Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ХХ ғасыр басындағы жазу (әліпби) мәселесі



Pdf көрінісі
бет53/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

ХХ ғасыр басындағы жазу (әліпби) мәселесі. ХХ ғасырдың басында ұлт ұстазы А. 
Байтұрсынұлының бірегей жобасы, қазақ тілінің төл заңдылықтарына сәйкес келіп, қазақ 
ғылымының әр саласының өркендеуі жолында теңдессіз тарихи міндет атқарған «төте 
жазудың» қолданысқа енуі мен қолданыстан шығуы жөнінде біршама егжей-тегжейлі 
қарастырмаса болмайды. Себебі, ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің өркен жайып, 
ұлттық классикалық әдебиеттің дамып, небір әйгілі туындылар жарыққа шығып, күллі қазақ 
қоғамы осы «төте жазумен» суаттанды. Халықтың рухани, мәдени, тарихи және әдеби тау-мая 
мұралары осы жазумен хатталды. Сондықтан, қазақтың төл жазуы саналған төте жазудың 
арғы-бергі тарихына қысқаша тоқтала кетуге тура келеді.
Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы «қадим», «жәдид» деп 
екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғғ. 
аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ 
еңбектерді, ал жәдид жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы қазақ 
газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады.
«Араб әліппесін толықтыратын асты, үсті, үтір сияқты қосымша белгілер пайдаланыл-
маған» [3, 42]. Дегенмен, VIII ғасырдан бері ұлттың ұзақ тарихында қолданылып келе жатқан 
араб әліпбиінің қазақтың төл дыбыстарын таңбалауда олқы тұстары бар болғаны ақиқат. Егер 
олай болмаса, А. Байтұрсынұлы қазақтың руханиятына мың жылдықтар бойы қызмет атқарған 
әліпбиге үлкен реформа жасап, «төтеше әліпби» жасамас та еді. Бұл пікірімізді тіл мен жазу 
тарихына үңіліп жүрген ғалымдар пікірі де растайды. Гүлфар Мамырбекова еңбегінде «Жадид, 


94 
қадим жазу үлгілерінде кітаби тілдің тұрпат межесін белгілейтін графикалық таңбалар
сонымен қатар халықтық тілден едәуір алшақта болды» дейді[4, 23].
Қазақ қоғамында және түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты 
байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі жұртының мәдени, рухани құндылықтарын жою 
үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз», 
«қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс 
графикасына негізделген қазақ әліпбилерін және оқулықтарын шығара бастайды. Олар орыс 
жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді. Ал 
ғасырлар керуенінде қашан да ұлы империялардың дегені болатынын ескерсек, 1930 жылдары 
ресми бұйрықпен бекітілген латын графикасы, он жылдан кейін тағы да орыс жазуы 
негізіндегі кирилл әліпбиіне көшу сынды замана толқынына ешкім де тойтарыс бере алмас еді. 
Ә. Жүнісбек қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ дейді. Өйткені ол 
«қазақ әліпбиі» емес, «қазақ-орыс әліпбиі», тіптен ақиқатын айтып «орыс-қазақ әліпбиі» десе 
де болады деген еді [5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет