емес етістіктерімен тіркесіп келеді. Сонымен қатар іргелес сөйлем жасауда алдыңғы
компоненттің баяндауышы қызметінде қолданылатын сол есімдігінің рөлі ерекше. Бұл есімдік
алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы қызметінде қолданылғанда, тұлғалық құбылыстарға
ұшырап, сонша, соншалық, соншама болып айтылады.
Салалас құрмалас сөйлемнің бірінші компонентінің мағыналық, интонациялық жағынан
аяқталмай тұруы, біріншіден, іргелес құрмаластың ең негізгі белгісі болса, екіншіден, оның
құрамындағы компоненттерді бір-бірімен байланыстырып құрмаластыратын басты тәсіл
болып табылады.
Жай сөйлем мен іргелес құрмалас сөйлемдерді ажыратуда кездесетін бір қиындық – іргелес
құрмалас сөйлемнің жайылыңқы, сыйылыңқы түрі мен бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер
мәселесінде. Н. Сауранбаев іргелес құрмаласты жайылыңқы және қойылыңқы деп екіге бөліп,
жайылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне, оның құрамына «енген жай сөйлемдер
қысқартылмай, толық күйінде айтылады» деп,
Жүнді су көтереді, жүйрікті су көтереді,
қайғыны ер көтереді, құрлықты дария көтереді, арысты ай көтереді, өлімді сай көтереді
сөйлеміне
талдау жасайды. Ғалымның пікірінше, мұнда бірнеше жай сөйлемдер белгілі бір
төзімділік қасиетті түрлі жақтан сипаттау үшін салыстыру мағына ұласып айтылған. Бәрінің
баяндауышы бірдей. Оның әр сөйлемдерде қайталап айтылу арқылы сөйлемде үдеме реңк
берілген, ал қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның құрамына енетін жай сөйлемдердің
ортақ баяндауышы болатындығын айтқан. Тұжырымының дәлелі ретінде
Бір жерде күш, бір
жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі
сөйлеміне талдау жасаған
:
берілген үш сөйлемнің
ортақ баяндауышы әр сөйлемде қайталанбай, ең соңғы сөйлемде бір-ақ рет айтылған.
Ғалымның пікірінше, егерде бұл сөйлемді толық етіп айтқан болсақ:
Бір жерде күш
көрсетіледі, бір жерде өнер көрсетіледі, бір жерде мінез көрсетіледі.
Яғни, қойылыңқы іргелес
жайылыңқы іргелестің ықшамдалуынан, қысқарып сыйысуынан жасалады
1.
«Компоненттерінің баяндауыштары бір сөздің қайталап айтылуынан болған салалас
сөйлемдердің ықшамдап, сыйыстырып айту сөйлемге әдеби түр беруге байланысты болады...
Жазушы я сөйлеуші дербес сөйлемдердегі қайталайтын ортақ мүшені ықшамдап, қысқартып
айту арқылы ондай құрмаласқан я ондай сөйлемге поэтикалық, яғни динамикалық рең береді.
Мұндайда іргелестегі күрделі ой жайылмай, шұбалаңқыламай, ықшамдалып, түйдектеліп,
үдеме түрінде ұғынылады”
8, 272 б. .
Әрине, ғалымның бұл пікірі қазақ тіл мамандарының арасынан толық қолдау таппады. Н.
Сауранбаев құрмалас сөйлем деп танитын «қойылыңқы іргелес» қазіргі қазақ тілінде бірыңғай
мүшелі жай сөйлем болып танылды. Ал М. Мамытбековтың пікірі Н. Сауранбаевтың пікірімен
үндес. Ғалымның пікірінше, жалғаулықсыз салаласқа енген жай сөйлемдердің кейде
бастауыштары не баяндауыштары ортақ болып келсе, мұны іргелес сөйлемге енген жай
сөйлемдердің сыйысуы. Мысалы,
Бүгін не қар жауар, не жаңбыр жауар
деудің орнына
Бүгін
не қар, не жаңбыр жауар
.
Проф. Р. Әміров салалас сөйлемдердің жалғаулықсызын қамтамасыз ететін мынандай екі
жағдай бар дейді. Олар:
1. Салалас құрмаласқа қатысатын бірінші компоненттің құрамына арнаулы формада
баяндауыштың қатысуы.
183
Арнаулы форма ретінде ғалым “жедел өткен шақ етістік + бар ғой” (Егер аналарға еріп
кететін болды бар ғой, онда бізде аянбаспыз)
, “жедел өткен шақ + ма” (Күлме қыздар
орынсыз, күлдің бе, жылама)
берген.
Іргелес салалас сөйлемдердің құрылысы бастауыш-баяндауыштың құрамы, яғни түгел
конструкциясы түгел бейімделген компоненттерге негізделген. Ондай іргелес құрмалас
сөйлемдер төмендегідей келеді “бастауыш тұйық рай етістік – баяндауышы сол (осы) еді”,