Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет95/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 Ару сөзі. Ендігі кезекте Р. Сыздықова мен Б. Сағындықұлының зерттеу жұмыстарына 
көңіл бөліп, салыстырамыз.
Бірінші, Р. Сыздықованың «Сөздер сөйлейді» атты еңбегіндегі ару сөзіне жүргізілген 
этимологиялық талдау, жұмыстарына тоқталып өтеміз.
Қазірде тілімізде бар ару сөзін ертедегі қазақ әдебиеті нұсқаларынан жиірек кездестіреміз. 
Мұнда бұл сөз екі түрлі ұғымда келеді: бірі – әйел, қыз деген сөздерден бұрын тұрып, «сұлу», 
«сүйкімді», «абзал, ардақты» дегенді білдіреді немесе жеке тұрып «сұлу қыз, сүйікті әйел» 
деген мәнде жұмсалады. Доспамбет жырау өзі туралы толғауының бір жерінде: 
Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.


150 
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашы үрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген, – дейді. Сонымен қатар XV-XVII ғасырлардағы нұсқалардан 
ару ат, ару ұл, ару батыр деген тіркестерді ұшыратамыз. Шобанда: 
Ақтабан ару торы ат жайлаған...
Шалкиізде: 
Айсұлдың ару Әметі тұрғанда...
Айсаның ару ұлы Қолай бар.
Бұл күнде ару ат, ару жігіт деген тіркестер құлаққа жат естіледі. Қазірде ару сөзі әйелге, 
көбінесе сұлу жас қызға қатысты қолданылса, ертеректе ару сөзінің «пәк, таза, кіршіксіз» және 
діни ұғымдағы «әулие, ие», осылардан барып «игі, мінсіз, игілікті, асыл, күнәсіз, пәк» деген 
ауыспалы мағыналары пайда болған. Сондықтан көне түркі ескерткіштерінде арығ тон (таза 
киім), аруғ азуқ (адал тамақ), қылқы аруғ ( мінез-құлқы игі), ару күмүш (таза, қоспасыз күміс) 
деген тіркестерді көреміз. Көне түркі тілдеріндегі аруғ қызлар тіркесі осы күнгі қазақ 
тіліндегідей жалпы «сұлу қыздар» емес, «күнәсіз, пәк қыздар» деген ұғымда келеді. Орта 
ғасырлардағы түркі жазбаларында да ару (ары, арығ, аруғ, арық) сөзінің «таза, кіршіксіз», 
«әулие, игі» мағыналары сақталған. Мұнда да ары тон (таза киім), ары гәуһар (шынайы 
гауһар), арық гүл (таза гүл), арығ сув (таза, ағын су), арығ сифат (игі сипат) деген тіркестерді 
көреміз. Бұл сөз, тегі, тек түркі емес, түркі-моңғол тілдеріне ортақ ежелгі сөз болу керек. 
Өйткені моңғол тілінде де ариг сөзі «таза» мәнін береді. Моңғолша ариг ус – ауыз су (таза, 
ішуге келетін су), арила(х) қазақша арула(у) «тазарту, тыйылу (жауынның ашылуы), жойылу, 
жоғалу» мағынасын береді, ариун – 1) «киелі, әулие, таза, адал» 2) «үсті-басы таза жүретін» 
деген мәндегі сөздер.
Рабиға Сыздықова қазақ өлеңдерінде кездесетін ару сөзінің жылқыға және ер адамға 
қатысты айтылған сәттері бұл сөздің көне мағыналарының қазақ тілінде де қолданылғандығы 
туралы айтады. Дегенмен ару сөзінің көне мағыналарының баршасы қазақ тілінде біз сөз етіп 
отырған дәуірлерде-ақ сақталмаған. Мысалы, бұл сөздің су, киім, тамақ сияқтыларға қатысты 
қолданылуы кездеспейді. Тек адам мен оның жан серігі – жылқыға байланысты қолданысын 
көреміз және «игі, мінсіз» дегеннен ауысқан «өте жақсы, абзал» деген мәндерде келгенін 
байқауға болады.
Ару түбірінен жасалған туынды сөздер де ұмытылған, мысалы, арусыну, арулық сөздері 
бұл күнде жоқ. Немесе ару сөзінің қолданылу аясы тарылып, белгілі бір тіркесте ғана 
сақталған. Ол – арулау етістігі. Бұл сөз өлікті «ақ жуып, арулап қою (көму)» тіркесінде ғана 
қолданылады. Өлікті арулап таза жудыру тіркесі қырғыз тілінде де бар. Ол тіркес (өлікті 
тазалап жуу) деп түсіндіріледі. (Юдахин, 71). Ал қазақ тілінде өлікті арулап жуу, таза арулау, 
арулап көму (қою) тіркестері бар. Сірә, мұнда «тазалау», «тазалап жуу» мәнімен қатар (ол 
мәнді ақ жуу тіркесі де береді), «қастерлеу, әулие тұту» мәні де бар тәрізді. Өйткені ару 
түбірінің діни ұғымдағы бір мағынасы «әулие», «құдайы», осыдан өлген адамдарды арулап 
көму – оны әулие тұтып, Құдайдай қастерлеп жерлеу дегенге де саяды. Бұл сөздің «әулие, 
әулиедей қастерлі, ардақты» деген мәні қарт, сыйлы әйелге айтылатын аруана тіркесінде де 
байқалады екенін айтады.
Ару сөзінің «таза, игі» ұғымы қазақ тілінде, біздіңше, және бір жерде сақталған сияқты. Ол 
– ар ма? армысыз! деп амандасқанда айтылатын сөздер. Мұның өзі де көне. Қазірде бұлайша 
амандасулар белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылады. Бұл тұлғалар қазақтың эпостық 
жырлары мен ертегі-аңыздарында көбірек сақталған. Көріскенде арбаң! деп амандасу қырғыз 
әдебиетінде, әсіресе оның оңтүстік диалектісінде кездеседі. Бұл сөздің морфологиялық 
құрылымын К. К. Юдахин ары+ба+ң деп береді де мағынасын «шаршау, шаршап-шалдығу, 
арықтау» мәндегі ару етістігімен байланыстырады, яғни арбаң – «шаршама» деген сөз деп 
аударады. Біздің топшылауымызша, қазақ, қырғыз және татар тілінің кейбір диалектісінде 
кездесетін ар ма, армысыз, арбаң, арумы сөздерінің түбірі – «шаршау» мағынасындағы ары 
емес, «таза», одан барып «ауру-сырқаудан таза, есен-сау, аман» мағынасындағы ары (арығ, 
ару) сөзі болар деп көрсетеді.


151 
Ару ма (татарша ар мы, қырғызша ары ба сөздері) «деніңіз ауру-сырқаудан таза ма, есен-
саумысыз» деген ұзақ амандықтың ықшамдалған варианты болар деп айтады. Зерттеуші Р. Г. 
Ахметьянов татар тілінің бір диалектісінде, сондай-ақ башқұрт, удмурд, және мари тілдерінде 
(соңғының бір диалектісінде) ару сөзі сәлемдесуде айтылатындығын көрсетеді. Мысалы, 
татар, башқұрт тілдерінде арумы тұлғасы «жақсы тұрып жатырсыз ба! (жақсымысыз! амансыз 
ба!)» деген мағынада жұмсалады деп айтады. (Ахметьянов, 19).
Қазақтың ертедегі үлгілерінде амандасудың (мүмкін, тілдесудің) бұл тұлғамен берілуі 
арма! (ар ма!) түрінде келеді және бұл лебізді көбінесе жасы кіші үлкенге білдіреді. Мысалы, 
«Қобыланды» жырында жас батыр Қобыланды «қырық күншілік Қазанға» өзінен бұрын 
аттанып кеткендердің ішінде Қосдәулетті қуып жеткенде: 
Үлкен едің, арма! деп,
Алдында кісі бар ма? деп, - тілдеседі. Аққозы, Қарақозы сияқты өзінен үлкендерге де арма! 
дейді, ал құрдасы Қараманды қуып жеткенде, онымен бұлайша сәлемдеспейді. Бірақ, сірә, 
арма сөзі жалпы амандасу үшін де айтыла берген сиақты. Мысалы, Бекежан Жібек қызға 
Төлегеннің өлгенін айтуға келгенде, сөзін: 
Айтамын айт дегеннен, арма, Жібек,
Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек!- деп бастайды. Ал кейінгі кезеңдерде жазушылар бұл 
сөзді Аманбысың! Амансыз ба! Амансыңдар ма! деген сөздердің тепе-тең баламасы ретінде 
қарап, Армысың! Армысыз! Арсыз ба! Армысыңдар! деген тұлғаларда қолданғандары 
байқалады. Мысалы, «Жанталас» романында: 
-Арсыз ба, Бұхареке! 
-Барсыңдар ма, өрендерім! – деген диалогті оқимыз.
Арма сөзін бұлайша сыртқы тұлғасын құбылтып қолдану не түсінбестіктің, не тілге 
жауапсыздау қараған еркіндіктің жемісі болар. Өйткені о баста бұл сөз – тек ару ма (ары ма) 
деген жеке сөз бен шылаудың тіркесі түрінде ғана қалыптасқан қолданыс сияқты. Арығ, ары 
(у) сөзінің соңындағы ығ (ыу) дыбыстарының түсіп қалуы, сөйтіп арма болып кірігіп кетуі – 
заңды құбылыс. Сәлем сөз арма! болса, оған қайырылатын сөз бар бол! болуы керек, бұл 
«бәрекелді, рақмет!» деген сияқты мәнді беретін болса керек.
Ару (ары) сөзінің «таза» мағынасы қазақ тіліндегі арылу етістігінде де сақталғандығын 
айтады. Арылмақ сөзі қазіргі түрік тілінде екі түрлі ұқсас мәнде жұмсалады: 1) тазару, таза 
болу, 2) аурудан сауығу, жазылу (Турец. -русск. сл. 1977, 62). Татар тілінде де ару – «таза», 
арулық – «тазалық», аруламақ – «тазарту» екенін көрсетеді. Қазіргі қазақ тілінде арылу сөзі 
«бір нәрседен құтылу, тазару», одан барып «ақталу» деген ауыспалы мәнде жұмсалатынын 
айтады. (ҚТТС, 1974, I, 360). [3;45].
Ендігі кезек, Берікбай Сағындықұлының «Қазақ тілінің тарихы» еңбегіндегі «ару» сөзіне 
жүргізген этимологиялық талдау жұмыстарына тоқталып өтейін.
Мысал. Қазақ күнәсі жоқ, таза пәк әйелдерді ару деп атаған. Көне түркі тілінде аруғ~арығ 
«кірленбеген, пәк, таза» деген мағынада жұмсалған. Бұдан қазақ тіліндегі ар+у сөзінің ертеде 
екі түбіртектен – ар және уғ – тұрғанын көреміз. Сонда «таза, пәк» деген лексикалық мағына 
ар түбіртегінде тұрса, уғ қимыл, қозғалысты, процесті білдіретін көне жұрнақ. Бұл сөз кезінде, 
екінші түбіртектің дауыссыз ғ дыбысы үнемделіп, етістіктен заттанған. Дауысты сыңары 
бірінші түбіртекке сіңісіп кеткен. Сөз соңындағы дауыссыз дыбыстардың барлығы дерлік 
дауыссыз дыбысты жоғалтып алған жартыкеш түбіртектер деп айтады. Мысалға орта (белгілі 
бір мөлшерге жетпеген, толық емес) алалық. Сөз соңы дауысты дыбысқа аяқталып тұр. Ортан 
қол, ортан жілік фразеологизмдерімен салыстыру арқылы ол сөздің бір кезде н-мен 
аяқталғанын білеміз. Демек, а –ан түбіртегінің қалдығы: орт+ан. Бала, дала – диалектілерде 
балан, далан, яғни бал+ан, дал+ан. Түбіртектің дауысты сыңары сақталады да, дауыссыз 
сыңары элизияға ұшырап, жойылып кетеді деп түбіртектердің негізгі ерекшелігін көрсеткен. 
[4;120].
Сонымен екі этимолог ғалымның жұмыстарын салыстыра келе, мынадай қорытынды 
жасалынды. Р. Сыздықованың жүргізген зерттеу жұмысында ару сөзінің барлық қолданыс-
тағы мағыналарын, ару сөзінен шыққан туынды және ауыспалы мағынадағы сөздерді, 


152 
омонимдерді, сөз тіркестерін, мысалдарды, мағыналарын жазып көрсеткен. Сонымен қатар, 
туыстас түркі тілдерінен де мысал келтіріп, ару сөзінің бірнеше мағынасын көрсетеді. Б. 
Сағындықұлы да өзінің зерттеу жұмысында, ару сөзінің мағынасын көне түркі ескерт-
кіштеріне сүйене отырып, «таза, пәк» деген мағыналарын көрсетеді. Сонымен қатар, көне 
түркі ескрткіштерніде «аруғ» формасында келген сөздің түбірімен қосымшасын анықтап, 
қазіргі таңда не себепті ару формасында келетінін түсіндіріп өтеді. Этимолог ғалым үшін – ең 
бастысы сөздің қай түбіртектен шыққанын анықтау, маңызды жұмыс. Қорыта келгенде, ару 
сөзінің «таза, пәк» лексикалық мағынасын ар түбіртегінен көруге болады. У түбіртегінің 
элизия құбылысынан пайда болғанын, уғ – қимыл, қозғалысты, процесті білдіретін 
жұрнақтың, «арын таза сақтаған» мағынасын бергенін, ғ дыбысының элизияға ұшырауы 
арқылы жасалғанын, Б. Сағындықұлының этимологиялық талдау жұмысымен таныса отырып, 
нақты көз жеткізе аламыз.
Жоғарыда келтірілген «ажын», «ару» сөздеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарына қарап 
отырып, мынадай қорытынды жасалынды. Сөз төркінін ашуда ең тиімді әдіс – математика-
логикалық әдіс. Математика-логикалық әдіс тіл біліміндегі ең жаңа әдістердің бірі. Соған 
қарамастан, сөздердің этимологиясын нақты және дәл табуға болады.
Бұл әдістің негізгі мақсаты тілдегі сөздердің шығу төркінін математикадағы жалпы негізгі 
ережелердің түсінігі арқылы, логикаға сүйене отырып, тілдегі болатын құбылыстарды 
анықтап, ең басты фонетикалық заңдылықтарды қолданып, сөздердің нақты, дәл 
этимологиясын анықтайды. Бұл әдісте лингвистикада іске қосуға тіліміздегі үнемдеу заңы, 
жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға, еріндіктердің езуліктерге айналу заңдылықтары, 
метатеза, сіңісу, жылысу, ығысу құбылыстары, дауысты дыбыстардың да, дауыссыз 
дыбыстардың да шыққан тегін, арғы тегін, түпкі тегін ажырата білу тәсілдері секілді 
құбылыстар елеулі үлес қосады. Математика ғылымындағы белгіліні пайдалана отырып, 
белгісізді қалпына келтіру әдісіне сүйене отырып, жоғарыда келтірілген тілдік 
құбылыстардың көмегімен, сөз төркінін анықтаймыз. Бір тілдің бүкіл даму динамикасын 
меңгеріп, барлық заңдылықтар мен құбылыстарды кешенді байланыста қарастырғанда ғана 
белгілі арқылы белгісізді табуға болады.
Сонымен қатар, біз математика-логикалық әдіс арқылы бір сөздің этимологиясын 
анықтауда тілдік дәлелдемелері жеткілікті болса, бастапқы мағынасын нақты келтіре аламыз. 
«Түбіртек теориясы» негізінде, кейбір білетін тілдеріміздегі негізгі сақталған базалық 
лексиканы пайдалана отырып, «барлық тіл бір тілден шыққан деген» теорияны дәлелдей 
аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет