Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


дағдыланып, көз үйренген тарихи дәстүрді қалай бұза аламыз



Pdf көрінісі
бет87/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   225
дағдыланып, көз үйренген тарихи дәстүрді қалай бұза аламыз; 
-латынның «у» таңбасымен жазу теориясы мен практикасы бойынша дауыссыз «й» 
дыбысы белгіленеді, ендеше қазақтың «й» дауыссыз дыбысы әлеми фонетикалық дәстүрмен 
[y] деп белгілену керек; 
-ал жуан әуезді «ы» дыбысымыз нүктесіз әліппен [ɪ] болып белгілену керек, сонда қазақ 
тілінің дауысты дыбыстары жуанды-жіңішкелі [a-ä, o-ö, u-ü, ɪ-i] болып жұптасып шыға келеді, 
жазу теориясына да қайшы емес, оқу-әдістемелік тұрғыдан да тиімді-ақ.
-ал «ұ» дауыссызымызға латынның «u» таңбасы дайын тұр, оны «ū» деп белгілеп, тағы бір 
бейтаныс жасанды таңба табудың қажеті жоқ (сауатты жазудың үлгісін Елорда әуежайындағы 
маңдайша «Nursultan Nazarbayev» деп көрсетіп тұрған жоқ па, «ұ»-да [u] болып, «й»-де [y] 
болып өз орындарында тұр).
Тағы бір мысал. Болған әңгіме.
Таңертең бірінші сыныпқа дайындалып жүрген немерем жүгіріп келіп, «ата, жусан 
дегендегі «у» дауысты ма, дауыссыз ба?» дегені. Бір сәт тұншығып тұрып қалдым... Көрініп 
тұрған таңбасы (әрібі) жоқ болғаннан кейін, ол жерде «ұ» деген дауысты дыбыс бар» деп қалай 
түсіндіресің... Амал жоқ, іштен күйіп «дауысты» дей салдым. Бала алдында жалған сөйлеп, 
өтірік айтып тұрмын.
Қадірлі ата-аналар мен ұстаздар, осы сұрақ ерте ме, кеш пе бәріңіздің алдыңыздан 
шығады, не деп жауап берер едіңіздер? Маған ұқсап, жалған сөйлеп, күнаға батар ма едіңіздер, 
әлде басқа шешімін табасыздар ма??? 
Мұғалімдердің теориялық дайындығына қосымша ретінде. «Тау» және «ту», «бау» және 
«бу», «жай» және «жи» жұп сөздерінің морфологиялық үлгісі (моделі) бірдей, дауыс-
сыз+дауысты+дауыссыз: taw-tuw, baw-buw, jay-jɪy. Соған қарамай бір сыңарын жазғанда 
дауыстыны жұтып қоямыз – ту, екіншісіне тиіспейміз – тау. Егер тілдің жүйе (система) екенін 
ескерсек, онда екеуін де дауыстысымен не толық, не қиып тастап жазуымыз керек. Бұл жерде 
морфем бірліктердің морфологиялық қызыметінен басқа себептеріне сүйенуге болмайды. 
Құрылымы жүйелі әліпбиден ғана ұлттық еміле құрастыруға болады. Бірін жазып, бірін 
жазбайтын еміле, сау адамды шатастыратын, сыңаржақ ұстаным болып табылады.


139 
Соңғы сөз орнына. Әліпби-жұмбақ 
«Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, g, ğ, d, j, k, q, l, m, n, ñ, p, r, s, t, v, f, h, ş, z» 
Мынау соңғы ұсынылып отырған еміле-ережедегі «дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі» 
деп берілген нұсқау.
Енді жұмбақ: осы тізбекте қазақтың екі төл дауыссыз дыбысы да, ол екеуінің әрібі де жоқ, 
кәне кім бұрын табады? 
Әрине табуға болады, онда неге екі төл дауыссыздың таңбасы жоқ? Өйткені «үнемшілдер» 
таңба санын «үнемдеп», төл «й» дауыссызымызды орыс тілінің дауысты «и» таңбасына 
қосақтап латын үлгісінде «і» деп жіберді. Жіңішке әуезді төл «і» дауысты дыбысымыз, жоға-
рыда айттық, дәстүрлі өз таңбасынан айырылып қалды. Төл «у» дауыссызымызды «үнемдеп» 
орыс тілінің «у» дауыссызына қосақтап латын үлгісінде «u» деп жіберді. Ал «і» әрібі де, «u» 
әрібі де дауысты дыбыстардың таңбасы, оларды апарып дауыссыздардың таңбасының 
қатарына қоса алмай мүшкіл болып отыр. Сөйтіп мүшкіл әрекеттен мүкіс еміле туындап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет