41
Айтса айтқандай, мықты десе мықты тәрізді
Аһ, сорлы балам, айтса айтқандай. Аудармай
түсірген (Ш. Х.) [2, 41].
Ғалым қазақ тілінде коммуникативті қызметі ерекше тілдік
бірліктерге ерекше назар
аударады. «
Алмақ түгіл аламын тәрізді баяндауыштардың негізгі компонент ретінде
ауыспалы осы шақ,
нақты осы шақ, өткен шақ етістік сөзді қатыстырады да,
қайталанатын
сыңар
–мақ, -мек (-пақ, -пек) формасында келеді. Екі компонент
түгіл демеулігі арқылы
қарсылықты қатынасқа түсіп байланысады. Баяндауыш диалогта жауап ретінде ұшырасады.
Өйткені ол сөйлеушінің алдыңғы айтылған сөзіне байланысты тұжырымды полимикалық
жауап білдіргенде жұмсалады. Осы ерекшелігімен бұл баяндауыш
экспессивтігі жоқ келер
шақ, осы шақ, өткен шақ істі білдіретін баяндауыштарға стильдік сыңар болып келеді» деп,
оны мынадай тілдік фактілер арқылы дәлелдейді:
алады – алмақ түгіл алады, жазып жатыр
– жазбақ түгіл жазып жатыр, көрді – көрмек түгіл көрді.
– Түсіндірерсің!
– Түсіндірмек түгіл түсіндіремін!
– Сотқа беріңдер, аттырыңдар мені!
– Бермек түгіл береміз сотқа! (Б. М.) [2, 46].
Достарыңызбен бөлісу: