115
Сілтеудің түрлі бірліктері қазіргі лингвистикада дейксис пен эгоцентризм,
анафора
теорияларының негізінде қарастырылуда. Ал осы сілтеу ұғымы есімдіктердің ішінде, әсіресе,
жіктеу және сілтеу есімдіктеріне тән болып келеді.
Бұл есімдіктердің синтаксистік жүйедегі қызметін олардың сілтеу функциясы белгілейді
десек, осы сілтеу функциясымен бірге орынбасу субституция, дейксис, эгоцентризм, анафора,
катафора ұғымдары анықталмақ. Есімдіктердің басқа сөз табының орнына жүруімен олардың
орынбасарлық қызметтері, орынбасу,
субституция ұғымы енгізілген.
Сол сияқты басқа топтардағы есімдіктер де өзі тұрған контексте белгілі бір мағынаға ие
болып, бірқатар жағдайларда, тіпті, белгілі бір нәтиженің жалғыз белгілеу тәсілі болып та
келеді. Мұндай жағдайда олар субститут бола алмайды. Жалпы есімдіктердің бәрі субститут
болады деген ой олардың мағыналарының жалпылығынан шығады, алайда олардың
мағыналарының контексте нақтыланатындығын ұмытпауымыз қажет.
Eсімдіктердің дейксистігі (тура сілтеу) туралы ерте кездерден бастап айтылған. Алайда ол
кездегі дейксис ұғымы қазіргі дейксис ұғымымен сай келмейді. Ол кездегі дейксис ұғымына
жалпы есімдіктердің сілтеу мағынасын беруі сәйкес келген. «Дейксис» ұғымын кең және тар
көлемде пайдалану олардың түрліше түсіндірілуіне негіз болады. Кең көлемде дейксис зат,
белгі, жағдай тағы басқаларға ситуациялық немесе контекстік сілтеуді қамтиды, ал тар көле-
мде бір функцияны айтады және екі элементті қамтиды: дейксистік белгі мен оның референті.
Жіктеу есімдіктері сілтеу есімдіктерімен қатар дейксистік
сөздер типінен басты
орындардың біріне ие болады, олар негізгі дейксистік (тура сілтеу) сөздер болып табылады.
Жалпы дейксистік (тура сілтеу) сөздерді тікелей сілтеу, анафоралық (айтылғанды сілтеу)
сілтеу, катафоралық (алдын алушы) сілтеу деп үш топқа бөлеміз.
Дейксис туралы айтқанда,
бұл, сол, осы, мұнда, онда, сонда, осында, міне, әне сияқты сілтеу
есімдіктері алғаш тілге оралады, сондай-ақ, олардың
осыдан, содан, мұнан, бұдан т. б. тәрізді
семантикалық туындылары да еске түседі. Бұл сілтеу есімдіктері мен олардың семантикалық
туындыларының әрқайсысында эгоцентристік белгілер көрініс береді. Эгоцентризм үш түрлі
өзара байланыстағы категорияларға негізделеді. Олар жақ, уақыт, мекен болып табылады.
Сөйлесім сөйлеуші тарапынан іске асқан кезде тілдік ситуация эгоцентристік болады.
Эгоцентризм – сөйлеушіге қатысты тілдік форма арқылы жүзеге асатын сілтеу ұғымы бар
тілдік құбылыс.
Есімдіктердің эгоцентристігі туралы тіл білімінде ертеден-ақ сөз қозғалуда, эгоцентризм-
нің есімдіктердің категориалды мағынасы болып табылатынын айтушы Л. Я. Маловицкий
былай дейді: «... Система Бругмана была преобразована К.
Бюлером в систему ориентиро-
вания относительно собственного «я», что позднее было удачно названо эгоцентризмом
местоимений. Если эгоцентризм оказывается категориальным значением местоимений, то и
дейксис присущ только местоимениям» [1, с. 88].
«Дейксис» ұғымының ежелгі грек ғалымдарынан басталғандығын, онда жалпы сілтеу мәні
берілгендігін біз жоғарыда айтып өттік. Алғашқы кезде бұл терминмен тек сілтеу есімдіктері
аталып келсе, кейін келе олардың аясы кеңейіп, жалпы сілтеу ұғымына сәйкес келе бастады.
Мәселен, К. Бюлер бойынша дейксистік (тура сілтеу) сөздер – қатынас ситуациясында мағы-
налық толықтыруға ие бола отыра көрінген затқа сілтеуді іске асыратын сөздер болса, бұл
туралы орыс ғалымы Н. Д. Арутюнова былай дейді: «Дейктические слова, своего рода «под-
вижные определители» приложимые к любому референту, содержание этих слов всецело
обусловлено признаками денотата, выбор которого завист от конкретного речевого акта [2, с.
42].
А. Уфимцева «Неназывающие словесные знаки довольно
своеобразные по функции и
многочисленные по числу микросистемы, общей чертой которых является относительный
характер их семантики и
функция внутриязыкового, внутриструктурного их использования.
Среди них – как одна из микросистем – выделяются дейктические слова, которые
рассматриваются как знаки относительного указания» – дейді [3, с. 46].
Дейксис ретінде, әдетте,
ситуацияның сөйлеуші, пікірлесуші, уақыт пен орын, сөйлеу
актісіне тікелей қатысы бар тұлғалар мен заттар сияқты элементтеріне сілтеу түсініледі, ал
116
анафора ретінде контекстің элементтеріне сілтеу, яғни бір сөйлеу
актісінің элементтерінің
екінші бір сөйлеу актісінің элементтерімен сәйкестігіне сілтеу түсініледі. Дискурс туралы сөз
еткенде біз көбіне сілтеу есімдіктерінің анафоралық қызметіне тоқталамыз.
Дейксистік есімдіктер дискурсивті анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыста кеңінен
жұмсалып, мәтін, сөйлем элементтерін байланыстырады және де мәтіндегі керексіз
қайталауларды ауыстырады. Бұл қызметінде олар өзіндік
анафоралық (айтылғанды сілтеу) та,
Достарыңызбен бөлісу: