де білмей көздері 

ж а с а у р а п   м а ғ а н   қ а р а й д ы . 

Мен де олардан жақсы болып 

тұрғаным шамалы еді. Өзін 

ұнатпағаныммен, суыт хабар-

ды естігенде, ет жақынымнан 

айрылғандай күй кештім. «Мен 

оған өлім тілемеп едім ғой...».

ғана үнсіз отыра бердім. Маған 

шынымен таңырқаған болу ке-

рек, қайта-қайта қарағыштай 

береді. Таң атқан соң әркім өз 

жөнімен кетті. Мен құрбыммен 

бірге жатақханаға жетіп алмақ 

ниетте жігітіне өтініш жаса-

дым. Қарсылық танытқан жоқ. 

Көліктің артқы жағына әнші жігіт 

екеуміз отырдық. Кешелі бері 

бірінші рет маған тіл қатты.

–Көңіл-күйіңіз қалай? Шар-

шап тұрған сияқтысыз?

–Иә. Шаршағаным рас.

–Менің есімім Асылжан, - 

деп қолын ұсынды.

–Ал менің есімім Мөлдір.

–Ең жақын құрбыңыздың 

қуанышы болса да, кеш бойы 

көңілсіз отырдыңыз ғой?

– Олай емес. Менің бар 

көңілді болғаным сол, сіз сияқты 

бола алмағаным үшін кешіріңіз, 

– дедім жымиып. Шыным сол, 

соншалықты көңілсіз отырмаған 

сияқтымын. Жақын достар-

ды. Артыма қорқа бұрылдым. 

Қысқы кештің қараңғылығынан 

жүзін анық байқай алмадым.

–Мөлдір емессіз бе? – деді 

ол да мен екеніме күмәндана.

–И-иә, - дедім сенімсіздеу.

–Мен Асылжанмын ғой. 

Сәлем. 


Енді таныдым. Мені қалай 

танып қалғанына таңданып 

қолымды ұсындым.

–Кештетіп қайдан келе жа-

тырсыз?

– Қ ұ р б ы м м е н   қ ы д ы р ы п 



келе жатырмын, – дедім өтірік. 

Оқып қарық қылып жатқан 

ештеңем жоқ. Бір күн кешке 

дейін кітапханада болғанымды 

көріп, оқымысты екен деп ойлап 

қалмасын деген ой.

–Құрбыңыз қайда? Жалғыз 

өзіңіз қорықпайсыз ба?

–Үйде тұратын қыз ғой. 

Үйіне кетті.

–Кеш болып кетті. Мен сізді 

шығарып салайын.

– Рахмет. Жалғыз жүріп 

үйренген қызбын ғой. Жолда 

фанаттарыңыз көріп қалып, 

жазықсыздан жазықсыз менімен 

жау болып жүрмесін, - деп күлдім. 

Ол да күлді.

– Қараңғыда ешкім тани 

қоймас. Сізді жалғыз жіберсем, 

жігіт емес екенсің деп мені сөкпей 

ме? – деді қулана жымиып. 

Әсем қаланың көшелерін ара-

лап баяу басып келеміз. Кітапхана 

жатақханама жақын болған соң, 

жаяу жүргенді құп көретінмін. 

Ол өзінің қандай әндер жазды-

рып жатқанын, қайда концерт-

ке баратынын, тойларда тап 

оның соншалықты сұлу болғаны 

ұнамайтын. Бірде оны өзіне де 

айттым. 


Шуақты көктем келіп, жер-

әлем құлпырып тұрған шақ. Менің 

ең сүйікті мезгілім болғандықтан, 

бұрыннан көшеде серуендегенді 

жақсы көретін мен, кеш болса, 

қыздармен, не болмаса жалғыз 

ш ы ғ ы п   к е т е т і н м і н .   С о н д а й 

күндердің бірінде кешкі уақытқа 

кездесуге шықтық. Саябақты ара-

лап жүрміз. Байқаймын, маған 

сезімін білдіретін ойы бар сияқты. 

Осы жерден тоқтатайын деп, 

ойымдағыны бүкпей, ашық айт-

тым.


– Білесіз бе,сіз ақылдысыз, 

кей жігіттер сияқты әр нәрсеге 

жеңіл қарамайсыз. Әр іске 

салмақты қарайсыз. Өнерлісіз. 

Қолыңыздан барлық іс келеді. 

Азаматтық өзіндік пікіріңіз 

қ а л ы п т а с қ а н ,   н а ғ ы з   е р -

азаматсыз. Бірақ сіздің бір ғана 

кемшілігіңіз бар, ол – сіздің 

сұлулығыңыз.

Ол маған таңырқай қарап 

қалыпты.


– Иә, рас айтамын. Қыз-

дардың көзінің құртысыз. Олар 

сіз үшін жанын беруге де дай-

ын. Мәселен, кеше ғана менің 

бір таныс дос қызым сіздің 

радиодағы сұхбатыңызда сүйген 

адамыңыздың бар екенін естіген 

ол өз-өзіне қол жұмсамақ болды. 

Қыздар жабылып жүріп оны бұл 

ойынан әрең қайтардық. Бүгін 

сабаққа да бармады. Бөлмесінде 

жылап жатыр. Құрбым сіздің 

әніңізге не болмаса, өнеріңізге 

ғашық емес, ол сіздің өзіңізге 

(Әңгіме)


8

№1 (05), 30 наурыз, 2015 жыл



Сақина сыры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет