Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет98/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер 
1. 
Сыздық 
Р. 
С. 
Айтыс – ауызша 
әдеби 
сөздің 
ерекше 
түрі. http://www. tbi. 
kz/pages/kyzmetkerler/galymninjekeparakshsasy/syzdyk. html 
2. Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997. 208 бет.
3. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Алматы: Білім, 2003. -260 б.
4. Молдабеков Ж. Шешендік: Оқу құралы. – Алматы: Қарасай, 2009. -432 б.
Құлжанова Б.Р.  
ф.ғ.к., доцент 
Жүзбаева А.С.
докторант 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
 
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ӨСІМДІК АТАУЛАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУ 
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 
 
Аннотация. В ходе исторического развития лексики тюркских языков слова образуют фоно-морфо-
семантическое поле. Поскольку язык является динамическим явлением, слова могут не только иметь 
различные изменения но и приобретать новую форму, новые значения. Такие изменения мы можем выявить 
только в ходе сравнения родственных языков.
Филолог, владеющий разными закономерностями языка, может ответить, по каким причинам слово 
претерпело изменения. Работы советских тюркологов в дальнейшем развивали наши отечественные ученые. 
Открылись множество закономерности языка и появились новые теории. Среди них закон экономии, 
фузионные явления (процессы), открытие архетипов гласных и согласных. В этой статье обсуждается разные 
названия растений в тюркских языках. Анализируется по каким закономерностям менялись различия между 
ними. Слова разделяются на корень и аффиксы. А некоторым словам даны архетипы.
Ключевые слова: фонетические ообенности, звуки, фонетические соответствия, фонема, аффрикат, 
метатеза, архетип, 


156 
Адамзат үшін өсімдіктер дүниесінің маңызы өте зор. Олай дейтініміз, өсімдіктер болмаса, 
ауада оттегі де болмас еді. Оттегі болмаса, тіршілік иелерінің өмір сүрмейтіні белгілі. 
Сондықтан, өсімдіктер – тіршіліктің тірегі.
Бұтақ – 1. Ағаш діңінің бүйірінен өсетін тармақ-тармақ сабақ, өскін. 2. ауыспалы. Белгілі 
бір атадан тарайтын ұрпақ, буын. [1, 157 б] Бұл сөздің түркі тілдерінде дыбысталуына зер 
салайық: әзірбайжанша – будаг, қарақалпақша – путақ, түркіменше – пудак/шаха, өзбекше – 
бутоқ, ұйғырша – путақ/шах, түрікше – будаг.
Көріп отырғанымыздай, бұтақ сөзінде 3 түрлі дауыссыз дыбыс сәйкестіктері кездеседі: 
сөз басында п-б сәйкестігі; 
сөз ортасында т-д сәйкестігі; 
сөз соңында қ-к, к-г сәйкестіктері.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстардың қатаң-ұяң болып алмасуы заңды құбылыс. Тілдің 
дамуы барысында, қатаңдардың ұяңдану процесі жүргенін проф. Б. Сағындықұлы өз 
еңбектерінде жан-жақты дәлелдеп, аксиома (дәлелдеуді қажет етпейтін ғылыми шындық) 
ретінде алдымызға жайып берді.
Ғалымның шәкірті Г. Раева жуанды-жіңішкелі түбір сөздерде дауыссыздар талғаммен 
тіркесетінін алға тартады. «Тіл арты, жуан дауыстылармен қатар қатаң дауыссыздар үндессе, 
тіл алды, жіңішке дауыстылармен ұяң дауыссыздар айтылады», – дей келе п-б, қ-к, к-г, т-д 
сәйкестіктерін осыған дәлел ретінде көрсетеді. [2, 14 б].
Сөз басындағы п-ның ұяңдануы мынандай 3 кезеңге бөлінеді: 
1) Қатаң п сөз басында тұрақты қолданылды; 
2) Тілдің алдыға жылжу процесі мен п-ның б-ға ұяңдану процесінің тоғысуы; 
3) жуанды-қатаң, жіңішкелі-ұяң жарыспалы түбірлерінің қалыптасып, осы сәйкестіктердің 
түркі тілдері мен диалектілерінде дамуы [2, 16 б].
Келесі сөз ортасында т-ның д-ға айналуы тува, хакас, алтай және тофа тілдерінде жиі орын 
алған дейді ғалымдар. Бұл ерекшелікті оғыз тобына жататын тілдерден де байқауға болады. 
Мысалы, әзірб. – будаг, түр. – будаг. Бірақ, бұл қатып қалған қағида емес. Сөз ортасындағы т-
д дыбыстарының алмасуы басқа тілдерде де кезеседі. Оның басты себебі – тайпааралық 
қарым-қатынас пен территориялық шектестік.
Сөз соңындағы қ-к, к-г сәйкестіктері палатализация құбылысының нәтижесі. Оғыз тобы 
тілдері сөз соңында палатализацияға қатты ұшырайтынын Б. Серебренников алғаш болып 
байқаған болатын.
Ал, *sax (шах/шаха) атаулары әзірбайжан, түркімен, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр 
тілдерінде бұтақ мағынасын бергенімен, түркі тілдеріне парсы тілінен келген кірме сөз болуы 
мүмкін.
Тіл – динамикалық құбылыс екенін ескерсек, сөздер жаңа мағына жүктеп, соны қолданысқа 
ие болатынын білеміз. Осы орайда, қазақта бір атадан тараған бала-шағаны, ұрпақты үрім-
бұтақ деп атайды. Бұл бүкіл бір әулеттің шығу тегі мен тараған ортасы. Бұтақ – ағаш діңінен 
өсіп шыққан өскін болса, үрім – өсіп тұрған ағаштың шыбық ұшындағы соңғы бүршігі [1, 873 
б]. Демек, бұтақ атауы тарихи даму барысында өзіне семантикалық жүк арқалап, жаңа 
мағынаға ие болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет