Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет18/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

тәсілдері»). «Адам табиғаттағы дыбыстар мен құбылыстарға еліктеп, соларды қайталаудан тіл 
дамып жетілді» деп түсіндіретін дыбысқа еліктеу теориясы ғылымда мойындалмағаны, себебі 
тілдің шығуының түпкі себептерін ашып бере алмағаны рас. Тілдің шығуына себеп болған – 
қоғамның қажеті. Алайда сөйлеу дағдысының қалыптасуына табиғатта бар құбылыстар негіз 
болған. Тілдегі лексикалық, грамматикалық тәсілдердің құралуы табиғаттағы құбылыстарға 
еліктеудің әсерінен болған деп байымдайды. Жалпы тіл біліміндегі теорияның жеке тіл 
біліміне қонымдылығын дәлелдеу мақсатында имитацияны бағдарға алып, қазақ тілінде 
еліктеуден (имитация) пайда болды-ау деген құбылыстарды талдайды. Олар: лексикалық, 
грамматикалық, фонетикалық иммитативтер. Автор еліктеуден пайда болған грамматикалық 
тәсілге қайталау тәсілін жатқызады. «Жай сөйлем синтаксисінде» қайталауды ауызекі сөйлеу 
тіліндегі коммуникативтік мақсатты іске асырудың синтаксистік амалы деп таниды. 
Фонетикалық имитативтерді сөзді әдейілеп созып айтумен байланыстырған. Тілде бұл тәсіл 
алыстықты, қимылдың ұзаққа созылғанын білдіру және тыңдаушының көңілін аудару 
мақсатымен жұмсалады. Автор ойын мына мысалдармен дәйектеген: «Осыдан да қорқасың 
ба? Біз деген әуел десең көкем екеуміз сонау мұздың ар-р-р жағындағы сонау-у-у ақ тастың 
үстіне шыққамыз (Н. Қазыбеков). Ол орнынан ақыры-ы-ын тұрды. «Дұры-ы-ыс, – деді, – 
саған мұндай мәліметтің қажеті қанша! Мен саған қатыры-ы-ып тұрып костюм кигіземін» 
(Ә. Тарази)» [3, 168 б. ]. Сөздің созылып айтылуы ауызекі сөйлеу тілінде бұрыннан бар амал 
болса да, жұмсап, пайдаланып жүрсек те, тіл амалы ретінде еленбей жүргенін, көркем 
әдебиеттегі диалогтерде де сирек ұшырасатынын орынды ескерген. «Тек соңғы кездерде 
ауызекі сөйлеу тілін, оның ерекшеліктерін мол пайдалануға бет бұрған Ә. Тарази, С. 
Мұратбеков, О. Бөкеев сияқты жазушылардың шығармаларында бұл амал мол көріне 
бастады» дейді [3, 169 б. ]. Қазақ тілінде еліктеу сөздерден басқа, еліктеуден (қайталаудан) 
пайда болған зат есімдердің қатарында көкек, тоқылдақ деген құс атауларын атап, бұларды 
лексикалық имитативтерге жатқызады. Осы материалдар арқылы тілдің қалыптасып 
жетілуінде еліктеудің үлкен мәні болған деген ойын ортаға салады.
Қайталау көркемдік амал ретінде поэзияда, шешендік сөзде, ауыз әдебиеті жырларында 
өнімді жұмсалатыны да баса айтылады. «Түйе соңында жүріп, өзінің сорлы күйін жырлаған 
Байбөрі налуын «Арай, жаным, арай» деп қайталап қайырып отырған.
Сенің бірің қалмағыр,
 Сені ешкім алмағыр,
 Айдасам жөнге жүрмейсің,
 Есіз қалған жайрағыр! 
 Арай, жаным, арай! 
 Қарақан таудың аршасы,
 Түсіп қалды үстіме,
 Киген киім баршасы,
 Айдасам, жөнге жүрмейсің,
 Қарағымның артында 
 Есіз қалған паршасы! 
 Арай, жаным, арай! 
Осы жырға поэтикалық ритм, ерекше сыр беріп тұрған – Байбөрінің өзіне басу, жұбаныш 
айтуы. Сондағы арай «ақырын», «сабыр» деген мағынада жұмсалып тұр. Е. Қойшыбаевтың 
айтуынша арай сөзі тува, хакас тілдерінде бүгінде де бар» деп, қайталаудағы мағынасы 
көмескіленген арай сөзін түсіндірген [3, 139-140 бб. ]. «Астары бар атаулар» деген 
мақаласында фольклорлық персонаждар атауының шығу тарихы туралы ойын ортаға салған. 
Батырлар жырында көрінбейтін дос, қолдаушы ретінде жырланатын Ғайып ирен, қырық 
шілтен, халық аузында сараңдықтың бейнесіндей болып кеткен Қарынбай, кісі атына телініп 
те (Арыстан бап), жеке де жұмсалатын Бап, «Қыз Жібекте» ұшырасатын Ғауыс, Зұлжәлел 
сияқты персонаждар есіміне жеке-жеке тоқталған. Осы мақаласында «Алпамыс» жырында 


38 
бірге аталмай, дара-дара аталатын Баба атаны бір бөлек, шашты Әзізді бір бөлек персонаж деп 
түсіндіреді. «Баба түкті, ғайып ата, ғайып баба болып аталатын – бір демонологиялық 
персонаж. Оның мазмұны, генезисі әлі анықталуға тиіс. Шашты Әзіз, сірә, тарихта бар кісіні 
тірек еткен персонаж. Халық аузында бұл атпен жүрген бірнеше діни аңыз бар. Бұл аңыз 
бойынша Әзіз қожа Ахметтің арғы атасы, бірде өзінің екінші аты екен деп те айтылады. 
Қайткен күнде де жырда жиі аталатын бұл атаудың мазмұнын анық танып алуымыз керек» 
деп түйіндейді [3, 138 б. ]. Ғылыми көпшілік ауызекі сөйлеу синтаксисінің маманы деп 
бағаласа, қазақ мектебі оқулықтардың авторы, әдіскер деп танитын ғалым Р. Әмірдің 
көмескіленген сөздердің мағынасын анықтау арқылы фольклордың мазмұнын ашуға себепші 
болатын «Астары бар атаулар» атты мақаласының осындай артықшылықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет