82
Өйткені оған мына тәріздес себептер бар: грамматикалық
тұлғалар мен синтаксистік
конструк-циялардың жеке сөздер тәріздес стильдік салаларға жіктеліп, қа-лыптасуы кең
таралған құбылыс емес.
Сөздер, элементтік номинация құралы болуымен байланысты ауыспалы мағынада қолда-
нылатыны сияқты, айтылымдар да (сөйлемдер) күрделі түрдегі номинация бірлігі бола оты-
рып, екінші қабаттағы мағынаға ие бола алады. Мұнда «тіл тұтастығына сай келетін форма
мен мазмұн арасындағы қозғалысты қатынас орын алады». Ойдың күшейтіліп, мәнерлі түрде
айтылуы сөйлемнің экспрессивтілігі деп аталады. Сөйлем-айтылымдардағы экспрессивтілік-
тің мынадай синтаксистік берілу жолдары бар: сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс
ырғағын құбылту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына беру; бір ойды білдіретін болымды
сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосу; баян-
дауыштың І жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағы-
насын экспрессивті ету; сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөз-
дермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы экспрессивті мағына үстеу; сөй-
лемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың
алды-артына олардың мағыналарын күшейтетін сөз қою арқылы экспресивтікті күшейту
Қай тілде болсын сөйлем тиянақты ойды білдіретін, белгілі бір интонациямен айтылатын
тілдің ең негізгі бөлшектерінің бірі екені, сондай- ақ түрлі ой-тұжырымдарымыз бен
пайымдауларымызды бір-бірімізге жеткізетін тілдік тәсіл екені бәрімізге белгілі. Ол осындай
ойды білдірудің негізгі формасы бола отырып, сол ой-пікірлерімізді неше түрлі етіп, құбылтып
айтып жеткізуде де басты қызмет атқарады. Әртүрлі көңіл-күйіміз
бен тыңдаушы мен
оқырманға деген қарым-қатынасымызды сан алуан сөйлем түрлері арқылы білдіреміз. Бұл –
көңіл-күйдің түрлі жағдайына қарай қолданылатын сөздер мен экспрессивтікті білдіретін
амал-тәсілдер арқылы іске асады.
Олай болса, экспрессивтікті білдірудің синтаксистік жолдарын нақтылау негізгі
мәселелердің қатарына жатады. Біз осы мақсатқа орай, бірсыпыра әдебиеттерге шолу жасау
барысында жоғарыда көрсетілген амал-тәсілдерден басқа тағы да бірнеше әдістердің бар
екеніне көз жеткіздік. Біздің ойымызша, олар мыналар: 1. Синоним сөз тіркесі мен сөйлемдер
арқылы экспресивтікті білдіруге болады. Бұл тәсіл алғаш рет «Қазақ тілі стилистикасында»
сөз болған болса, кейін осы тақырып бойынша профессор М. Серғалиев «Синтаксистік
синонимдер» [1], «Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы», [2] деген
арнайы еңбектер
жазған. 2. Инверсия (сөздердің сөйлемдегі орындарын алмастырып қолдану) тәсілі де
сөйлемге экспрессивтік мағына береді. Бұл тәсіл қазақ тіл білімінде экспрессивтікті білдірудің
бір жолы ретінде арнайы қарастырылмағанымен, жалпы сөйлемге экспрессивтік беретіндігі
туралы көптеген еңбектерде айтылған. Мәселен, М. Балақаев: «Сөйлем мағынасын
түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын
ауыстырып айтуды инверсия дейміз» [3], – десе, сөздердің сөйлемдегі үйреншікті орны
ауыстырылып айтылса, сол сөзге ой екпіні түсіп, оған ерекше мән беріліп жұмсалады деген
ойды түсінеміз. Мысалы, баяндауыштың қазақ тіліндегі әдеттегі орны сөйлемнің соңы. Егер
оған инверсия жасап, ой екпінін түсірсе, сөйлемге өзгеше мағына беретіні түсінікті. Сол
себептен, кейбір ұран мағыналы лепті сөйлемдерде оны бірінші орынға қойып айтамыз. Ал
біздің осы пікірімізге қатысты әрі оны басқа қырынан толықтырып тұрған пікірді профессор
Р. Әміровтің «Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері» [4] деген еңбегінен
ұшыраттық. Ғалым осы еңбегінде сөйлемнің эмоциональдығы
мен экспрессивтігі тек
лексиаклық амалдар арқылы ғана көрінбейді. Бұған грамматикалық амалдық, әсіресе
баяндауыштық форманың септігі көп тиеді деп айта келе, инверсия жасаудағы сөйлем
мүшелерінің орны туралы мынадай тың пікір айтады: «сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің
өзгеруі сөйлемнің ой екпінін түсіру (актуализация) мақсатына байланысты.
Актуализация
сөйлеу үстінде көп ескерілетін талап болғандықтан, оны жүзеге асырудың тұрақты тілдік
амалдары қалыптасқан. Солардың бір амалы – сөйлемнің белгілі позициясы» [4, 90]. Ғалым
осындай келелі пікір айта келе, қазақ тілі сөйлеміндегі актуалды позиция – сөйлемнің соңы,
яғни баяндауыштың орны деп көрсетеді. Инверсия мәселесі орыс лингвистикасында кең
83
қамтылып жазылған және оларда бұл тәсіл экспрессивтікті білдірудің ең негізгі тәсілдерінің
бірі болып саналады. Мүмкін, бұл – орыс тілі сөйлемдеріндегі сөздердің орын тәртібінің қазақ
тіліне қарағанда еркіндеу болып келетінінен шығар.
Сөйлемге осы әдіс-тәсіл арқылы экспрессивтік мән беруге болатынын алғаш рет академик
Қ. Жұмалиев айтқан болатын. Кейінірек ғылыми мақалалары мен көлемді еңбектерінде Р.
Әміров, М. Серғалиев сияқты т. б. ғалымдар бұл мәселеге назар аударған.
Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер, әсіресе баяндауыш, ойды дұрыс құрастыруға
арқау болады. Бір сөйлем мүшесін мәндес не басқа сөздермен алмастыруға көркем әдебиет
стилінің мүмкіндігі мол. Сөйлемнің мазмұнына ерекше стильдік өң кіргізіп, түрлендіріп
тұратын мүше – баяндауыш. Ілік септігіндегі анықтауыш бір сөйлемде біреу болғанда да, оны
жалғаулы не жалғаусыз етіп жұмсаудың стильдік, мағынадық ерекшеліктері болады. Сөйлем
құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы – сөйлем мүшелерін дұрыс орналастыру.
Сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібінің
қалай болуы жазушының, сөйлеушінің
ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады.
Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Дұрыс
құрылған сөйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге әсері де өзгеше болады.
Сөйлемдердің,
стильдік кескінін сөз еткенде, олардың құрамындағы мүшелердің тек
санына қарамаймыз, сапасына қараймыз. Әдетте сөйлемдердің сөздері барынша сығымдалған,
аз сөзбен көп мағына беретіндей болмай, шұбалаңқы болса, не бір сөзді бір және іргелес
сөйлемдерде қайта-қайта айтыла берсе, ондайды стильдік қате, тіл жарлылығы деп білеміз
Достарыңызбен бөлісу: