Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет94/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Ажын сөзі. Ең бірінші, қазақ тіліндегі абысын-ажын қос сөзіндегі, ажын сөзінің шығу 
төркініне тоқталып өтеміз. Ажын сөзінің этимологиясына Ә. Қайдар мен Б. Сағындықұлы 
әрқайсысы өздігінше зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сол зерттеу жұмыстарын салыстырып, 
нақты ғылыми дәлеледемелерге сүйеніп зерттелген ғылыми жұмысты анықтаймыз.
Ажын: абысын-ажын – туыс, ағайындас адамдардың әйелдері. Мысалы: Бұрынғыдай 
ауысып тамақ беру абысын-ажын арасынан кейін кетті. [ҚТТС I, 40б] Ә. Қайдардың зерттеу 
жұмысында абысын-ажын сөзі көне қос сөздердің бірі ретінде көрсетілген. Б. 
Сағындықұлының да, Ә. Қайдардың да зерттеу жұмыстарында абысын сөзін апа+сіңіл 
сөздерінің кірігуі арқылы пайда болған деп көрсетеді.
Ә. Қайдар ажын сөзін мағыналас қос сөздердің табиғатына тән заңдылық бойынша 
көмескіленген сыңарының мағынасын мағынасы айқын сыңарының төңірегінен іздеген. Осы 
принцип бойынша жүргізген этимологиялық барлауында ажын сыңарының төркінін «туыс-
жақын» ұғымының ауқымынан қарастырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ тілінің 
өзінен де, басқа түркі, моңғол тілдерінен де көптеген деректерді келтіреді. Бірақ олардың бәрі 
«ажа» деген сөзге тұлғасы жағынан жақын, не сәйкес келмейді. Кейбір заңды өзгешеліктерін 
ескеріп, сәйкес келетін мына сөздердің мағыналарының біразын әртүрлі бұлақтар бойынша 
атап өтеді.
Оларға: 
1. Көне түркі жазба ескерткіштерінде ачі//ачы//әчі//өчі// тұлғасында «старший родствен-
ник», «старший брат», «родственница», «старшая бабушка», «дядя», «предок» мағынала-
рының кездесетінін айтады.
2. Ажын атауы В. В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий. .» атты еңбегінде: aja 
(алтай тілі бойынша) – «бабушка», «сестра отца» [25, I, с. 199]; ачы (телеуіт тілі бойынша) – 
«младший брат», «племянник», «родственник», «младшая сестра» [25, I, с. 503]; ачі//ачы 
(лебедин тілі бойынша) – «старший брат», «бабушка» [25, I, с. 510].
3. Махмуд Қашқаридің «Дивани луғат-ат турк» сөздігінде [ача] – «старшая сестра», [аже] 
– «бабушка» мағынасында [МҚ, 114б. ].
4. Бүгінгі ұйғыр тілінде: ағичә//егичә – «старшая сестра», егичә-сиңил – «сестры», келін-
ағичә «сноха».
5. Қазақ тілінің өзінде: әже – «үлкен ана», «әке-шешенің аналары»; ажа («қой дер қожа, ай 
дер ажа жоқ») – «әулеттің үлкені» мағыналарында кездеседі.
6. Бұл сөз моңғол тілдерінде, диалектілерінде де жиі қолданылады екен. Мысалы: 
«Сокровенном сказании…» атты сөздікте: ejen (көпше түрі – ejed) – «хозяин», 
«владелец»;(түбірі – ажа// еже). Бұл сөздің ac`i~oc`i –«внук, племянник», esi~isi – «знатная 
дама, принцесса» тұлғасында, ajai – «батюшка», «старший», ejei – «мать, матушка» тұлғасында 
оңтүстік моңғол тілдерінде кездесетінін Б. Я. Владимирцов атап көрсетеді. [1;38].
Ә. Қайдар жоғарыда келтірген деректерге сүйеніп, біріншіден ажы сөзі түркі тілдеріне тән 
атау екендігін байқайды. Екіншіден, түркі тілдерімен қатар моңғол тілдерінде де кең тараған 
шығу төркіні ортақ көне де байырғы сөз екенін көрсетеді. Үшіншіден, көнелігінің бір белгісі 
ретінде өте кең мағынада қолданылғандығын көрсетеді. Төртіншіден, ажаның тұлғалық 
варианттары – ажа~ежен~әже~ача~егичә~ачы... - бәрін түркі, моңғол тілдерінің дыбыс 
алмасуына тән фонетикалық модификациялар нәтижесі екенін көрсетеді.
Бұдан Ә. Қайдар мынадай қорытынды шығарады: қазақ тіліндегі қос сөз сыңары – ажын 
бір заманда түркі-моңғол тілдерінде өте кең шеңбердегі мағыналарының ішінен абысын 
деңгейдегі әйел қауымына тән мағынасында (ол «әже», не «апа/әпке», «сіңлі» мағыналарының 


149 
бірі болуы мүмкін) абысын атауымен жұптасып, үй ішіндегі барша әйел қауымын білдіретін 
жалпылама мағынаға ие болған қос сөздің сыңарына айналған.
Ал, енді Б. Сағындықұлының абысын-ажын қос сөзіндегі ажын сөзіне қатысты 
этимологиялық зерттеу жұмысына тоқталып өтейін.
Ажын сөзін тіліміздегі құн+ажын сөзімен салыстырып, оның соңғы атаудағы «ажын» 
тұлғасымен толық сәйкесетіндігін байқайды. Алайда семантикасында да айырмашылық бар 
екенін айтады. Абысын-ажын адамдарға қарата айтылса, құнажын малға қарата айтылған деп 
көрсетеді. Екеуіне де ортақ сема ұрғашы екенін көрсетеді. Адамдарға қарата айтылған 
форманы «әйел» сөзімен ауыстырып, мағынасына ешқандай да нұқсан келтірмейтіндігін 
айтады. Абысын сөзін апалы-сіңлілі сөздерінің фонетикалық өзгеріске ұшыраған түрі деп 
зерттеушілердің пікіріне сүйенеді. Ә. Қайдардың да зерттеу жұмысында абысын сөзін дәл 
осылай көрсеткен болатын. Б. Сағындықұлы сонда қос сөздің ежелгі лексикалық мәнін апалы-
сіңлілі әйелдер деп түсінуге болатындығын айтады. Мұндай тіркес тілімізде неліктен 
қолданыс тапқан деген сұраққа ғалым төмендегідей жауап береді: бұның түп төркінін ашуға 
«Ер Төстік» ертегісі көмектесетіндігін айтып өтеді.
Ертегіде аса ежелгі замандарда бір отбасында қанша ер бала болса, екінші бір отбасында 
сонша қыз бала табылғанда ғана құдалық жасайтын дәстүр болғанға ұқсайды. Еске түсірелік. 
Ерназар балаларына қалыңдық іздеп жүргенде бір үйде ілулі тұрған сегіз сырғаны көріп, 
жылай бастады. Бәйбіше: "Не болды?" деп сұрағанда: «Тоғыз ұлым бар еді, бір сырға жетпей 
тұр» деп жауап береді. Сонда бәйбіше: «Сегіз қызым бір төбе, Кенжекейім бір төбе» деп басқа 
бір жерден тоғызыншы сырғаны алып көрсетеді. Содан кейін құдаласады. Бір отбасына келін 
болып түскен апалы-сіңлілі қыздар «абысын-ажын» болмағанда кім болады? Кейін келе-келе 
бір аталықтан, тіпті бір рудан апалы-сіңлілі қыздарды алғанда да, бұл қос сөз өз мәнін 
жоймағанға ұқсайды. Сонымен біздің заманымыздағы «апалы-сіңлілі әйелдер» ұғымы көне 
тілде «абысын-ажын» тұлғасында айтылып, қазірге дейін жетіп отыр. Орыс тіліндегі жена 
(әйел) сөзінің көне түркілік ажын сөзімен дауыссыз дыбыстары бірдейлілігінде бір сыр бар 
емес пе?! – деп түсіндіреді.
«Ажын» лексемасының құрамындағы ж ұяңы ч>дж>ж формуласы, ы қысаңы у>ұ>ы 
формуласы негізінде өзгеріске ұшырап барып пайда болған. «Ажынды» бұрынғы қалпына 
келтірсек: ачун. Түркі тілдеріндегі ачы/ әчі/ечі варианттары н сонорының түсіріліп айтылуы 
салдарынан және жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға айналуы барысында туындаған 
формалар. Көптеген сөздердің соңында н-нің түсуі ұдайы болып тұратын құбылыс. Мысалға, 
қазіргі орта атауының көне ортан атауынан пайда болғандығын «ортан жілік», «ортан қол» 
тіркестерімен салыстырғанда оп-оңай зерделеуге болады. [2;4].
Жоғарыда келтірілген Ә. Қайдар мен Б. Сағындықұлының ғылыми зерттеу жұмыстарынан 
мынадай қорытындыға келдім. Ә. Қайдар «ажын» сөзін түркі, моңғол тілдерімен фонетикалық 
өзгерістерін салыстырып, сол тілдердегі мағыналарын анықтай келе, «ажын» сөзі әйел 
атауына қатысты атаулардың ішіндегі біреуі болуы мүмкін деген болжам айтады.
Ал Б. Сағындықұлы «ажын» сөзін математика-логикалық әдіс арқылы, математика 
ғылымындағы жалпы «белгіліні пайдалана отырып, белгісізді табу» тұжырымын қолдана 
отырып, тіліміздегі «құнажын» сөзі арқылы әйел ұғымын беретіндігін, бірден дөп басып 
табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет