Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет170/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Оңтүстік Қазақстан, 2012, 
желтоқсан. – №198-199. – Б. 8.
2. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруде кәсіби дайындау: теориясы мен 
практикасы. – Алматы, 2004. – 304 б.
3. Қазақ тілі. 5 сынып. – Алматы: Атамұра, 2017.
4. Әрінова Б., Раева Г., Кәрімова Г., Жұмекенова Л. Қазақ тілі. 6-сынып. – А.: Атамұра, 2018.
5. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 1995.
6. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. – Астана: Л. Гумилев атындағы ЕАУ, 1998. – 378 б.
 
 
 
 
 
 


256 
Есқараева А.
Болашақ университеті 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДА
ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Аңдатпа. Мақалада жаңартылған білім мазмұнында грамматикалық материалдар жеке дара бөлінбей, 
сөздің формасымен, мағынасымен, қолданысымен қатар оқытылғанда ғана пайдалы болады. Ол үшін арнайы 
сұрыпталған грамматикалық минимум топтастырылады. Эмперикалық және теориялық талдау әдістерін 
оқушыларға меңгерту әдістемесімен бірге оқушылардың әр түрлі іскерлік дағдаларын (ойлау, тілді оқу, 
орфографиялық, пунктуациялық дағдыларын) қалыптастыруда, грамматикалық қателерді болдырмау үшін 
алдын ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканы оқып үйрнеудің аса зор роль атқаратындығын, 
сондай-ақ грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері мен талдаудың түрлерін, грамматикалық 
терминдер мен сұрақтар туралы мәселені жан-жақты білуі тиіс екендігі зерделенеді.
Түйін сөздер: грамматика, оқыту, тәсіл, әдіс, мазмұн.  
 
Мұғалім жаңартылған білім мазмұнында грамматиканы оқытудың мақсаты мен 
міндеттерін, мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту 
әдістерінің жүйесі мен оның құраушы ішкі жүйелерін: морфология және синтаксис
грамматикадан берілетін эмперикалық және теориялық білім мазмұны мен көлемін анықтап 
білуі тиіс. Эмперикалық және теориялық талдау әдістерін оқушыларға меңгерту әдістемесімен 
бірге оқушылардың әр түрлі іскерлік дағдаларын (ойлау, тілді оқу, орфографиялық, 
пунктуациялық дағдыларын) қалыптастыруда, грамматикалық қателерді болдырмау үшін 
алдын ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканы оқып үйрнеудің аса зор роль 
атқаратындығын, сондай-ақ грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері мен 
талдаудың түрлерін, грамматикалық терминдер мен сұрақтар туралы мәселені жан-жақты 
білуі тиіс [1, 25].
Грамматикалық материалдарды оқыту барысында өткізілетін жұмыс түрлері: 
а/ грамматикалық материалдарды дайыңдау және дұрыс ұйымдастыру; 
ә/ материалдарды түсіндіру; 
б/ өтілген материал арқылы сөйлеуді жаттықтыру; 
в/ әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу; 
г/ грамматиканы мәтін көлемінен шығарып, өмірге қосу, іс жүзіне асыру; 
д/ грамматикалық дағдыны бақылау және дамыту; 
ж/ үйретілген материалдарды бекіту.
Бұл жұмыстардың өзі іштей сала-салаға жіктеліп жаттығу т. б. болып түрлене береді. 
Сонымен қатар, әр жұмыс түрлері бірнеше кезеңдерге бөлініп жүргізіледі. Ол кезеңдердің 
әрқайсысына арналған уақыт мөлшері мен орындалатын міндеттер айқын болғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет