Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет102/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

қолданылған математикалық әдіс). Соның нәтижесінде түркі тілдері дамуының тарихында 
жалғамалылыққа дейін флексиялық құрылым дәуірін бастан кешкенін дәлелдейді [1] Әрине, 
ішкі флексия қалдықтарының бірбуынды түбірлер көлемінде қазіргі тілде де кейбір көріністері 
бар екенін көптеген ғалымдар байқаған. Мысалы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, т. б.
Профессор Б. Сағындықұлы қазақ тілі аясы мен түркі тілдері континуумындағы нақты 
тілдік салыстырулар мен талдаулар негізінде флексиялық құрылымның басты ерекшелігі 
түбірлердің бір ғана дауысты мен бір ғана дауыссыздан жасалған силлабофонемалардан 
тұратынын дәйектеуге тырысады. Атап айтқанда: «Бірнеше силлабофонема өзара омонимдес 
болғандықтан, силлабофонеманың құрамындағы дауысты да, дауыссыз да кытай тіліндегідей 
әртүрлі сапада айтылған. Белгілі бір дауысты дыбыстың дауыссыз дыбыстың алдында, яки 
соңында келуі, түсіріліп айтылуы тағы басқа комбинациялық өзгерістері ұғым, түсінікті 
жеткізуде шешуші роль атқарған. Қай дыбысқа қаншалықты акцент берілуін ішкі флексия 
реттеп отырған», – деген тұжырымға келеді.
Ғалымның монографиялық зерттеуінің жалғасы ретіндегі ғылыми мақаласында автор 
силлабофонемаларды түбіртек деп атауды ұсынады да, кез келген сөзде қанша дауыссыз 
дыбыс болса, сонша түбіртек болатынын атап көрсетеді.


161 
Сонымен, үнемі даму үстінде болатын тілдік жүйенің өзгермелі, икемді табиғатына сәйкес 
оның тіл тұтынушының рухани-функционалдық арқауын құрайтын моносиллабтық 
құрылымының даму бағыты оның құрамындағы фонокоррелятгардың өзара сәйкестік түзу 
мүмкіндігімен, таралым аясымен, фономорфологиялық, фоносемантикалық, идеофондық, 
идеосегментгік қырларымен сипатталады. Олай болса, зерттеуші келтірген мысалдарындай i/a 
atсиякты гомогенді моносиллабтар тізбегінде топтасуы 
мүмкін. Яғни, профессор Б. Сағындықұлы «жылқы», «есім» мәнін беретін at моносиллабын да 
it/at етістіктерімен сабақтастыра қарастырып, at етістігінің қозғалысқа, қозғалыстың 
ырықсыздығына, козғалыстың барынша жылдам, шалт өтуіне; қозғалыс нәтижесі ажырауға, 
бөлінуге әкелуіне, т. б семаларын көрсетуі at/it етістіктерінің жалпы мазмүнына негізделеді. 
Қазақ тіліндегі as on or < өрле, өрбі, өнім, өрші, өркенде сияқты моносиллабтардың ортак 
мазмұны мен тұрпатындағы ұқсастықтарын кездейсоқ құбылыс деуге келмейді. Осы арада 
ортақ мазмұнды арқалап тұрган о дауыстысы екені аңғарылады. «Даму», «жетілу», «көбею», 
«пайда болу» идеясы ur (үрпек, ру, ұрғашы) сакталған. Профессор Б. Сағындыкүлы or-* ur 
түлғаларын гомогенді моносиллабтар ретінде қарастырады. Себебі *ur тұлғасының жалпы 
мазмұны хйг (үрім-бұтақ, үрпі), *ay/uy< oyul, um (Үмай), *ul (үлы, үлғаю, ¥nacy), *ul (үлкен) 
жалғасады.
Қорыта айтқанда, түбір құрылымының архетипі тек бір типте ғана қалыптасқан деп қарауға 
болмайды. Сондықтан түркі тілдері лексикалық корының негізін қалайтын бірбуынды 
түбірлер мен түбір-негіздердің белгілі бір дәрежеде тұрақтылығын өзгертуге де бейімділігін 
зерттелуші тілдердің моносиллабтар құрамындағы фонокорреляттар айқындайды, 
өзгермелі, икемді сапаға ие болады, ықшамдайды.
Осы заңдылықты ашу, реконструкция жасауда, автордың өзі монографиясының 
кіріспесінде көрсеткендей, «дәстүрлі сүрлеуге ұқсамайтын жаңаша бағыт ұстанады». Соның 
нәтижесінде жасалған талдаудың негізгі түжырымдарын былай деп көрсетуге болады:
1. үнемдеу заңы;
2. флексиялық құрылым дәуірін басынан өткізген ішкі флексия қалдықтары. Содан кейін 
полисемантикалық құрылым (түбір тіл) дәуірі келген;
3. ең ежелгі дауысты фонемалар – *а, *у, *й, дауыссыздыр – гипотезалық *т/
с
ш
/ күрделі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет