Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


«Көркем әдебиеттегі ауызекі сөйлеу тілі стилі»



Pdf көрінісі
бет19/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   225
«Көркем әдебиеттегі ауызекі сөйлеу тілі стилі» деген мақала ауызекі сөйлеу тілінің 
сабақтас құрмалас сөйлем құраудағы ерекшеліктерін сипаттайды. Р. Әмір ауызекі тілде сабақ-
тас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыру үшін өнімді жұмсалатын -са, -се, -
ғанда, -генде, -п формаларын негізге алған. Жазбаша тілде мезгілдік қатынасты хабарлайтын 
-ғанда, -генде формасы ауызекі тілде көбіне риторикалық өң тудыру үшін полемикалы сөзде 
жұмсалатынын дәлелдеген. Сол сияқты ауызекі тілге тән полемикалы (даулы, пікір таластыру) 
пікір білдіруге бейімделген тағы бір конструкция – -са, се формасы. Автордың пікіріне 
сүйенсек: «Конструкция бастапқыда -са, -се тұлғасының шартты мағынасына сүйеніп 
құралған, бірақ ол мағына конструкцияның жаңа коммуникативтік міндетінің жаңа қызметінің 
әсерімен бірте-бірте солғындап, көрінбей қалған» [3, 87 б. ]. Полемика барысында 
стереотиптер мен нормалар басымдыққа ие. Осы себепті полемика әлеуметтік-саяси өмірде 
барынша жиі ұшырасатын қарым-қатынас түрі. Оның коммуникативтік ниеті даулы мәселені 
талқылауға бағытталады. Дискуссиядан өзгешелігі: полемиканың мақсаты келісімге келуден 
гөрі өз пікірін мойындатуға сүйенеді. Полемикаға түсудің түпкі себебі ақиқатқа ұмтылудан 
гөрі өз шындығын дәлелдеуге бет алудан туады. Автордың осы орайда келтірген мысалдары 
да ойымызды айғақтайды. Мысалы: Қызды әке билемегенде, кім билеуші еді? (М. Әуезов). 
Қарсы тұрсам, төбемді ойып бара жатқан соң қарсы тұрғаным жоқ па! (М. Әуезов).
Ауызекі сөйлеу тілінде құрмалас сөйлем құрауға белсене қатысатын көсемшенің -ып, -іп, -
п формасының жазбаша тілге қарағанда тосын көрінетін жайлары да өте қызықты. Жазбаша 
тілде ыңғайластық қатынасты білдіретін форманың ауызекі тілде жұмсалуы әр қилы. Мысалы: 
Баланың сөзін сөз деп, о несі-ай маған (Қ. Мұхамеджанов). Ақыл айтып, ел бол деудің орнына 
желіктіріп, көрдің бе істеп жүргенін! (Қ. Мұхамеджанов). Сондай-ақ үнемі тек күрделі ойды 
білдіру үшін емес, репликалар арасын ұштастыру үшін де құрмалас сөйлемнің структуралық 
моделін пайдалану, ауызекі сөйлеу тіліне тән ерекшелік деп таниды.
Біріміз ұлағатты ұстаз, білгір маман, тіл мәйегінің ұйытқысы десек, енді біріміз талапшыл 
жетекші, білікті басшы, ізденімпаз ғалым деп танитын тұлға Рақыш Сәтұлы 90 жасқа толып 
отыр. Ұстаздық – ұлағатты кәсіп, мәртебелі мамандық. Халқымыз «Ұстаздық ету – талабы 
таусылмайтын, заманы ескірмейтін кәсіп» деп қашанда ерекше ықылас танытады. Рақыш 
Сәтұлының ыстық-суыққа бірдей шыдас беріп, қай істе де асқан жауапкершілік танытып
шыдамдылықпен бағындырған шыңдары шәкірттеріне шырағдан, ұрпақтарына үлгі болып 
келеді. Ғалымның талай шәкірті кең байтақ жеріміздің әр түкпірінде тіл мерейін тасытып, 
тәуелсіз қазақ елінің өркендеп өсуіне өзіндік үлесін қосып жүр. Бір әулеттің мәуелі бәйтерегіне 
айналған ұстазымыздың баянды ғұмырында ырысы тасып, абыройы аса берсін! Абыз 
ақсақалдықтың үлгісі болып көз алдымызда жүргей!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет