222
1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі», «Зерттеу мен
сүгіретшілік әдісі туралы», «Жалқылаулы – жалпылау әдісі», «Қай әдіс жақсы?», «Ана тілінің
әдісі» деген методи- ка мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялайды. Мектеп
балаларына арналған оқулықтарында А. Байтұрсынұлы иллюстративтік материалдарды қатар
ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін көздеген. Автор жалпы оқулыққа тән
«жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» принципін ұстаған [1, 21].
Бүгінгі білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер «Сын тұрғысынан ойлау»
технологиясы, «Инсерт» стратегиясы сияқты тағы басқа оқытудың түрлі әдістерінің
ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындап, талқыға салып жүр. Өткенге көз жүгіртсек,
бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының Ахмет Байтұрсынұлының жоғарыда
аталған еңбектерінен бастау алатынын айтып кетуіміз қажет. Бұны біз ғалымның өз
заманындағы балалар мен ересектердің сауатын ашуға арналған оқу құралдарынан да, шағын
мақаларынан да аңғарамыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектептеріне
арналған «Әліпбиі» (Жаңа құрал) оқулығын жазуда көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік,
өмірмен байланыстылық, т. б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын
басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, автор бұл еңбекте білім белгілі бір
жүйемен, ретпен берілуін ескеріп, балаға әлі келетін білімді ғана ұсынған. Баланың ойлау
қабілетін дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген. Қазіргі
таңда ересектерді оқытатын оқытушылар мен мектеп мұғалімдері жалпы білім берудің ең
ұтымды тәсілі ретінде «Блум таксомониясын» басшылыққа алады. Блум таксомониясының 6
түрлі ережесі кез келген ақпаратты үйретудің ең ұтымды тәсілдері ретінде қолданылып жүр.
Себебі Блум таксомониясының
–
білу – мағлұматтар мен ақпараттарды еске түсіру;
–
түсіну – жаңа идеяны түсіну, ондағы негізгі идеяларды салыстыру, сипаттау;
–
қолдану – жаңа білімді түрлі нұсқада пайдалану;
–
талдау – дәйектер мен себептерге байланысты ақпаратты тексеру және жіктеу;
–
жинақтау – ақпараттарды жүйелеу;
–
бағалау – ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау сияқты 6
ережесі ойлау дағдыларын қылыптастыруда және жетілдіруде үлкен рөл атқарады [2, 27]. Осы
Блум таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп
өту барысы жайында өткен ғасырда А. Байтұрсынұлының еңбегінде айтылып кеткен.
Ағартушы әдіскер «Ана тілінің әдісі» атты мақаласында ана тілін үйрету әдістерін былайша
бөледі:
1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез)
немесе жиылыңқы әдіс теп аталады;
2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ)
немесе айырыңқы әдіс деп аталады;
3) Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер
жалқылаулы-
Достарыңызбен бөлісу: