Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет12/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Ермекова Т.Н.
филология ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 
 
ПРОФЕССОР Р. ӘМІРДІҢ ЭЛИТАРЛЫҚ ТІЛДІК ТҰЛҒА ПОРТРЕТІ 
 
Болмыс. Орта. Уақыт. Жаратқанның пәрменімен жұмыр басты пендені қауызында 
ұстайтын бірімен-бірі байланысты осы үш ұғымнан адам тағдыры түзіледі деп жатады. 
Құнарлы топырақтан нәр алған табиғи Болмыс, Тек деп аталатын құдіретті қасиет, бұл 
қасиетпен берілетін табиғи мінез бен қабілет-дарын жан-жағындағы бірде жағымды, бірде 
жағымсыз, бірде мейірімді, бірде мейірімсіз Ортаның ықпалымен Уақыт тезінен өтеді. 
Мұндайда табиғи болмысты сақтап қалу оңай емес. Бірақ қазақ айтқан тектің құдіреттілігі 
сонда – ол әлгі ортаның ықпалы мен уақыт тезінде де табиғи қалыпты сақтап тұра алады.
«Адам тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде қалыптасады» 
деген қалыптасқан қағидат бар [1, 3]. Тұлға расында бір күнде қалыптаспайды, ол – өмір 
ағынында анықталған, белсенді өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты 
таңдау жасай білетін, өзі қоғамның алдында жауап беруге даяр, үнемі өзін-өзі және өзгелерді 
жетілдіру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп өз мінез-құлқын реттеуші адам. Қазіргі кезде 


30 
ғылымдағы анпропоөзектілік парадигмаға сәйкес тұлғатану мәселесіне айырықша 
қызығушылық туа бастады. Лингвистикадағы «тілдік тұлға» мәселесінің де актуалдануы осы 
кезеңге тікелей қатысты. Қазіргі тілтанымда тілдік тұлғаны топтастыру үрдісі де бар. Тілді 
қолдану деңгейіне қарай оны ғалым Н. Уәли былайша бөліп қарастырады: 1) әдеби тілді 
шығармашылық деңгейде тұтынатын элитарлық тип; 2) әдеби тілдің ауызша, жазбаша 
нормаларын сақтай білетін, ара-тұра кодификацияланған нормадан қате жіберетін, сөйлеу тілі 
мен кітаби тіл элементтерін кей тұста айқын аңғара алмайтын мәдени-тілдік орташа тип. Сан 
жағынан басымы да осы орташа әдеби тип; 3) негізінен әдеби сөйлеу тілін қолданатын, 
арасында қарапайым сөйлеу тіліне тән элементтерді қосып сөйлейтін тілдік-мәдени тип. Сан 
жағынан, шамамен, орташа типтен кейінгі орында; 4) қарапайым сөйлеу тілімен сөйлейтін, 
бейәдеби элементтер мен диалектизмдерді қолдана беретін коммуниканттар [2, 15]. Тілдік 
тұлғаның алғашқы типіне қатысты ғалым О. Жұбаева төмендегідей байыпты анықтама 
ұсынады: «Элитарлық тілдік тұлға – ұлттық тілдің жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін 
толық меңгерген, оларды орынды қолданатын, лексикалық, фразеологиялық, паремиология-
лық бірліктердің семантикасын жан-жақты түсініп, орнымен қолдана алатын, коммуникативті 
стратегиялар мен тактикаларды, вербалды және бейвербалды қатынас талаптарын толыққанды 
меңгерген, ұлттық тіл мен мәдениет концептосферасын құрайтын концептілердің ұғымдық, 
бейнелі-ассоциативтік, құндылық сипатын білетін тілдік тұлға. Элитарлық тілдік тұлғаға 
ақын-жазушы, филолог, журналистермен қатар тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдарды 
да жатқызуға болады» [3, 60]. Осылайша қазақ лингвистикасына әлдеқашан ғылыми 
айналымға еніп кеткен элитарлық тілдік тұлға ұғымының түпкі мәні элита лексемасының 
білдіретін мәнімен тікелей байланысты. Бірақ француз тілінен аударғанда «күшті», «таң-
даулы», «іріктелген» деген мағынаны білдіретін элита сөзінің түсінігі де әртүрлі. Итальяндық 
әлеуметтанушылар Гаэтано Моска мен Роберто Михельс элитаны «Әрекет, өнімділік
белсенділіктің жоғары дәрежесі» десе, испандық философ X. Ортега-и-Гассет «бұл туыстық 
аристократия және оған теңестірілген қоғам қабаттары емес, керісінше қоғамның ілгерілеуіне 
ықпал ететін оның айырықша «қабылдау органы» ретінде түсіндіреді, ал неміс философы Ф. 
Ницше «жоғары адамгершілік және эстетикалық талғамға ие дарынды жандар» деп 
бағамдайды [4]. Еуропаны шарламай-ақ, өзіміздің данышпан Абай бүкіл шығармашылығында 
нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. 
«Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек», – дейді. Абай айтып отырған елден бөлек, толық адам 
– ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған жандар көп болмаса да бар, нағыз элита – солар. 
Құндылықтар алмасқан заманда элита деп кімді танып жүрміз? деген сұрақ туындайды.
Жалпы элита теориясын ғалымдар төмендегідей ұстанымдар негізінде топтастырады 
(Кесте 1): 
1-кесте – Элита теориясының топтастырылуы 
Ұстанымдар 
Сипаты 
биологиялық 
Биологиялық және генетикалық шығу тегі жағынан қоғамда жоғары орны бар 
адамдар элита болып саналады 
психологиялық 
Айырықша психологиялық сапаға ие элитарлы топ 
ұйымдастырушылық 
Басшылық қызметтегі қызметкерлер элита болып саналады.
функционалды 
Қоғамдағы, топтағы маңызды міндеттерді атқарушы
көркем-шығармашылық 
Зияткерлік орта (өнер, ғылым, мәдениет, діни) өкілдері 
Аталған ұстындар профессор Р. Әмірдің адами және ғылыми шығармашылық бейнесінде 
қалай көрініс тапты? Оны қандай дәлелдер айғақтайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет