Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет99/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   225
Тамыр – М. Қашқари сөздігінде tamyr, қарақалпақша – тамыр, өзбек, ұйғырша – томир
әзірбайжан, түрікше – көк деп айтылады.
Тамыр екі мағынаны береді: 1. Өсімдіктің су мен қоректік затты жеткізіп тұратын түбі, 
тарамы. 2. Қан жүретін жол. [1, 780 б. ]. Екі мағынаның қайсысы алғашқы екенін айту қиын. 
Түркі тілдерінің оғыз тобы kök сөзін қолданады. М. Қашқари сөздігінде көк сөзі тек, негіз 
мағыналарында жұмсалған. Қазақта көктамыр деп қанды ағзадағы әрбір мүшеден жүрекке 
алып келетін ірі қан тамырын атайды. Егер жүрекке белгілі бір мөлшерде қан келмесе, жүрек 
өз қызметін тоқтатады, яғни, адамның дәм-тұзы таусылады. Өсімдіктерде де тамыр ең негізгі 
орган болып саналады. Тамыр өлсе, өсімдік тіршілігін тоқтатады. Бұл жерде семантикалық 
байланысты байқауға болады. Ал, оғыз тобы тілдері қолданатын kök лексемасы кейіннен пайда 
болған.


157 
Сөздің архетипіне келер болсақ, *tam+yr деп айтуға толық негіз бар. Ур аса ежелгі түркі 
тілінде түбір етістіктің қызметін атқарған, қазір фонетикалық өзгерістерге ұшырап, түбірге 
сіңісіп кеткен жұрнақ.
Э. Р. Тенишев былай дейді: «глагол *tam имеет первичное значение «гореть, пылать». 
Аористные формы, субстантивируясь, принимали значение «пламя, языки пламени». Между 
языками пламени, которые вырываясь, из одного источника, могли быть и короткими и 
длинными, и корневой и кровеносной системой есть внешнее сходство» [3, 108б. ]. Ғалымның 
аористік форма деп айтып отырғаны сөз соңындағы -ar, –yr, -ur етістіктің өткен шақ формасы.
М. Қашқари, Ж. Баласағұн еңбектерінде tamu, tamuy сөздері тозақ, тозақ оты мағына-
ларында қолданылады. [tamu қapuғыn aшar tavar – тозақ есігін мал ашар, [4, 316 б. ]. Жалпы, 
діни ұғымда тамұқ тозақ отын бейнелейді. Көне екерткіштер тілінде там сөзі жану, жалындау 
мағыналарында қолданылған. Проф. Б. Сағындықұлы тамду, тамдуқ, тамға, таму, тамуғ-тамуқ 
тұлғаларының көне заманда «от» ұғымын бергендігін алға тарады.
Жапырақ сөзі барлық түркі тілдерінде келесідей түрлі формада дыбысталады: 
1) йапрак – ең жиі қолданылады 
2) йапырғақ/йапурғақ/йабурғақ – көне ұйғыр тілінде 
3) йопурмақ – ұйғыр диалектілерінде 
4) йалпырғақ/жалбырақ/далдырақ – қырғыз, алтай тілдерінде 
5) йапырған/йапурған – шығыс түркі тілдерінде, шағатай, осман тілдерінде 
6) себирдех – якут тілінде 
7) сулуса – чуваш тілінде.
Жоғарыда көрсетілген мысалдардан бірнеше фонетикалық өзгерістерді байқауға болады: 
1) п>б 
2) а>о>у 
3) й>ж>д 
4) ы>у 
5) Якут тіліндегі себирдех ежелгі йепир+дек формасынан шыққан болу керек; 
6) Чуваш тіліндегі сулуса сөзін осы уақытқа дейін ешқандай ғалым түсіндіріп бере алмады.
Зерттеу нысанына айналған түркі тілдеріндегі жапырақ сөзінің дыбысталуына тоқталсақ, 
түрік тілінде – йапрак, ұйғыр тілінде – йапрағ, өзбек тілінде – йәпрақ, түркімен тілінде – 
йапырақ, әзірбайжан тілінде – ярпах. Соңғы әзірбайжан тіліндегі ярпах сөзін өзге түркі 
тілдерімен салыстырғанда сөз ортасында екі дауыссыздың бір-бірімен орын аластырғанын 
байқауға болады. Ол – пр-рп метатезасы.
Проф. Б. Сағындықұлының айтуынша, жапырақ сөзі желпілдеп тұрған зат деген мағынаны 
береді. Ғалым жапырақ сөзінің түркі тілдеріндегі формаларын салыстыра келе, келесідей 
сәйкестіктерді аңғарады:
1) й-ж сәйкестігі – оғыз тілі мен қыпшақ тілдерінің айырмашылығын көрсетеді; 
2) у-ы сәйкестігі; 
3) қазіргі кезде л мен ғ дыбыстары сөз құрамынан мүлдем шығып қалған; 
4) б мен п бір-бірімен кедергісіз алмаса береді.
Ғалым Б. Сағындықұлы жапырақ сөзінің көне формасын жалп+ур+[у]ғ+ақ деп санайды. 
Оны қазақшаға бейімдесек, жалп-ұрғақ, яғни желпілдеп тұрған нәрсе дейді де, қазақ тіліндегі 
жалбырақ сын есімін жалп+ур+[у]ғ+ақ формасынан пайда болған туынды сөз деп табады. 
Сонда қазіргі қолданыстағы жапырақ сөзі көне заманда жалбырап, тұрған, нәрсе деген үш 
атаудың бір-біріне кірігіп, сіңісуінен пайда болған. [5, 127 б. ].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет