224
Дыбысты әдіспен үйрету жолы – мысалмен түсіндіріп суреттегенде, осы болып шығады [4,
17].
Тұтас сөзді әдіспен үйрету жолы.
Тұтас сөзді әдіспен үйрету жолына келсек, ол – арбаны өзіне беріп, соған сүйендіріп, өзін
қозғалтып, өзін жүгізіп үйрету емес, арбаға тіркеп, біреу сырғытып жүргізіп жіберіп отырып
үйрету сияқты. Немесе шанаға тіркеп, біреу сырғанатып жіберіп отырып үйрету сияқты. Өз
күшімен жылжымай, басқаның күшімен бара жатқан соң, сырттан қарағанда жүре білмейтін
баланың жүрісі сияқты көрінеді. Бірақ жүргізіп жүрген қуат біткенше тебе білінетін адамның
сырғанағындай болып көрінеді. Бірақ жүргізіп жүрген қуат біткен жеріне дейін барады да,
одан әрі жылжымай тұрып қалады, жылжу үшін әрдайым біреудің күшін керек қылады.
Өйткені әрібір жүріп келген жеріне өз денесінің қуатымен жүріп келмейді, біреудің жүргізген
қуатымен келеді.
Жалқылау (Айырыңқы) әдіс.
Оны былай істегені мұғалім бірінші сөзді алып, «а-р» деп екеуін қоспай жіктерін ашып
айтады да, неше бөлініп, айтылып тұр деп сұрайды, сонан соң әр бөлімін бөлек айтқызады. 2-
нші, 3-нші, 4-нші, 5-нші сөздерді де солай етеді. Бәрінің де басыдағы дыбысы бірдей болып,
басқаларынікі ондай болмаған соң, «а» дыбысы айрықша болып шығады. Сонда бұл дыбыстың
әрпі мынау деп, «а» әрпін көрсетеді.
Нәрсенің бөлшегінен бастап үйретпей, тұтас тұлғасынан бастап үйрету – дерексіз заттан
бұрын деректі қатты алып таныстыру әдісі. Мысалы: Кітаптың алған бетіндегі әуелі келетін,
мәселен, мынадай сөйлем екенін – «қалаға жақын жердің бәрі жиын». Осы сөйлемді мұғалім
кеспе әріптен жасап, тақтай бетіне тізіл қойып, дауыстап әр сөзін қолымен көрсетіп оқиды.
Сонан соң оны балалар оқығанда, бәрі дауыс қосып көптеп те, жеке де оқиды жана да қалыпты
ретпен Оқымай, сөзді есе қосып былайша оқиды:
Қалаға
Қалаға жақын
Қалаға жақын жердің
Қалаға жақын жердің бәрі
Қалаға жақын жердің бәрі жиын [5, 6].
Бұл әдістер қазіргі уақытта индуктивті, дедуктивті әдіске сай. Яғни, жалпыдан жалқыға,
жалқыдан жалпыға. Мысалы фонетиканы оқытуда ең әуелі дыбыс, әріптерден бастап, сөзді
үйрету, немесе керісінше алдымен сөзді талдап алып, кейін әріптерге тоқталу.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері сонау ХХ ғасырда жазылғанымен, қазіргі таңда өз мән-
мағынасын жойған жоқ. Осы оқулықтарға, мақалаларға сүйене отырып балаларға білім, білік,
дағдыны бере отырып, оларды тәрбиелей аламыз. Осылайша қазіргі жаңашыл деп танылып
жүрген технологиялардың түр түрін ғұлама ағартушының еңбектерінде көрініс табады. Бұдан
біз сан жылдар бойы жұртшылыққа ұсынылмай, әділ бағаланбай келген Ахмет
Байтұрсынұлының оқу ағарту саласындағы әдістерінің өміршеңдігіне көз жеткізуімізге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: