Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Грамматикалық материалдарды оқыту барысында мұғалімнің атқаратын



Pdf көрінісі
бет171/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Грамматикалық материалдарды оқыту барысында мұғалімнің атқаратын 
міңдеттері: 
– үйретілетін тілге қатысты грамматикалық минимумды дұрыс тандау; 
– басы артық грамматикалық ережелерді шектей білу, қысқарту; 
– грамматиканы оқытуды оқушылардың еркін меңгерген лексикалық тұлғаларымен 
жүргізу; 
– тілдің грамматикаға қатысты негіздемесін, грамматикалық анықтағышты жасай білу 
/ережелер жиынтығы/; 
– грамматикалық негізді қалыптастыру және оны іске асыру; 
– теорияны үздіксіз іс жүзінде, тәжірибемен ұштастырып отыру; 
– грамматикалық көрсеткіш, сөз, дыбыс – бірлестігінін мәнін дұрыс түсіну.
Жаңартылған білім мазмұнында грамматикалық материалдар жеке дара бөлінбей, сөздің 
формасымен, мағынасымен, қолданысымен қатар оқытылғанда ғана пайдалы болады. [2, 89] 
Ол үшін арнайы сұрыпталған грамматикалық минимум топтастырылады. Мұғалім бұл 
қағидаларды негізге ала отырып, қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият 
қарастырып, әр тақырыпты оқытумен байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай 


257 
орындады, одан қандай қорытынды шығарады, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге 
сүйенді, қандай ойлау әрекеттерін жасады деген мәселелерге көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, 
қағиданы іске асыруда екінші басты мәселе – оқушылардың орфографиялық ережелерді 
саналы меңгеруін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазуға дағды беру. 
Мысалы: сөз тіркесі, сөйлем құрауға үйрету жұмысы оқушы ойын байланыстырып айта 
білумен бірге, жаза білуге дағды береді. Грамматиканы, синтаксисті жақсы меңгерген оқушы 
сөз тіркесін, дұрыс біліп, сөйлемді қарастыра алады. Мұғалім сөз тіркесі және сөйлемді дұрыс 
құрату арқылы оқушыны тілдік фактілерді орынды қолдана білуге, әсіресе, синонимдік 
қатарларды, сөзді талғап, таңдап қолдануға үйретеді. Сөз тіркесі, сөйлемді құрату жұмысы да 
барлық грамматикалық тақырыптарды оқытумен орай іске асырылды. Мысалы, «Синтаксис 
және пунктуация», «Сөйлем мүшелері», «Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері» 
тақырыптарын оқытумен байланысты қарастырған жөн. Мұғалім жаттығу жұмыстарын 
грамматика – стилистикалық бағытта ұйымдастырылды. [3, 34]
Дайын мәтін ала отырып, оған грамматика – стилистикалық талдау жасауына болады. 
Оқушылардың назарын сөйлем құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік 
қателер барын немесе қандай ерекшелікпен (сөзді қолданудағы) көрінетіндігін байқатады. 
Оқушыларға мынадай жұмыстар орындату тиімді: сөз тіркестері арқылы сөйлем құрату, жай 
сөйлемді жалпылама сөйлемге айналдыру, аяқталмаған сөйлемді аяқтау, диалогты сөйлем 
құрату, әңгімені аяқтау, белгілі таныс тақырыптар бойынша бір-бірінің жұмысын 
редакциялау, тағы басқа – осындай жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы оқушы дұрыс 
сөйлем құрастыруға бейімделеді. Оқушы сөз тіркесі мен сөйлемнің түрі және мазмұны 
арасындағы байланысты меңгеруге тиісті. Яғни, сөз тіркесі сөйлемге қажетті құрылыс 
материалы ретінде қаралса, сөйлем синтаксистің негізгі бірлігі ретінде қаралатындығын 
ұқтыру қажет. Мысалы, сөз тіркесінде «қоңыр» деген сын есімнің мағынасындағы өзгерісті, 
оның тура және ауыспалы мағынада тұрғандығын талдау жасау арқылы түсіндіріп отыру 
пайдалы: қоңыр күз, қоңыр мата, қоңыр бояу, қоңыр дауыс. Оқушыға «қоңыр бояу, қоңыр 
мата» деген сөздің тура мағынада айтылып тұрғандығын, ал «қоңыр дауыс, қоңыр күз» деген 
сөз тіркестерінің ауыспалы мағынада қолданылып тұрғандығын салыстыру арқылы түсінік 
беріледі. Оқушы тілдің осындай нәзік құбылыстарын байқау арқылы ана тілінің қыр-сырын 
біле түсуге құмартады. Мұғалім алдымен сөз тіркесі және сөйлемнің өзара құрылымдық 
айырмашылығының неде екендігіне оқушы көзін жеткізу қажет. Демек, сөз тіркесі 
категориясының лексикамен, морфологиямен тығыз байланысты екендігін, сондай-ақ сөз 
тіркесі лексика мен морфологияны синтаксиспен тығыз байланыстыратын синтаксистік 
категория екендігіне баса назар аударылады. Мұның лексикамен тығыз байланыстылығы 
құрамына енген сөздердің толық лексикалық мағынаға ие болуы және бір-бірімен байланыста 
айтылатындай тіркесімдік қабілеті болуы шарт екендігінен көрінсе, морфологиямен 
байланыстылығы, сөз бен сөз белгілері бір қосымша арқылы, яғни сөз тұлғасы арқылы 
байланысатынынан, екінші жағынан, белгілі бір сөз табынан негізінен сөз тіркесі 
жасалатындығынан байқалады. Ал байланысқа түскен сөздердің грамматикалық қарым-
қатынасы, лексико-грамматикалық деп те, синтаксистік қарым-қатынас деп те аталады. 
Синтаксисті оқу барысында түрлі синтаксистік конструкцияларды меңгеріп, сөз тіркесі мен 
сөйлем ішіндегі сөздерді тұлғалық формаларына қарай таңдап қолдануға дағдыланатын 
болады. Мұғалім оқулықтағы жаттығулардан, дидактикалық материалдар жинағындағы 
мәтіндермен жұмыс істеудің жолдарын көрсетіп отырады. [4, 45] 
Оқушылардың қазақ тілі сабағына ынта қоюын қалыптастырудың, яғни тілдік 
тақырыптарды саналы түрде меңгеруінің басты қозғаушы күштерінің бірі – пәннің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет