181
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тіркесе, іргелесе құрмаласып
іргелес құрмалас сөйлемдер жасайды. Іргелес құрмалас құрмалас сөйлем компоненттері
арасындағы бірлікке, жақындыққа қарамастан оларды бір-бірімен құрмаластыратын
жалғаулықтардың немесе жалғаулық мәнді сөздің жоқтығына қарап, кейбір тілдерде құрмалас
сөйлемнің бұл түрін салаласқа да, сабақтасқа да қоспай құрмалас сөйлемнің үшінші түрі
ретінде қарастырылады.
Проф. Н. Сауранбаев тілдің даму тарихында құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдердің
іргелесіп құрмаласуынан басталады, ал құрмаластырушы жалғаулықтар мен демеуліктер жеке
сөздерден пайда болған «... қазіргі қиын тәсілмен құрмаласатын салалас, сабақтас құрмалас-
тардың құрылысы жай, қарапайым іргелес құрмаласпен осынша жақындас болуы кейдесоқ
оқиға емес. Жалпы Еуропа тілдерінің көне дәуіріне, сонымен бірге жеке халықтардың тіл
тарихында алғаш құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтардың болмағандығы,
ерекшеленбегендігі, сонымен бірге жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, демеуліксіз іргелесіп
қана құрмаласатындығы айқындалады. Құрмалас сөйлемнің ең алғаш түрі осы жалғаулықсыз
іргелес құрмаластар екендігі тіл ғылымында әлдеқашан дәлелденген қағида»
1, 36-37 бб.
десе, башқұрт тілінің маманы проф Г. Саитбатталов «Күлтегін» ескерткішінен жалғаулықты
салаласты кездестіреміз дейді
2.
Г. Г. Саитбатталов башқұрт тілінде жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтан
бұрын пайда болғанына күмән келтірмейді. Бірақ Г. Г. Сайтбатталов халық ертегілерінде,
эпостарында, аңыздарында «
да –дә, за-зә, ла-лә, та-тә, ә, ләкин
» жалғаулықтарымен келген
салалас құрмалас сөйлем де кездесетінін жоққа шығармайды. Бұл авторлар жалғаулықты
салалас сөйлем пайда болуын, негізінен, башқұрт әдеби тілі қалыптасып болғаннан кейін ғана
дүниеге келді деп есептейді. Г. Г Сайтбатталов жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің ең
ескі формасы деп, башқұрт тілінде өте жиі кездесетін компоненттер баяндауышы көсемшенің
Достарыңызбен бөлісу: