Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет164/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

2. Блог-технология (ағылшынша «blog», «web log» сөзінен шыққан) – мәтін, көрініс 
немесе мультимедиадан тұратын, жиі ауыстырылып отыратын контенті бар веб-сайт. 
Блог-технология – Интернет желісіндегі кез келген қолданушы күнделік не журнал түріндегі 
өзінің жеке блог-парағын ашып алуға болатын Веб 2. 0 технологиясының бірі. Оған мәтін де, 
сурет те, аудио- және бейнежазбалар да орналастырып, басқа Интернет желісіндегі 
ресурстарға сілтеме жасауға болады. Блогқа кірген қолданушы сайт мазмұнымен таныса 
отырып, ондағы жарияланымдарға, салынған суреттерге түсініктеме беруіне болады. Барлық 
жазбалар хронологиялық тәртіппен (бірінен соң бірі) беріледі.
Ақпараттық кеңістікте қазақ тілінде блогтар үлкен қарқынмен дамып, қазақ тілінде 
мәліметтердің көбеюіне мүмкіндік жасауға септесуде. Мәселен, блог әлемінде қазақ 
блогшылары өз еріктерімен «WordPress. com» блогтұғырын қазақ тіліне аудару арқылы 
интернетте қазақ тілінде мәлімет бөлісетін алаңдардың көбеюіне түрткі болды. Қазақ тілді 
блогшылар интернеттегі қазақ тілінің жағдайын ғана жақсартып жатқан жоқ, сонымен қатар 
ақпараттық технология саласында қазақ тілінің кең қанат жаюына, тілдік өзгерістер мен оның 
дамуына өз үлесін қосуда. Атап айтқанда, urimtal. yvision. kz/, Massagan. com, Zhastar. biz, 
zhasqazaq. wordpress. com, contentmaster. kz/, aitaber. kz, zhanaoi. kz, kerekinfo. kz, qazaqblogger. 
kz, massaget. kz және т. б. блогтардың саны да, мазмұны да күн сайын толығып келеді.
Блог-технологияның тілді үйретудегі әдістемелік қызметі мен дидактикалық қызметіне 
назар аударайық: 
Блог-технологияның дидактикалық 
қызметі 
Блог-технологияның тілді үйретудегі әдістемелік қызметі 
Жариялылық
(Блог бір-бірінен қашықтықта 
орналасқан жобаға қатысушылардың 
барлығына қолжетімді) 
Блог кез келген нүктедегі Интернет-жобаға қатысушыға қолжетімді 
болғандықтан, аудиториядан тыс топтық жұмыстарды 
ұйымдастыруға, тіл аспектісінің (лексика, грамматика), сөйлеу 


248 
әрекетінің (оқылым, жазылым) түрлерін дамытуға, сондай-ақ 
әлеуметтік-мәдени, мәдениаралық құзыретті дамытуға қолайлы.
Желілік 
(өзгертулер мен толықтырулар 
хронологиялық реттілікпен 
орналасқан) 
Блогта автордың (модератордың) ақпараты (мәтіндік, фото-, видео-, 
аудио-) хронологиялық тәртіпппен беріледі. Блогтағы бұрын 
жарияланған мәліметтер түзетілмейді, өзгерту жасауға болмайды. 
Модератор оны тек өшіре алады. Блог-технологияның мұндай 
дидактикалық қасиеті тіл үйренушінің сөйлеу әрекетін дамытуға 
мүмкіндік беріп, әрбір тілдік тұлғаның жеке жұмыс жасауына және 
қолданушылар арасындағы желілік қатынасты ұйымдастыруға жол 
ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет