Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет169/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы, 1999. – 533 б.
2. Веденская Л. А. Культура реч. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2000.
3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. – 63 б.
4. Абайдың 38 қара сөзі, https://bilim-all. kz/article/2230 
5. Қалимұқашева Б. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер /Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Фолиант, 
2010. – 168 б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


253 
Ергөбекова Ж.С.
PhD, доцент м.а.
Шарафиева А.Б.
магистрант 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ТАРИХИ МӘТІНДЕР НЕГІЗІНДЕ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Қазақ тілі пәнінің мектеп оқулықтарында келтірілген тарихи мәтіндерді зерделеу қазақ 
тілін оқыту әдістемесінің басты және өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені бұл 
тақырып аясында тіл мен ойдың, сананың, этнос болмысының көріністері мен арақатынасы 
жүйелі түрде зерттелді. Қазақ тілі оқулықтарында мысал ретінде келтірілген тарихи 
мәтіндердің этноментальды кеңістігінде ұлтымыздың ғасырлар тұңғиығынан бастау алған 
дүниетанымынан, тарихи-мәдени өмірінен, рухани болмысынан хабардар ететін құнды 
мәліметтер мен ақпараттар сақталған. Осындай мол рухани-тілдік қазынаны оқушы бойына 
сіңіру заманауи білім берудегі өзекті мәселе екендігі дау тудырмайды. Тарихи мәтіндер 
ұлттың дүниетанымынан, халықтық санадан, тұрмыс-тіршілігінен мол ақпарат береді. 
Сондықтан да ұлттық тәрбиенің маңызды құралдарының бірі тарихи мәліметтер келтірілген 
мәтіндерді танып білу оқушылардың мәдени-танымдық құзіреттілігін жоғарылатады, сол 
арқылы ертеңгі ұрпақтың отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру үдерісіне 
қажетті кәсіби біліктілігін арттырады.
Қазіргі таңда жаңа педагогикалық антропоөзекті парадигма аясында тұлға интеллектісін 
дамыту басымдыққа ие болып отыр. Тұлға интеллектісінің басты көрсеткіші – оның бәсекеге 
қабілеттілігі, мәдени ментальділігінің жоғары болуы. Оқушы бойындағы мұндай 
қабілеттіліктер олардың ұлттық діл, ұлттық болмыс, ұлттық құндылықтар туралы түсінігінің 
қалыптасуына байланысты қалыптастырылады. Осы тұрғыдан, яғни оқушының ұлттық 
болмысын қалыптастыруға қатысты қазақ тілі пәнінің, оны оқытушы мұғалімінің арқалар жүгі 
өте ауыр. Қазақ тілі сабағында оқушыларға этнографиялық, тарихи, мәдени ақпараттарды 
оқыту жас ұрпақтың елдік санасының дамуына, дүниетанымының кеңеюіне көп үлес қосады. 
Ұлттық болмыс пен жалпыадамзаттық құндылықтарды қадірлеп, бойына сіңірген, ізденімпаз, 
жаңашыл ұрпақ қана тарихта өз орнын алады. Осындай ұрпақ қана «Мәңгілік елдің» елдігін 
жалғастыра алады. Осы себепті қазақ тілі сабағында тарихи материады оқытудың маңызы 
айрықша.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, 
кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу 
үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың 
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті. Сондықтан 
білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан 
жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз [1].
«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі 
ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы оқушылардың білімі мен 
тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады 
[2].  
Тарихи фактілерді меңгеру негізінде танымдық құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік 
алуға болады. Қазақ тілінде түсіндірілетін жаңа тақырыптарға келірілетін мысалдар негізінен 
тарихи, әдеби және биологиялық мазмұнда болып келеді. Осы мақаланы жазу барысында 
барлық сыныптардың қазақ тілі оқулықтарын зерттей қарап, келтірілген мысалдардың 
тарихилығын көп кездестірдім. Олардың басым көпшілігі орта буын оқулықарында. Мысалы, 
5 сыныптың Ж. Дәулетбекова, Г. Қосымова авторлығындағы оқулықта «Ұлы саяхатшы» 


254 
тақырыбында берілген сұрақтар мен тапсырмалардың бала қызығушылығын арттыруға үлкен 
сеп болатыны анық. Мысалы, сабақтың айтылым бөлігіндегі «Ежелгі тарихшылардың ел 
тарихын жазуға қатысы болуы мүмкін бе?» – деген сұрағына жауап іздеп, дұрыс жауап беруге 
талпыну баланың тарих туралы, саяхат туралы ойларын бір жүйеге келтіреді. Одан кейін тарих 
сабағынан өтіп жатқан тақырыптар есіне түседі. Геродот есімімен оқушы алғаш тарих 
сабағында танысты. Сабақтар арасындағы байланыс та ұтымды пайдаланылған. Басқа пәннен 
алған білімін де жаңғыртып отыруға мүмкіндік бар. Бұдан басқа оқулық авторлары 175-бетте 
А. Дүзелхановтың «Сақ жауынгері» деген суретін береді. Енді балада сұрақ туындайды: 
«Геродот сақ туралы айтты, сол сақтың мұнда суреті тұр екен, оның қазаққа қандай қатысы 
бар екен». Жауапқа оқытушы көмегімен келген баланың тарихқа, тарихта аты қалған 
батырларға қызығушылығы арта түседі [3, 175].
Әрінова Б., Раева Г., Кәрімова Г., Жұмекенова Л. авторлығындағы 6-сынып оқулығында 
«Тарих қойнауында» тақырыбы «Көнерген сөздер» тілдік бағдарымен шебер үйлестірілген. 
Тарихта аты қалған елін сүйген ерлердің ерен еңбектері туралы өз беттерінше ізденуге 
тапсырма беріледі, тарихи романдардан үзінділер келтіріп, баланың танымдық деңгейін 
жоғарылатып, елінің тарихына деген қызығушылығын арттырады. Қызығушылықпен бірге 
елжандылық қасиетінің жоғарылауына мұғалім өз үлесін қосуға мүмкіндік алады. Осында 
берілген 6-тапсырма: («Хан енді шетелдерден келген елшілерді қабылдайтын болды. Әр 
елшіні екі қарынан екі сарай төрешісі қолтықтап ханға қарай алып жүрді. Елшілер он шақты 
адым қалғанда оң тізелерін бүгіп, қол қусырып, бастарын иіп тағзым етті. Қапталда отырған 
уәзірлер орындарынан тұрып, шетелдік меймандарды қолтықтарынан демеп, ханға беттеді, 
төрт-бес аттаған соң, тағы да кідіріп, тағзым етті. Елшілер уәзірлер отырған сәкіге қарама-
қарсы қойылған биік сәкіге барып жайғасты») мен 7-тапсырманың («Жүсіп Баласағұн. Қазақ 
даласынан шыққан ойшылдардың көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны 
қазақтың тарихы, мәдениетімен сабақтасып, өмір шындығын баяндауымен дараланады. 
«Құтты білік» дастаны – өзінің тарихи мәнін еш уақытта жоймайтын рухани мұра. Әділетті 
басшы басқарған, ізгілік орнаған қоғамда өмір сүру қай кезеңде болмасын, адам баласының 
ізгі арман-мұраты болған. Әр халықтың өзге жұртқа ұқсамайтын бітім-болмысы, өзіндік 
тағдырын айқындайтын басты ерекшелігі болады. Жүсіп Баласағұн өзінің құнды мұрасында 
адамгершілікті, адалдықты, адамды сүюді жырлайды. Дастандағы негізгі идея – ел мүддесін 
ойлайтын адал басшының бейнесін көрсету арқылы әділетті қоғам орнату, мемлекетті дұрыс 
басқару, білімді игеру, ақылды, қанағатшыл және ізгілік, кісілік қасиеті бар тұлға тәрбиелеу. 
Дастанға тән ерекшелік – адамгершілікті насихаттау. Ұрпақтан ұрпаққа мұра боп қалған бұл 
дастанда қоғам туралы, адам баласының асыл қасиеті – ізгілік туралы айрықша жырланады. 
Ұлттық тәрбие құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіруде Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» 
дастаны үлкен рөл атқарады. Өз заманынан озық туған ұлы тұлғаның «Құтты білік» дастаны 
– тәлім-тәрбиелік құндылықтың қайнар көзі. Бұл дастан адам баласын ізгілікке, имандылыққа 
үндейді, рухани тазалыққа шақырады») көтеріп тұған жүгі ауыр [4, 85-86].
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; 
оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол 
ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл 
фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл 
фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру [5]. Бұл пікірді толыққанды қостауға негіз бар. 
Толық сауатты адам жан-жақты әрі өзінің арғы тарихы мен бергісін толық танитын адам. Қазақ 
тілінен ғылыми теориялық білім ала отырып, практикада да оны қолдана білуі қажет. Сол 
пракитикада алынған мысалдар тарихи фактіге негізделген. Бұл былайша айтқанда бір оқпен 
екі қоянды ату болып отыр.
Әдіскер-ғалым Ж. Дәулетбекова 5-сынып оқушыларының таным белсенділігі мынадай 
жағдайда туындайтынын атап көрсетеді: «Дидактикалық тұрғыда танымдық белсенділік 
сұрақ, тапсырма, көрнекілік, ой қорытындысын жасату т. б. арқылы туындайды. Мақсатты 
түрде жүзеге асырылған жағдайларда бұл элементтер оқушылардың пәнге деген 
қызығушылықтарын оятумен қатар, олардың еркін тәрбиелеуге, оқуға саналы қатынасын 


255 
қалыптастыруға да түрткі жасайтын құралға айналады». Келтірілген мысалдарды толық 
талдаумен қатар түпкі идеаны ортаға салу арқылы да тарихи тұлғалар мен тартысты күндерді 
талқыласа қызығушылықты оятуға мүмкіндік туындайды.
Жоғары аталған оқулықтар мен одан да басқа қазақ тілі оқулықтарында кездесетін тарихи 
мазмұнды қысқаша мәтіндерде үлкен астарлы мәлімет келтіріліп отырады. Бұл арқылы 
оқушылар бізден бұрынғы мыңжылдықтарда мекен еткен тайпалар жайында, қазақ жерінде 
өмір сүргендігі жөніндегі мәліметтерді есте сақтайды. Оның үстіне берілген тапсырма мәтін 
ішінен қос сөздерді іздейді. Тапсырманы толыққанды орындау үшін оқушы оны бірнеше мәрте 
қайырып оқиды және ойында жақсырақ сақтауға мүмкіндік алады.
Жаңа ғасырдағы ұлттық мектебіміздің басты философиялық тұғырнамасы тарихи-ұлттық, 
рухани-мәдени құндылықтарымызға негізделіп, жаңаша шығармашылық тұрғыда 
қарастырылып, ұлтымыздың рухани жандануына бағдарлау болып отыр. Сол себепті, ұлт 
ұлыларын тарихи тарландарымызды танытудың ешқашан артықшылығы болмайды.
Ж. Б. Қоянбаев пен Р. М. Қоянбаевтар халық педагогикасының мақсатарына мыналарды 
жатқызады: « Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне 
сүйене отырып, болашақ ұрпақты, өмірге дайындау, өнер-білімге баулу, бүкіл елдің қамын 
ойлау сияқты ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу... Халық 
педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық 
материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, тәжірибелері т. б.» 
жататындығын атап көрсете келе, халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі роліне 
айрықша тоқталады: «... халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді 
ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен 
әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек 
сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті [6]». 
Өте ұтымды әрі нақты айтылған пікір. Ұлт болашағын қалыптастыру негізінде ұлттық 
құндылықтарды бойына сіңіру басты парыз.
Қорыта келе, қазақ тілінде тарихи мұраларды таныту негізінде танымдық құзыреттілікті 
қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. Қазіргі балаларға еліктеуге лайықты кейіпкер, идеал керек. 
Және ол идеал ұлттық ділмен, ұлттық болмыспен астасатын дәстүрлі тәрбиелік 
бастауларымыздан келіп шығуы тиіс. Өз тарихымыз бен фольклорымызда балаға идеал 
болатындай батырлар, ержүрек жігіттер мен тапқыр балалар, ақылына көркі сай қыздар жетіп 
артылады. Солармен жете таныстырудың нақты жолы тарихи тұлғалардың ерлігіне сүйсіндіре 
отырып, өз "батырын" табуға көмектесу. Ең бастысы, өз ата-анасын сыйламайтын, елі мен 
жерін бағаламайтын, әке-шешесіне «Сен» деп сөйлеуді әдетке айналдырған әдепсіз ұрпақтың 
санасына сәуле түсіріп, қоғамдық бетбұрыс жасау мәселесі шешілер еді. Ал бұл бүгінгі 
жаһанданудың кері ықпалынан сақтанудың бір жолы болмақ. Танымдық құзыреттілігі 
қалыптасқан жастардың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген сүйіспеншілік пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет