Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет166/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

3. Вики-технология – белгісіз қашықтықта орналасқан бір немесе бір топ адамдардың 
ортақ жазба (мультимедиалық) құжаттарын құруға мүмкіндік беретін заманауи Интер-
нет-технологияның бірі. Вики қызметінің атауы гавай тілінен («wiki-wiki») аударылғанда 
«тез» мәліметтерге жылдам, тез қол жеткізу дегенді білдіреді. Бұл жүйе материалдармен 
жұмыс істеу барысында өзін толық ақтады деп айтуға болады. Вики қызметін алғаш рет 1995 
жылы мәліметтер базасы ретінде құрған бағдарламашы Уорд Каннингем (Ward Cunningham) 
екен. 2000 жылдан бастап алғашқы желілік (онлайн) «Википедия» (Wikipedia) www. wikipedia. 
org энциклопедиясы пайда болды. Оған кез келген адам автор болуға мүмкіндік алып, вики 
қызметі әлемге танымал болды.  
Википедия да вики-сервер сияқты танымал, оның өз қауіпсіздік қызметі бар, 
қолданушылар желіде орналасқан мақалаға толықтырулар мен өзгертулер енгізе алады. Мәтін, 
сондай-ақ сурет және бейнематериалдар көпшілік қауымға бірден жетпейді, желілік әкімшілік 
рұқсат еткен соң ғана шығады. Сондықтан Википедияның бетінде жарық көрген мәліметтер 
жоғары деңгейде сенімді. Тілді меңгертуде Википедия тілдік практиканы мәденитанымдық 
тұрғыдан байыту үшін ақпараттық ресурстар ретінде тиімді пайдаланылады.


249 
Ал Қазақстандағы «WikiBilim» Қоғамдық қоры – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, 
мәдениет және білім беру саласын дамыту мақсатында ерікті жастардың бастамасымен 2011 
жылдың мамыр айында құрылған коммерциялық емес ұйым. Мемлекеттік тіл, білім беру, 
мәдениет және инновациялық технологияларды дамыту, қазақтілді контент пен интернет 
жүйесін дамыту мақсатын және т. б. көздеген ұйымның «Қазақша Википедиа», «Қазақстанның 
ашық кітапханасы» және «Викимедиа» қорымен байланыс орнату т. б. жобалары бар. 
«WikiBilim қоғамдық қоры» дайындаған «Қазақстанның ашық кітапханасында» жиналған 
шығармалар саны 3000-нан асты. Жақын арада кітаптар мен аудиокітаптарды оқуға және 
тыңдауға арналған қосымшалар дайындалып жатыр. Ал kk. wikipedia. org, http://kazakh. ru 
беттерінде өзіңізге қажетті мәселелермен бөлісуге болады.
Тіл үйренушілерді оқыту мақсатында басқа вики-серверлерді тегін пайдалануға болады. 
Мысалы, Pbworks (www. pbworks. com), MediaWiki (www. mediawiki. com), Wikihost (www. 
wikihost. org).
Вики-технологиялар арқылы қалыптасатын сөйлеу әрекеттеріне назар аударайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет