36
Мақалада баса айтылған тағы бір өзекті мәселе, нарықтық құрылымның ресми-іс
қағаздары. Нарықтық экономиканың әрбір саласы қазақтың іскери жазбаша сөйлеу тіліне жіті
мән беруін алға тартады. Қазір жоғары мектептің оқу орыс тілінде жүретін бөлімдерінде осы
қажеттілікті өтеу мақсатында «Кәсіби қазақ тілі» жүрсе, қазақ бөлімдерінде «Академиялық
жазу» деген пән бар.
Осындай артықшылықтарын
санамалай келіп, Р. Әмірдің «Языковой аспект рынка в
подготовке специалистов» деген мақаласы нарыққа сай маман даярлауда тілдің
коммуникациялық қажеттілігін көрегендікпен жеткізе білген құнды дүние деп білеміз.
Ғалым осы мақаладан он жылдай кейін жазылған
«Егемендік және қазақ тілі» деген
еңбегінде егемендік алғаннан соң қоғамдағы бір оң құбылыс – ол
тілдің идеологиялық
саясаттың тұсауынан құтылуы дегенді айтады. Осы өзгерістің нәтижесінде: а) өмірде туып
жатқан жаңа ұғымдардың атауы қазақ тілінің өз қорының негізінде, өзіне тән ережелерге
сүйеніп жасалып жатқанын, осы жолмен кірме атаулар мен
калька сөздердің төл балама
тапқанын; ә) халықтың қазақ тілінің негізіндегі тілдік шығармашылығы оянғанын, қазақ тіліне
сай сөйлеу дәстүрі мен сөз өнерінің қайта түлегенін дұрыс байқаған. Яғни «қазақ тілінде
сөйлеушілер қазақ тілінің өз потенциалын тауып, қалай дұрыс жұмсауды үйреніп, дағды етті»
дейді [3, 176 б. ]. Ал бұған дейінгі жағдайына келсек, Кеңес кезінде идеологияның салдарынан
ұлт тілінің қоғамдық аясы тарылып, көбіне этнографиялық сарқынды ретінде танылғанын
Достарыңызбен бөлісу: