Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет141/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Ключевые слова: аспектуальность, категория, функциональная грамматика, поле.
Тіл білімінің жаңа бағыты ретінде функционалды грамматиканы тануға болады. Бұл 
ғылымның негізін барлық ғылымдардың бастауы болған философиядан аламыз. 
Функционалды грамматика негіздерін зерттеген А. В. Бондарко болды. Функционалды 
грамматика нені зерттейді? Бұл лингвистиканың жаңа, қызықты, көпқырлы әрі қиын саласы 
екенін айтамыз. Функционалды грамматика тілдік тұлғалардың жұмсалу сипатын анықтап, 
осы бірліктердің не себепті жұмсалғанын анықтайды. Бұған дейін, тілді құрылымдық 
тұрғыдан зерттеп, тіл – тілдік тұлға тұрғысынан қарастырсақ, ал бүгінгі таңда тілді 
антропоөзектік жақтан, яғни тілді жасаушы адам екенін ескере отырып зерттейміз.
Құрылымдық бағыт: «Тіл- тілдік бірлік» 
Функционалды бағыт: «Тіл- адам» деп қарайды.
Фукнционалды грамматиканың негізгі ұғымдарының бірі – категориялық жағдаят. 
Категориялық жағдаят тілдік бірліктерді жасауға себепші болады. Осы ұғым философияның 
СӘТ (ситуация) деген ұғымынан шыққан. Мысалы, бір сәтте түрлі оқиғалар орын алады, сол 
әрекеттерге орай ұғымдар да жасалады. Ұғымды ұғым етіп жасалуына ықпал еткен – 
категориялық жағдаят. Категориялық жағдаяттың 2 түрін ажыратуға болады: жекелеген және 
жалпы. Көп ұғымдар жекелеген сәттерден туындап, жалпылыққа ауысты. Яғни, индукциядан 
дедукцияға (дарадан күрделіге) ауысады.
Функционалды-семантикалық категория уақыт және кеңістік деп ажырайды.
Уақыт категориясына енетіндер: темпоралдық, аспектуалдық, таксис, локалдылық, 
модальділік, каузативтілік категориялары. Кеңістік категориясы: субъект категориясы, сын-
сапа категориясы, сан-мөлшер категориясы, поссессивтілік категориясы, етіс категориясы.
Аспектуалдық категориясы – функционалды грамматиканың негізгі категорияларының 
бірі. Бұл категория іс-әрекеттің жүзеге асу барысын, қимылдың басталуы, аяқталуы, 
дүркінділігі, созылыңқылығы секілді сипаттарды айқындайды. Аспектуалдық деген түсінік 
ХХ ғасырдың басында пайда болды.
Аспектуалдық категориясы – (латын тілінен aspectus – сыртқы түрі және грекше logos – 
сөз, ілім) – бұл етістіктің формасын және аспектуалдықтың барлық сферасын зерттейтін 
грамматика бөлімі.
Аспектуалдылық ежелгі әлемде бұрыннан танылған. Аристотель шектеулі және шектеусіз 
етістіктерді ажыратады. Алайда, кейінгі грамматикаға сәйкес етістік формаларын шақ 
категориясының бөлімдері ретінде қарастырды. Бұл ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропа 
дәстүріндегі етістіктің түсіндірілуін анықтады және орыс грамматикалық ғылымына әсер етті.
Функционалдық грамматиканың өзекті мәселелері орыс, қазақ тіл білімінде А. В. 
Бондарко, Г. А. Золотова, М. А. Шелякин, С. М. Полянский, Р. Якобсон, И. Я. Харитонов, Т. 
Г. Акимова, З. Қ. Ахметжанова, С. Құнанбаева, М. Жолшаева еңбектерінде арнайы 
қарастырылған. Қазақ тіл білімінде функционалды грамматика негізінен А. В. Бондарко 
негізін қалаған ленинградтық мектептің бағыты бойынша зерттеліп келеді.
Аспектуалдық терминін алғаш ХІХ ғасырдың 30-жылдары Рейф қолданған. В. Бондарко 
аспектуалдықты тар және кең мағынасында түсіндіреді. Кең мағынасында «әдіс» ұғымына 
байланысты категориялардың көпшілігін қамтиды. Тар мағынасында аспектуалдықтың 
қайталау, дүркінділік сипатттары анықталады. [1, 29] 
Н. Оралбаева қимылдың өту сипаты категориясына былайша анықтама береді: «Қимылдың 
өту сипаты категориясы – көп мағыналы категория. Бұл грамматикалық категория қимылдың 
жасалуына байланысты түрлі мағыналардың қимылдың қалай жасалғанын және сөйлеуші 


213 
хабарлап отырған қимылдың қандай сатыда, дәрежеде екенін білдіреді. Біз бұл категорияны 
қимылдың өту сипаты деген терминмен атадық.» [2, 257].
М. С Л. Дүйсембекова: Жалпы тіл білімінде аспектология жеке сала ретінде 
қалыптасқанымен түркітануда оның функционалды-семантикалық категория ретінде 
танылуына қатысты шешілмеген бірқатар мәселелер болды. Оның негізгісі – бүгінгі күнге 
дейін аспектуалды мағына беретін тілдік бірліктердің жете зерттелмеуі, аспектуалдылықтың 
фуңкционалды-семантикалық категория ретіндегі компоненттері мен құрылымының, 
аспектологиялық деривация жолдары мен оны білдіретін тілдік құралдардың толық 
анықталмауы. [2, 142].
Жолшаева: «Аспектуалдық категориясының өзіндік категориялдық ерекшелігі оны басқа 
етістік категорияларымен, басқа тіл деңгейлерімен ашып көрсеткенде ғана айқындалмақ». 
Яғни, аспектуалдық категориясын функционалды тұрғыдан қарастырудың өзектілігі көрінеді, 
шұғыл не созылыңқы, тыңғылықты не босаң, біркелкі не үздік-создық т. б. түрлері кездеседі. 
Осы мағыналық реңктердің барлығы аспектуалдық аясына енеді [3, 18].
Осы пікірлерді саралай келе, аспектуалдық категориясын зерттеудің өзектілігі танылады.
Функционалды грамматика таным теориясының негізінен жасалынады. Сондықтан 
функционалды грамматиканың тілдік құрылымдық жүйесінің түрлі жүйеде, атап айтқанда 
семантикалық, когнитивті, прагматикалық, стилистикалық аспектіде айқындалуы 
грамматиканың функционалдығынан өрістейді.
Аспектуалдық мағына темпоралдық мағынамен өте тығыз байланысты. Түр мен шақтың 
грамматикалық категориялары мазмұндық жағынан да, формальды жағынан да өзара 
байланысты грамматикалық категориялар ретінде танылады.
Түрлер де, темпоралдық та жалпы уақыт идеясымен байланысты, бірақ бұл идея түрлер 
мен уақыт мәндерінде әр түрлі нақтыланған. Темпоралдық категориясында уақыттың жалпы 
идеясы – іс-әрекетті уақыт бойынша оқшаулаудың бір түрі, осы әрекеттің сол немесе басқа 
сілтеме нүктесіне қатысты бағыты ретінде көрінеді. Сөйлеу сәті сілтеме ретінде әрекет ете 
алады, ал бұл жағдайда үш уақыттың қарсылығы ұсынылады: қазіргі (сөйлеу сәтін іс-әрекетке 
қосу), өткен (әрекет сөйлеу сәтіне дейін болады), болашақ (әрекет сөйлеу сәтінен кейін 
болады).
Бір әрекеттің орындалу уақыты тірек нүкте ретінде берілді. Онда бұл әрекеттің орындалу 
уақытына қатысты бір мезгілде, басымдықта немесе сабақтастықта жүзеге асырылатын 
салыстырмалы уақыт туралы айтуға болады.
Уақыттық мән – анықтамалық мән. Мұны кейде дейктикалық (индикативті) мән деп те 
атайды. Темпоралдықтың аспектуалдық мағынадан айырмашылығы бұл дейктикалық 
функцияға ие емес, мұнда уақыт идеясы көрсетілген іс-әрекеттің өзіндік ішкі қасиеті ретінде 
ұсынылады.
Аспектуалдық мағынаны екі топқа бөлуге болады: 
1. Сапалық; 
2. Сандық.
Сапалық аспектуалдық 3 негізгі қарама-қарсылықты қамтиды:
1) динамика-статикалық; 
2) ішкі шектеуге бағытталған іс-әрекетті шектеу, ішкі шектеуге жетуге бағытталмаған; 
3) әрекет шектеуіне бағытталған болса да, шегіне әлі жетпеген сәттер қарастырылады.
Сандық аспектуалдық әрекетті немесе күйді келесі параметрлер бойынша сипаттайды:
1) рет саны немесе жүзеге асырудың үзіліссіздігі-үздіксіздігі. Осы негізде бірыңғай 
әрекеттер және көп қайталанатын әрекеттер, шектеулі және шектеусіз әрекеттер 
ажыратылады.
Жүйелілік пен шексіз қайталанудың қосылуы тұрақты әрекетке әкеледі. (Жер Күнді 
айналады).
Бірыңғай әрекетке арналған етістіктер: жарылу, жұтылу, шаншу, сүңгу, жыпылықтау, 
түшкіру, айқаулау.


214 
Бірыңғай әрекетте адам күйіне орай факторлар әсер етіп, қимыл-әрекет орындалады. 
Түшкіру әрекеті – адами құбылыс. Айқаулау сыртқы орта әсер еткен жағдайда орын алады.
Қайталанатын әрекеттер: сатып алу (кітап, тамақ, киім т. б. заттар); қайнату (шәй қайнату, 
тосап қайнату), беру (сыйлық беру, уәде беру), орнату (бағдарлама орнату, жаңа үйдің 
блоктарын орнату), сүрту (қол сүрту, шаң сүрту, дастарқан сүрту).
Қайталанатын әрекетте адам қанағаттандыру сезімін тудыру, белгілі бір іс-әрекетті 
орындауды мақсат тұтып жасайды.
2) ұзақтық дәрежесі бойынша әрекет.
Ұзақ мерзімді әрекет:өмір сүру, күту, ұйықтау, армандау, серуендеу, сөйлесу.
Қысқа мерзімді әрекет: жарқылдау,
3) қарқындылық дәрежесіне сәйкес, әрекет қалыпты болуы мүмкін.
Қарқынды әрекеттер: жүгіру, тамақтану, биікке көтерілу, жүзу, сүйсіну, айқайлау; 
ұйықтау, жылау; 
Сарқылған әрекет (қарқыны аз): аңсау, шаршау, тербелу, толқу.
Аспектуалдық мағыналар сөйлеушінің іс-әрекеттің уақыт бойынша ағымы мен таралуы 
тұрғысынан, бірақ сөйлеу сәтін ескермей, әрекетке берген бағасын көрсетеді.
Етістік – іс-әрекетке итермелеуші сөз табы. Сөз экологиясын зерттеу барысында тілдегі 
етістіктердің азайғанын айтуға болады.
Етістіктерді қимыл етістіктері, күйді бідіретін етістіктер деп шартты түрде екі топқа 
жіктейміз. Күй етістіктері қимыл етістіктеріне қарағанда аз. Ол жағдаятқа тәуелді. Біз күйге 
қарағанда әрекет етуді басқы назарда ұстаймыз.
Қимыл етістіктері: серуендеу, тамақ пісіру, керілу, созылу, жүгіру, секіру, оқыту.
Күй етістіктері: жылау, күлу, күйзелу, ыстықтау, тоңу, қорқу, шыдау, төзу, жақсы көру.
Күй етістіктері сыртқы ортаның әсерінен туындайды.
Адам – қоғам өкілі. Оның іс-әрекеті осы қоғамға қатысты жасалады. Әлеуметтік 
лингвистика тұрғысынан алып қарағанда осы адам іс-әрекетінің қоғаммен байланысын 
анықтай отыра анализ жасаймыз. Адамның күнделікті жұмыс істеуі, жұмысқа баруы, қайтуы, 
сабақ оқуы, жазуы, сөйлеуі осы секілді қимыл процестері қайталану сипатын алады.
Когнитивті лингвистикада аспектуалдықтың танымдық негіздерін сараптаймыз.
Танымдық негіздерге сәйкес тұрақты тіркестердің жасалуында өзіндік ерекшелік бар.
-Ат ізін салмау – хабарласпау 
-Ат ізін суытпау – жиі келіп тұру.
Қазақ халқы жылқыны қасиет тұтуыңа байланысты, шаруашылығы осы жылқы малымен 
қатысты болғандықтан «ат» сөзін қатыстырып тіркестер құраған.
«Ат ізін салмау» – келмей кету, сол үйге бармай қалу, хабарсыз қалу мәнін айқындайды. 
Қайталанып келетін әрекет қайталанбайтын процеске ауысады. «Ат ізін суытпау» тұрақты 
тіркесі «ат ізін салмау» тіркесіне қарама-қарсы мағынада жұмсалады. Бұл қимыл-әрекеттің 
үзіліссіздігін көрсетеді.
-өліп ұйықтау. Бұл тіркесті басқа тілге аударсақ, мағынасы өзгеріске түседі. Бұл күйдің 
ұзаққа созылуын танытады.
«Ұйқы – кіші өлім» ретінде ислам дінінде айтылған. Осыған қарай, «өліп ұйықтау» тіркесі 
адамның ештеңені сезбей, қатты ұйықтау процесіне байланысты жасалған.
Қазақ танымының қайнар көзі ауызша әдебиетінен аңғарылады.
Сонда сұлу Қыз Құртқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет