Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет50/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. М. Серғалиев. Синтаксистік синонимдер. А, 1991 
2. М. Серғалиев. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы. А, 1994 
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997 
4. Р. Әміров. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1977. – 92 б 
5. Қазақ грамматикасы. Алматы, 2002 ж 
6. Р. Әміров, Ж. Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998 
 
Айтжанова С.С. 
ф.ғ.к., аға оқытушы 
Абылай хан атындағы ҚазХҚ жӘТУ 
Татиева С. С. 
г.ғ.м., сениор-лектор 
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті 
 
ТІЛ БІЛІМІНДЕ САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада тіл білімінде салалас құрмалас сөйлемнің зерттелуі туралы ғалымдардың 
еңбектерінен мысалдар келтіріліп, қарастырылды.
Түйін сөздер: салалас құрмалас, сөйлем, синтаксис, зерттелу, тіл білімі.
Аннотация. В этой статье приводятся примеры из работы ученых по изучению сложных предложений в 
лингвистике.
Ключевые слова:
родственное соединение, предложение, синтаксис, исследование, лингвистика.
Тіл білімінде құрмалас сөйлем синтаксисі, оның ішінде салалас құрмалас сөйлем біршама 
зерттелген деп айтуға болады. Ал жеке ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі туралы жол-
жөнекей ғана айтылады. Оның өзінде көбінесе белгілі бір теориялық мәселеге деген 
көзқарасы, пікірі ғана есепке алынады. Ал қазақ тіл білімінің тарихында айтулы үлес қосқан 
тұлғалар қаншама.
Қазақ тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисі 1935 жылдан бермен қарай зерттеліне 
бастады. 1935 жылы көрнекті ғалым-әдіскер Сейіл Жиенбаев “Сөйлемнің үйірлі мүшелері 
деген мақаласында салалас сөйлемнің өзіндік интонациясы болатындығын айтты [1]. Бұл пікір 


84 
күні бүгінге дейін өз құнын жойған жоқ. Кейінгі тілші ғалымдар да бұл пікірдің дұрыстығын 
дәлелдеді.
1939 жылы Хажым Басымовтың “Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір (, ) белгілері” 
деген мақаласында салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің мағына жағынан тығыз 
байланысты болатындығы, оларды жеке-жеке алып айтқанда белгілі-бір мағынаны білдіретін 
сөйлем екендігіне көңіл бөлген. Сондай-ақ, автор салалас құрмалас сөйлемді формасына қарай 
жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас деп екіге бөледі де, жалғаулықсыз салаласты іргелес 
салалас деп атайды [2]. Х. Басымовтың бұл сияқты құнды пікірлері қазақ тіл ғылымында, 
соның ішінде құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуге зор үлес болып қосылды. Х. Басымов та 
С. Жиенбаев сияқты үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдер деп қарады.
Синтаксисті зерттеген көптеген ғалымдардың еңбектерін сараптағанымызда, құрмалас 
сөйлемнің бастапқы түрі екі жай сөйлемнің іргелесе, ешбір жалғаулықсыз байланысуы 
негізінде пайда болған. Оның өзінде де өте қарапайым құрылыста кездеседі.
Көне тарихи деректерге талдау жасап көргенімізде, кұрмалас сөйлемдердің қарапайым 
түрлерін кездестіреміз. Бұл жөнінде құрмалас сөйлем синтаксисін біршама зерттеген көрнекті 
ғалым Нығмет Сауранбаев былай деген еді: “Заман сайын адам баласының қоғамдық, 
шаруашылық, мәдени тұрмысының бір басқыштан екінші басқышқа көшіп отыруына 
байланысты тілдің синтаксистік құрылысы да бірте-бірте дамып отырады. Неғұрлым 
қоғамның алыс уақыттағы дәуірлеріне терең бойлай берсек, тілдің құрылысының да соншалық 
жабайы болатынын көреміз. Сол сияқты неғұрлым осы заманға жақындаған сайын тіл 
құрылысының қиындығынан жаңаланғанын көреміз” [3].
Құрмалас сөйлем синтаксисін жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі– Ахмеди Ысқақов. 
«Құрмалас сөйлем мәселелері» деген мақаласында құрмалас сөйлемге анықтама бере отырып, 
оның компоненттерінің бастауышы жеке-жеке де ортақ та болатынын бірінші айтқан ғалым. 
«Сабақтасты, салаласты ажыратудағы негізгі өлшем (критерий), – деп жазды А. Ысқақов, – 
бағыныңқының баяндауышы сөйлемді аяқтай алатындай тиянақты болса онда құрмаласқан 
жай сөйлемдер салалас тобына жатады да, керісінше баяндауыш тиянақсыз болса, – сабақтас 
тобына жатқызылады.»
Тіліміздегі құрмалас сөйлемдерді көп зерттеген ғалым – Сәрсен Аманжолов болды. С. 
Аманжолов 1940 жылы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы» атты еңбегінде 
құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыдан зерттеді.
С. Аманжолов үйірлі мүшелердің сабақтас құрмаластың компоненті бола алмайтынын, тек 
жай сөйлемнің күрделі бір мүшесі болатынын дәлелдеді. Соның нәтижесінде Н. Сауранбаев 
анықтауыш бағыныңқылар жөніндегі көзқарасын өзгертіп, оларды үйірлі мүшелі жай сөйлем 
деп танитынын мойындады.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемнің зерттелуін профессор Н. Сауранбаевтың «Қазақ 
тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген еңбегінен көреміз. Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі 
құрмалас сөйлемдерді үлкен үш топқа бөледі: іргелес құрмаластар, салалас құрмаластар және 
сабақтас құрмаластар.
Ал іргелес құрмаласты жайылыңқы және қойылыңқы деп екіге бөледі. Жайылыңқы 
іргелестің өзіндік белгісіне және оның құрамына енген жай сөйлемдер қысқартылмай, толық 
күйінде айтылады. Ал қойылыңқы түріне іргелесті жатқызады.
Мысалы: «Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі».
Қойылыңқы іргелестің құрамына енген жай сөйлемдердің ортақ баяндауышы болады, – 
деді [6]. Бұл пікір қазақ тілі мамандарынан қолдау таппады. Кейінгі зерттеулерде қазақ тіл 
ғалымы Н. Т. Сауранбаевтың «Жайылыңқы іргелесін» жалғаулықсыз салалас деп, ал 
«қойылыңқы іргелесін» бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде қарастырды.
Автор салалас сөйлемдерді мағынасына қарай мезгілдес, қарсылықты, себептес деп үшке 
бөледі. Сонымен қатар олардың өзіндік белгілерін айқындап берді.
Қазіргі қазақ тіліндегі талғаулы, кезектес салаластарды құрмалас сөйлем дәрежесіне 
көтеріле қойған жоқ деп санаған.


85 
Құрмалас сөйлемнің даму жолындағы заңдылықты профессор Н. Сауранбаев: «Құрмалас 
сөйлемдердің шығуына, дамуына игілі жағдай– халық өмірінде, қоғамда мәдениеттің, өнер-
білімнің, әсіресе көркем әдебиеттің, ғылымның дамуы болуға тиіс. Өйткені жай оқиға, 
құбылыс туралы түсініктерге негізделген бірнеше жеке ойды ұлғастырып, ұштастыру 
адамның ойлау әрекетінің даму процесінде болатындағы сөзсіз деп бағдарлайды»
Құрмалас сөйлемді зерттеу тарихында қазақ тілі білімінде әр түрлі көзқарастар болғанын 
байқаймыз.
Автор екі жай сөйлем бір-бірімен өзара тең болып құрмаласса, оны салалас дейді де, ал кем 
құрмаласса сабақтас сөйлем дейді.
Профессор Қ. Жұбанов құрмалас сөйлемдерді: салалас, сабақтас деп бөледі.
С. Аманжолов құрмалас сөйлемдерді төртке бөледі: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, 
аралас құрмалас және тиянақты басыңқысыз сабақтастар.
Салалас құрмалас сөйлемдерді өзара жіктеуде тіл білімінде кезінде әртүрлі көзқарастар 
болып келді.
Мысалы, А. Байтұрсынов жоғарыда аты аталған еңбегінде салалас сөйлемдерді бес түрге 
бөледі: жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы.
Профессор Қ. Жұбановтың топтамасы салалас сөйлемнің жіктелу барысына негіз болып 
қалыптасты. Ыңғайлас салалас, ереуіл салалас, талғама салалас, себеп- салдар салалас, шарт-
жағдай салалас.
Құрмалас сөйлем синтаксисін жан-жақты зерттеген ғалым Қайырболат Есенов. "Құрмалас 
сөйлем синтаксисі" атты монографиялық еңбегінде құрмалас сөйлемнің жасалу табиғатына 
жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарын ғылыми жағынан терең зерттеп, тіл 
білімінің синтаксис саласына үлкен үлес қосты. Автордың пікірі бойынша "Құрмалас сөйлем 
айтушы не болмаса жазушы адамның күрделі ойын білдіруге бейім тұрады. Ал күрделі ойдың 
өзі белгілі-бір оқиға тізбектерін әр түрлі мағыналық ыңғайда сипаттау көрінісіне негізделеді. 
Тіліміздегі құрмалас сөйлемнің колданылу барысы осындай ой білдірудің қажеттілігінен 
туындап жатады.
Құрмалас сөйлем жеке жай сөйлемдердің басын біріктіргендіктен де, оның өзі синтаксистің 
үлкен бір саласы болып есептеледі. Демек ол – өз алдына жеке синтаксистік категория.
Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері бар. Атап айтқанда, оны жай сейлем 
синтаксисінен ажырату қажет. Сонда ғана ол сөйлем синтаксисінің жеке бір саласы ретінде 
танылады.
Қ. Есенов құрмалас сөйлемнің жалпы белгілерін былайша топтастырады: 
1. Жай сөйлемнің құрылыс материалы жеке сөздер мен сөз тіркесі, ал құрмаластың 
құрылыс материалы – жеке сөйлемдер. Жай сөйлем бір предикаттық қатынасқа негізделсе, 
кұрмалас сөйлем ең кем дегенде екі предикаттық қатынасқа негізделеді. Мысалы: Мен кітап 
оқимын (жай сөйлем). Мен кітап оқимын, Омар сурет салады (құрмалас сөйлем).
2. Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.
3. Жай сөйлемде жеке сөздер мен сөз тіркестері өзара тығыз байланысса, құрмаласта әрбір 
жеке жай сөйлемдер өзара тығыз бір-бірімен байланысады.
4. Әрбір жай сөйлем аяқталған интонацияға ие болады. Ал құрмалас сөйлемде бұл 
басқашарақ көрініс табады.
Атап айтсақ, құрмаластың алғашқы сөйлемі (сөйлемдері) байланыстырғыш қызметке де 
ие болып, интонация жағынан тиянақсыз, ұласпалы қасиетті ғана сақтайды, ал тиянақты 
интонация тек оның соңғы сөйлемінде болады [10], – дейді.
Тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуде көлемді еңбек жазған ғалымдар М. 
Балақаев пен Т. Қордабаевты атауға болады. Автордың бірігіп жазған “Қазіргі қазақ тілі. 
Синтаксис” деген монографиялық еңбегінде синтаксиске байланысты: құрмалас сөйлемнің 
жай сөйлемнен өзгешелігі, оның қалыптасу, даму жолдары, жай сөйлемдердің бір-бірімен 
құрмаласу тәсілдері, салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдер және олардың өзіндік 
белгілері мен түрлері сөз болады.


86 
Бұлардың бәрі де негізінен қазақ тіл мамандарының көбі таныған құрмалас сөйлем 
синтаксисіне байланысты мәселелер еді. 1958 – 1959 жылдары "Қазақ тілі мен әдебиеті" 
журналы құрмалас сөйлем жөнінде дискуссия ұйымдастырған болатын. Құрмалас сөйлемге 
байланысты әр түрлі пікірлер, қазақ тілін басқа да түрік тілдерімен салыстыру, тіліміздегі 
кұрмалас сөйлем туралы талас мәселелерді шешу жағы ойдағыдай болмады. Құрмалас 
сөйлемді мектепте оқыту проблемаларымен бірсыпыра ғалым-әдіскерлер айналысты.
Белгілі әдіскер-ғалым Балғаным Құлмағанбетова "Құрмалас сөйлемдерді оқытудың кейбір 
мәселелері" деген монографиялық еңбегінде салалас құрмалас сөйлемнің мектепте оқытылу 
жайына, әдіс-тәсілдеріне, әсіресе алдыңғы қатарлы Липецк мұғалімдерінің іс-тәжірибесін 
құрмалас сөйлем синтаксисін оқытуда басшылыққа алуды ұсынады.
"Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері" атты еңбегінде Хасен Арғынов жай 
сөйлем мен құрмалас сөйлемнің зерттелу жайына кең тоқтала келіп, "кез-келген жай 
сөйлемдер құрмалас сөйлем компоненті бола алмайды. Құрмаластың компонент болуы үшін, 
жай сөйлемдер бір-бірімен мағыналық та, грамматикалық та байланыста болуы шарт. 
Құрмалас сөйлем әрқашан екі онан да көп компоненттерден жасалады. Мұның өзі құрмалас 
сөйлемнің құрандылығын айқындайды [12].
Жай сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалына берсе, құрмалас сөйлем ешқашан 
да бір жай сөйлемнен яки бір компоненттен жасалынбайды. Бұл да құрмалас сөйлемнің өзіндік 
басты белгісі – форманың көріну жолдарының бірі. Құрмалас сөйлемнің компоненттерінің 
саны сөйлеуші мен жазушының күрделі ойын білдіру қабілетіне қарап анықталып отырылады.
Соңғы кездерде көп өлшемді құрылысы мен көп қабатты мазмұнды жағынан синтаксистегі 
жай және қалыпты құрмалас сөйлемдердің ерекшеленетін күрделі тілдік құрылымдыр 
бірсыпыра ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан, бірен-саран диссертациялық еңбектерден 
орын алып отыр.
Соның бірі Г. Садированың “Қазіргі қазақ тіліндегі көп компонентті салалас құрмалас 
сөйлемдер” деген тақырыпта жазған кандидаттық диссертациясының үлкен маңызы бар деп 
айтуға болады.
Автор диссертацияның авторефератында салалас сөйлемдердің тарихи зерттелуі жөніндегі 
еңбектерге шолу жасау барысында мынадай пікірлер айтқан: “Қазіргі кезде көп компонентті 
салалас құрмалас сөйлем деп танылып жүрген сөйлем типінің ертеден-ақ белгілі болғандығын 
анықтауға мүмкіндік ала аламыз.
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерде салалас құрмаластың құрамында компоненттер санының 
екеуден көп болып келетіндегі айтылып, салалас сөйлем анықтамаларына көрсетіліп 
жүргенімен оны қалыпты және көп компонентті деп бөлу болған жоқ, - дей келіп, мынадай 
ғылыми қорытындыға келеді:” Көп компонетті салалас құрмалас сөйлем құрамында кем 
дегенде салаласа байланысқан үш ПБ-нің (пред. бірлік) мағыналық, тұлғалық, интонациялық 
тұтастығын сыйдыратын, көп өлшемді құрылымы мен көп қабатты мағынасы болатын 
синтаксистік бірлік екендігі туралы тұжырымдар беріледі [13].
Жоғарыда айтылған пікірлерді жинақтай келе, тіл білімінде құрмалас сөйлем, оның ішінде 
салалас сөйлемнің біршама зерттелгендігін көруге болады.
Қазір құрмалас сөйлем жасалу жағынан үлкен үш салаға бөлініп (жоғары оқу орындары 
мен мектеп оқулықтарында) оқытылады : салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас 
құрмалас сөйлемдер. Бұлайша жіктелу тілімізде әбден қалыптасты деп айта аламыз. Солай 
болса тұрса да, салалас сөйлемдердің құрылымын зерттеу ғалымдардың назарын өзіне 
аударуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет