Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет92/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

АннотацияВ статье даны определения текста различными учеными. Рассказывает о ученых, которые 
занимались лингвистическим анализом текста. Кроме того, были рассмотрены основные проблемы, методы 
и подходы, аспекты, основные уровни и виды анализа. Основная цель обучения казахскому языку – это 
обучение языку, то есть ученик должен в определенной степени говорить на казахском языке, понимать 
других, понимать содержание прочитанного произведения, уметь передавать свои мысли другому человеку. 
Для этого во время урока используются тексты. Целью использования текстов является развитие детской 
лексики, умение анализировать текст, а также формирование устных и письменных языковых навыков. 
Анализ текста играет важную роль в развитии языка ребенка, анализ текста воспитывает ребенка, развивает 
и питает язык и мышление. Современные требования: каждый ученик не только добавляет новые знания во 
время каждого урока, но и хочет овладеть ими, проанализировать их, достичь уровня обсуждения и 
развиваться. Мы считаем, что текстовый анализ оказывает реальное влияние на развитие навыков творческого 
мышления учащихся, расширение языковых навыков, свободное выражение своих идей на казахском языке, 
грамотность.
Ключевые слова: текст, анализ текста, лингвистический анализ, методы, аспекты, виды анализа.
Мәтінді талдау оны оқудан басталады. Талдаудың негізгі мақсаты – мәтіннің идеялық-
тақырыптық мазмұнын ашу, көркемдік ерекшеліктерін айқындау.
Мәтін дегеніміз – жазба құжат түрінде обьектіленген аякталғандықты білдіретін, әдеби 
тұрғыда өңделген, тақырып (атау) лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық 
байланыстардың әр түрлі типтерімен біріккен, бірқатар ерекше бірліктерден (күрделі 
фразалық тұтасымнан) тұратын белгілі бір мақсаты, грамматикалық нұсқамы бар сөздің (речь) 
шығармашылық процесінің туындысы [ 1 , 1 8 б . ].


145 
Мәтін – жүйелі, тұтас, тиянақты қалыптасқан және мағыналық жақтан өзара байланысқан 
сөйлемдердің бірізділігі, коммуникацияға қатысуға тән сөйлемелік бірізділігі, жазу үлгісіндегі 
ауызша сөйлеу шығармашылығы [2, 54 б. ].
Мәтін – обьективті әлемнің субьективті бейнесі, кең мағынада екі сананың қарым-
қатынасқа түсінуінің бір жолы. Мәтін – (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреулерге бағыш-
талған, әрі сол бағышталғанымен ғана күнды бағалы. Мәтін – өзіңді жеткізудің, көрсетудің бір 
түрі, өзіңді ойлай білетін субстанция ретінде табу жолы. Іс-әрекет, қылықта өзіндік мәтін 
түрінде түсіндіріле алады. Адам іс-әрекеті потенциалды мәтін және ол өзі уақытынын 
сүхбаттылық контексі арқылы ғана түсіндіріледі [3, 74 б. ].
«Мәтін» ұғымын қалыптастыруда, түсіндіруде, талдауда қазақ лингвист ғалымдары да 
айтарлықтай еңбек етіп келеді, әсіресе соңғы жиырма жыл көлемінде ғылыми сапасы жоғары 
талай-талай зерттеулер жарық көрді. Осы тұрғыда Р. Сыздықтың, Б. Шалабайдың, 
С.Мұстафинаның, З. Ерназарованың, Г. Әзімжанованың, Г. Есмағұловтың, Д. Әлкебаеваның, 
Г. Әбікенованың, А. Әділованың, М. Маретбаеваның, Г. Смағұлованың, Ж. Қайшығұлованың, 
Г. Кәріпжанованың және т. б. еңбектерін атаймыз.
Мәтін мәтін лингвистикасы мен оның практикалық курсының, мәтінді лингвистикалық 
талдау мен әдебиеттанудың ортақ зерттеу объектісі.
Алайда әдебиеттану объектісіне қарағанда мәтін лингвистикасының талдау объектісі 
кеңірек, себебі ол: 
- тек көркем шығарманы ғана емес, барлық сөйлеу шығармаларын қамтиды; 
- мәтінді сол мәтінді тудырып тұрған барлық тілдік элементтердің комбинациясы ретінде 
зерттейді. Ол тілдік арақатынастардың өзгерістерін, мәтін ішіндегі олардың динамикасын 
зерделеп, мазмұн тұрғысында мәтіннің идеялық-тақырыптық және эстетикалық деңгейінде 
жасақталуын, айтылым тұрғысындағы функциясын белгілейді, осы тұста әдебиеттанумен 
ұштасады. Әдебиеттану мәтінді идеялық мазмұны, эстетикалық құндылығы, жанрлық 
артықшылығы, композициялық ұйымдастырылуы қырынан қарастырады. Басқаша айтқанда
өз талдауында формадан мазмұнға қарай, ал әдебиеттануда мазмұннан формаға қарай ауысады; 
- лингвист өз талдауын көп жағдайда нақты мәтінді талдаумен шектесе, яғни зерттеудің 
имманенттік әдісін қолданса, әдебиеттанушы үнемі тарихи, әлеуметтік, философиялық 
сипатта экскурстар жүргізеді, яғни көбіне зерттеудің проекциялық әдісін қолданады (В. В. 
Виноградовтың терминдері); 
- лингвист мәтінді ең алдымен оқырман (адресат) тұрғысынан, ал әдебиеттанушы ең 
алдымен автор (адресант) тұрғысынан талдайды.
Мәтін лингвистикасында мәтіннің негізгі екі объектісі айқындалады: 
- тұтас сөйлеу шығармасы – сөйлеудің кең мағынасындағы мәтін, макромәтін; 
- күрделі фразалық тұтастық немесе күрделі синтаксистік тұтастық –сөйлеудің тар 
мағынасындағы мәтін, микромәтін.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сөйлеу шығармасы шекараларының сай келуі мүмкін. 
Шағын көлемдегі тұтас сөйлеу шығармасының (газет мақаласы, қысқа әңгіме, ауа райы туралы 
хабар, хабарландыру, т. с. с.) жалғыз фразадан тыс бірліктен құралуы мүмкін. Дегенмен, бұл 
шағын жанрлы және шағын көлемді мәтіндерге ғана қатысты болғандықтан, мәтіннің екі 
объектісін-макромәтін мен микромәтінді айырған жөн, себебі күрделі фразалық тұтастық пен 
тұтас сөйлеу шығармасы-мүлде түрліше тәртіптегі бірліктер.
Күрделі фразалық тұтастық – синтаксистік ұғым, тұтас сөйлеу шығармасы – әлеуметтік-
сөйлеу құбылысы, қоғамның түрлі салаларына қызмет ететін ең жоғары деңгейдегі 
коммуникативтік бірлік. [4, 4-5 б. ] 
Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдары: 
- мәтінді талдау; 
- мәтін параметрлері; 
- мәтін бірліктерін анықтау; 
- мәтін категорияларын анықтау; 
- мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық зерттеу.


146 
Мәтінді талдаудың негізгі аспектілері: 
- лингвистикалық түсіндірме-қазіргі қазақ әдеби тілін қазіргі әдеби нормамен шендестіру 
тұрғысында тілдік бірліктерді, соның ішінде тілдік бірліктердің функциялық-стильдік және 
стилистикалық бояуын қарастыру; 
- семантикалау, ұғымы көмескілеу сөздерді, сол сияқты идеялық-теориялық жүктемесі 
(лексика-фразеологиялық деңгейі) ауырлау сөздерді түсіндіру. Бұл мағынада сөйлем мәтіннің 
бейнелілігі мен тілдің эстетикалық тұрғысынан статикалы, шартты болып келуін көрсетеді 
(микробейнелерді, көркемдік және нақыш формаларын және т. б. табу).
Мәтінді талдаудың негізгі деңгейлері: 
- бейнелік-тілдік (сөздің бейнелеу құралдары); 
- құрылымдық-композициялық; 
- идеялық-тақырыптық.
Мәтінді лингвистикалық талдаудың негізгі принциптері: 
- историзм принципі (шығарма жазылған тілдік дәуірді ескеру); 
- шығарманың формасы мен мазмұнының өзара байланысын, өзара шарттылығын ескеру 
принципі (мазмұнға, сондай-ақ, сол мазмұнның әсерлік сипатын күшейтуге, прагматикалық 
функциясына бағытталған тіл құралдарын ескеру); 
- мәтінді талдауға деңгейлік принцип (мәтіндегі тілдік жүйенің барлық таңбалық 
деңгейлерін зерттеу); 
- жалпы мен жекені үйлестіру принципі (мәтіндегі жалпы тілділік, жалпы стильдік, жалпы 
жанрлық пен жеке авторлықтың өзара әрекеттестігін ескеру).
Мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен амалдарына жататындар: 
- стилистикалық эксперимент әдісі – синонимдерді іріктеу, мәтінді қысқарту мен кеңейту, 
мәтіндегі сөйлемдердің орнын алмастыру сияқты әрқилы аранжировка түрлері, сөйлемде ком-
прессия қолдану: бағыныңқы сөйлемді көсемшелік және есімшелік амалдармен, детерминант-
тармен (сөйлемнің басында мезгіл және мекен пысықтауыштарын) алмастыру; мәтіндегі жай 
және құрмалас сөйлемдердің арақатынасын, гипотаксисті паратаксиске және керісінше өзгерту; 
- семантика-стилистикалық әдіс – тілдік ережелерден ауытқу, мағынаның заттық және 
коннотативтік элементтерін үйлестіру; нақты мәтіндегі дара, көп мәнділік; сөйлеуді (мәтіндегі 
фразаны) бірнеше мәрте қайталау есебінен мағыналық элементтерді арттыру; бұл әдіс мәтін 
бірліктерін жалпы халықтық тіл элементтерімен (яғни мәтіндегі бірліктерді олардың 
сөздіктердегі мәнімен) салғастыру үшін қолданылады; 
- салғастыру-стилистикалық әдіс – бір типті мазмұндағы мәтіндердің тілдік безендірілуін-
дегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға көмектеседі, негізінен түпнұсқа мен аударма 
мәтіндерін салыстырғанда қолданылады, авторлық варианттарды салыстыру әдісі деп 
аталатын алғашқы және түпкі варианттарын салыстырғанда да қолданылуы мүмкін; 
- мәтінді сандық талдау әдістері – сандық заңдылықтарды (сын есімнің, үстеудің және т. б. 
-ның санын) тауып, мәтіннің тілдік құралдарының сапалық айырмашылығын табуға 
көмектесетін ықтималды-статистикалық әдіс. [4, 7 б] 
Расында, оқушылар мәтінге талдау жасау арқылы оның көркем табиғатын танып біледі әрі 
мазмұнын терең түсініп, сыни өз көзқарастарын қалыптастырады. Бұл дегеніміз – жеке 
тұлғаның функционалдық сауаттылығын қалыптасытыру болып табылады.
Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі кызмет атқаратынын атап көрсетеді: 
1. Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, 
яғни талдау нені талап етеді, соны орындату.
2. Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін 
жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады. Әдеби талдауға баулу жүйелі де сабырлы 
еңбекті талап етеді. Мұғалімнің талдауға қандай әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай тиімді 
ұйымдастырғаны ғана шешуші рөл атқарып қоймайды, сонымен қатар баланың көркем 
туындыны оқу кезіндегі қабылдауы, алғашқы әсері де үлкен рөл атқарады. Көркем 
туындыны талдаудың күрделілігі, қиындығы да осында. Қорыта келгенде, талдау 


147 
мұғалімге байланысты дүние ғана емес, оның алдындағы оқушыларның көркем туындыны 
қабылдауы, дүниетанымы мен ой өрісі, сезім дүниесіне де байланысты» – [5, 39 б. ] дейді.
Мұғалімнің мақсаты – талдау кезінде шығарма негізінде жатқан проблема, оның басты 
ойы, тілі сияқты сол көркем туындыны құрып тұрған көркем компоненттер туралы сөз 
қозғау болып табылады. Көркем туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың 
маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Көркем туындыны талдау, әрине, мұғалім 
басшылығымен жүргізіледі, ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен, талдау оқушылардан 
да көп нәрселерді: дағды-іскерлігі мен машығын, шығармашылықты талап етеді.
Мәтінді талдау арқылы мұғалім баланың көркем сөзді түсіне білуіне, оған деген ынтасына 
да әсер етеді. Бірте-бірте оқушы өмірді түсіне бастайды, өзіндік көзқарасы қалыптасады, 
тұжырымдап айтқанда, көркем шығарма оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты 
құзіреттіліктерінің қалыптасуына да ерекше әсер етеді.
Талдау технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастар жаңа 
қағидаларға негізделеді, ол нәтижелі тәлім-тәрбие алуға, азаматтыққа, отансүйгіштікке, 
зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық 
дәстүрлерді сыйлауға, өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақтың алдындағы әлеуметтік, табиғи 
және мәдени ортадағы өз іс-әрекетіне жауапкершілігін сезінуге, гуманистік дүниетанымды 
қалыптастыруға бағытталады. Бұл – қоғамымыздың қазіргі кезеңдегі басты талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет