34
болғандығы дәлелденген. Олай болатын себебі бірінші топқа қарасты құрылымдар пікірдің
құрылысына сай құрылатындығы және қызметі хабарлау сұрау, бұйыру қызметінде жұмсалуға
байланысты лебіз екені, сондай-ақ екінші дәрежедегі коммуникативтік топ бірінші дәрежедегі
коммуникативтік топтың деривациясы екені де анық көрсетілген.
Оқулықта полипредикативті құрмаластардың құрылымдық, функционалдық сипаты
статистикалық деректер арқылы нақтыланып, құрмалас компоненттерін түзудегі амалдардың
молдығын көрсету арқылы қазақ халқының сөйлеу жүйесінің, соның нәтижесінде
қалыптасатын сөйлем жүйесінің айрықша мол потенциясы көрсетіледі.
Авторлар қаламынан туындаған «Жай сөйлем синтаксисі» де, «Құрмалас сөйлемдер қазақ
тілінің грамматикалық-функционалдық жүйесінде» және «Қазақ лингвистикасы және
лингводидактика мәселелері атты еңбектері де қазақ тіл ғылымындағы, оның ішінде синтаксис
саласындағы жалпы тіл біліміндегі соңғы жаңалықтарды тілдің, сол тілді тұтынушы халықтың
сөйлеу жүйесімен байланыстыра қарау нәтижесінде жасалған ғылыми дәйекті, практикалық
жағынан құнды туындылар санатынан орын алары сөзсіз. Қазіргі жоғары білім саласында
қойылатын басты талаптың бірі – студентті өз бетімен ізденуге, шығармашылық қабілетін
арттыруға бағытталған, инновациялық технология негізіндегі оқулықтар мен оқу
құралдарымен қамтамасыз ету дейтін болсақ, бұл еңбектер сол талап үдесінен шығатын,
қазіргі заман сұранысына лайық еңбектер.
Р. Сәтұлының элитарлы мәдениет өкілдеріне тән жарқын шығармашылық дербестігін
дәріптейтін тұстары аз емес. Солардың бірқатарын түйіндеп айтар болсақ: қазақ тіл білімінде
коммуникативті синтаксис ілімін қалыптастырушы, сөйлемдегі сөздердің позициясы
(актуалды мүшелену) мен мүшеленбейтін сөйлемдердің грамматикалық табиғатына алғаш
қалам тартушы, ауызша әдеби тіл және оның жазба тілге ықпалын дәйектеуші, еліміз
егемендікке қол жеткізген жаңа қоғамдық формацияда ана тілімізді бастауыш, орта мектепте
оқытудың жаңа сипатты концепциясын, әдіснамалық тұғырнамасын жасаушы т. т.
Қорыта айтқанда, профессор Р. Әмірдің өмірдегі, ғылымдағы жолы осы көрсетілген эли-
тарлы мәдениет иелеріне тән қасиеттердің барлығына бірдей жауап бере алатын, биологиялық
және генетикалық шығу тегі мен психологиялық сипаты, лауазым сатылары мен қоғамдағы
орны, ғылым жолындағы зияткерлік әлеуеті мен кісілік келбеті данышпан Абай айтқан Толық
адамның қасиеттері: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
иесі екендігін айғақтай түседі. Авар халқының даңқты ақыны, өз халқы, туған тілі үшін
күрескерлігімен танымал тұлға Расул Ғамзатов: «Мен жазушымын. Менің шығармам кілем
сияқты, оны мен авар тілінің көркем өрнегімен тоқимын. Менің шығармам қымбат, бағалы тон
сияқты, оны мен авар тілінің сетінемейтін берік жібімен тігемін», – деген екен. Сол айтқандай,
Р. Сәтұлы да қай еңбегінде болмасын негізгі тін ретінде қаймағы бұзылмаған халық тілін алу
арқылы халқына, келешек ұрпаққа сетінемейтін тон, көркем өрнекті кілем тоқушы хас Шебер!
Достарыңызбен бөлісу: