Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 272 б.
2. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов (методикалық көмекші). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 272 б.
3. Қыдыршаев А. Байтұрсынұлы А. (А. Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектері туралы). – Орал, 1998. –
156 б.
4.
Жанпейісов Е. Байтұрсынұлы бастаулары //Тілтаным.
–
№2, 2001.
5. Байтұрсынов А. «Қай әдіс жақсы?» мақаласы.
225
Абдуллина З.А.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Абылай Хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
МАМАНДЫҚҚА САЙ СТУДЕНТТІҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация. Одним из наиболее эффективных способов развития языка является работа над текстом. В
этой области основной задачей является разработка научно-методической системы обучения казахскому
языку по специальности, развитие коммуникативной компетентности языковой личности. лексический
минимум, когнитивно-ориентированное обучение, грамматический минимум через специальные тексты и
упражнения. Был представлен методический пакет, связанный с технологией преподавания казахского языка
по специальности, эффективность которой доказана опытом.
Ключевые слова: информация, коммуникативная компетентность, языковая коммуникация, значение
слова, разъяснение, введение, мотивация, обратная связь.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім
беру кеңістігіне еніп те кетті. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-
қатынас пайда болды. Елімізде сабақ өтудің жаңа технологиялық әдісінің кеңінен
қолданылуына мән берілуде. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетілген маман болу мүмкін емес. Онда оқытудың
технологиялық жүйелігі, тиімділігі ескеріледі. Тілді тиянақты әрі жүйелі түрде үйрету үшін
қазақ тілі оқытушылары оқу үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын пайдаланулары
қажет.
Тілдік жүйенің бір-бірімен сабақтасып, бірін-бірі толықтырып отыратын әрбір бөлшегін
үйренушіге жете түсіндіру үшін оқытушының әр түрлі әдіс-амалдарды пайдалануына тура
келеді. Үйренушінің материалды дұрыс қабылдауына, есте сақтауына және меңгеруіне тілді
оқытуда қолданатын технологиялық құралдардың мәні зор. Тілді меңгертуде, білімін
қалыптастыруына өзіндік септігін тигізетін әр түрлі әдістерді, ойын түрлерін, аудио
материалдарды кеңінен пайдалануға болады. Олар: магнитофон, теледидар және компьтердің
көмегімен жаттығу, бақылау жұмыстарын пысықтау сабақтарын жүргізуде кеңінен
қолданылады. Қазақ тілін оқытуда бұл технологиялық құралдардың тиімді қолданылуы тілді
жеделдетіп оқытуға, терең меңгертуге ықпал етері сөзсіз.
Заманауи білім беру үдерісі жеке тұлғаға бағытталған. Тіл үйренушінің іскерлігі,
коммуникативтік құзыреттілігі дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің
білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін
қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-
тәсілдерді пайдалану керек. Білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең
маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі.
Мемлекеттік тілдің қызметін кеңейту мен дамыту үшін оның ғылымда, медицинада,
өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл
үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты екендігін көрсетеді. Жоғары оқу
орнын бітірген болашақ маман, қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгерумен қатар,
студенттердің кәсіптік мамандығына сай тиімді жақтарын да қарастыруы керек.
Тілді мамандыққа қатысты оқытудың ұтымды жақтары:
тіл үйренушілер қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады;
кәсібіне байланысты жинаған сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз
мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысы қалыптасады;
қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі;
қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл
үйренушілер Қазақстан тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен
танысып, білімдерін молайтады;
226
күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп,
мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренеді;
болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына, өз мамандығын
саналы сезінуіне мүмкіндік туады.
Осы тұрғыдан мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі уақыт сұранысынан
туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Соңғы жылдары қазақ тілін мамандыққа сәйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқыту
әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Қазақ тілін мамандыққа сай оқытудың басты ерекшеліктерін анықтап, оны қалыптастыру
жолында көптеген отандық ғалымдарымыз үлкен жұмыстар атқаруда. Онда теориялық және
әдістемелік тұрғыдан тілдік қатынастағы сөйлесім әрекетінің түрлерін – оқылым, жазылым,
тыңдалым, айтылым, тілдесім деп қарастыруда. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей білу үшін
тұрмыста, өндірісте, әлеуметтік ортада қазақша тілдік қатынасты игеру; қазақ тілінде мәдени-
ресми, кәсіби қатынасқа дайындық; өз мамандығы бойынша сұрақтарға жауап бере білу, осы
тақырып төңірегінде ойын айта білу дағдыларын меңгерту; кәсіби бағыттағы қарым-
қатынастық мәтіндерді аудармасыз түсінуге ұмтылу; тіл үйренушілердің сөздік қорын
молайтуда аударма, түсіндірме және кәсіби сөздіктерді пайдалана білу; қазақша ойлауға,
қазақша сөйлеуге, жазуға дағдылану.
Тіл үйренушілердің өз саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды
анықтау қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ерекшелік екендігін көрсете білуі керек.
Сонымен қатар өзге тілді үйренушілерге мамандығы бойынша тілдік база жасау мәселесіне
де көңіл бөлу керек сияқты.
Кейбір ғалымдарымыз қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың әдістемелік жүйесін
жаңа технологиямен толықтырып, дамытып, жетілдіріп отыру – тілдің қатысымдық қызметін
нәтижелі меңгертуге негіз болады деп есептейді. Атап айтқанда, студенттердің мемлекеттік
тілде сөйлеуге деген қызығушылығы мен мүдделігін, олардың білімін рейтинг, тест
материалдарын талапқа сай пайдалану арқылы арттырудың мәнін анықтайды.
Студенттердің мемлекеттік тілді тиімді игеруінің басты факторы – оқу бағдарламалары
мен оқулық, оқу-әдістемелік материалдарды модульдік оқу жүйесімен берудің ұтымдылығын
дәлелдеп, модульдік жүйеге негізделген электрондық оқулықтар студенттердің өз бетімен
жұмыс істеуіне тиімді екенін айтады. Тілдік жағдай жүйесін үнемі мамандықпен
байланыстыра отырып қарастыру қазақ тілін мамандыққа қатысты үйретудегі мәтіннің
маңызды рөлі дәлелденіп, мәтіннің тілдік жүйесі айқындалған. Ол мазмұндық және
тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленуі керек; тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс
істеуіне ынталандырылуы; қатысымдық (коммуникативтік) қасиеті басым болуы керек;
мамандыққа байланысты ғылыми мәтіндер студенттерде қажеттілік сезімін туғызып, білім
беруде олардың сенімін күшейтетін болуы қажет. Сабақ барысында мамандыққа байланысты
негіз болатын тыңдап-қабылдау, тыңдап-есте сақтау, тыңдап-көру, тыңдап-байқау, тыңдап-
бекіту сияқты тапсырма түрлері беріледі.
Мамандыққа сай мәтіндегі хабарды тыңдалым арқылы түсіну дәрежесіне қарай берілетін
төмендегі тапсырма түрлерін нақтылап көрсетеді: мәтіннің мазмұнын түсінуге арналған
тапсырмалар; мәтіннен алынған ақпаратты шығармашылық ізденістер мен толықтыруға
арналған тапсырмалар; мәтіндегі хабарларды адамдармен қарым-қатынасқа, сөйлесуге
қолдана білуге арналған тапсырмалар.
Қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан үйретуде сөйлесім әрекеті мен оның түрлерін
басшылыққа алуға болады. Шетелдік студенттерге қазақ тілін жазылым әрекеті арқылы
анықтамасын, ерекшеліктерін меңгертудің тиімді жолдарын көрсетуге болады. Зерттеу
жұмысында жазылым әрекеті бірнеше түрге бөлініп қарастырылды. Мәселен, жазылу үлгісіне
қарай жазылымның мынадай түрлері берілді:
дыбыстық жазылым;
көшіру жазылымы;
жатқа жазу жазылымы;
227
көркемдік жазылым;
танымдық жазылым.
Тілді мамандыққа сай үйретуге арналған әдістемелік оқулықтар студенттердің ғылыми
тілді, мамандыққа қатысты кәсіби тілді, ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде меңгеруіне
ықпал етуде.
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мамандыққа байланысты оқытуды көздейтін еңбектерде
студенттердің мамандығына, кәсібіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды, сөздік
қорларын байытуды, кәсіби сөздерді меңгеріп, өз ойларын дұрыс мазмұндап жеткізуге, аға
ұрпақтың өнегелі өмірін өздеріне үлгі ете білуге үйретуді мақсат етеді.
Сөйлеудің түрлері, олардың ерекшеліктері туралы мағлұмат беретін жаттығулар
студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар бұл
еңбектер негізінде тіл үйренушілер жазылым әрекеті арқылы іске асатын шығармашылық
жұмыстарды жазып үйренуге машықтанады.
Оқытушы ұсынған барлық жұмыс түрлері тіл үйренушілердің кәсіби тілдік қатынасқа
түсуін сөйлесім әрекетінің (тыңдалым, оқылым, айтылым, тілдесім, жазылым) бір-бірімен
байланысуы негізінде қарастырылады. Мамандыққа байланысты таңдап алынған мәтіндермен
жұмыс істеуде сөз мағынасын түсіндіру, нақтылау, оны студенттердің тіліне енгізу белгілі бір
дәрежеде өз нәтижесін береді. Мәтінмен жұмыс жүргізуде тіл үйренушілердің кәсіби сөздік
қоры байып, сөйлеу мүмкіндіктері дами түседі. Сөзжұмбақ, өзі таңдаған мамандығына
байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, фразеологизмдер, пікірталастар, шағын әңгімелер
мен ертегілерді оқып, мазмұндау арқылы да тілге деген қызығушылықты арттырып, тіл
үйренуге ынтасын күшейтуге болатын сияқты.
Тіл дамытудағы ең тиімді әдістердің бірі – мәтін бойынша жұмыс істеу. Бұл салада қазақ
тілін мамандыққа байланысты оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасап, тілдік тұлғаның
қатысымдық құзыреттілігін дамыту басты міндет ретінде алынды кәсіби тілдік қатынасты
жетілдіруде тіл үйренушінің қазақша сөйлеу тілін кәсіби қарым-қатынас тілі ретінде дамыту
көзделді. лексикалық минимумды танымдық-бағдарлы оқыту, грамматикалық минимумды
мамандыққа сай мәтіндер мен жаттығулар арқылы оқыту ұсынылды; қазақ тілін мамандыққа
байланысты оқыту технологиясына байланысты әдістемелік кешен ұсынылды, оның тиімділігі
тәжірибе арқылы дәлелденді.
Қорыта келгенде, тілді мамандыққа сәйкес оқытуға байланысты құнды ой-пікірлер өте көп.
Бұл еңбектер мен тұжырымдардың, әсіресе қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың
өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің әдіс-тәсілдерінің кәсіби қатынаста
атқаратын маңызы зор.
Зерттеу жұмысында жаңа технология бойынша оқытудың ұстанымдарына сәйкес құрылған
әдістемелік жүйені ұстаздар қауымы өз тәжірибелерінде қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |