Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет149/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Түйін сөздер: қоғам, дүниетаным, болмыс, ұлт, сана, ой, форма.
 
Қоғамдағы әрбір құбылыс халықтың дүниетанымына байланысты өрнектеледі. Кез келген 
нәрсені салыстыра отырып сипаттап, суреттегенде көңіл-күй сезімдері негізінде бейнеленеді. 
Адам кез келген нәрсені сипаттап, суреттегенде көбінесе теңеп, ассоциативті түрде салыстыра 
отырып, өзінің ой-пікірін бейнелі түрде жеткізіп отырғандығына көз жеткіздік.
Жалпы танымның ең ұтымды әрекеті және адам қабылдауындағы әмбебептық дүниелер – 
салыстыру және теңестіру [1, 20]. Ал, бұл феноменнің негізі психологиялық қабылдау мен 
ассоциативтік ойлау әрекетінде. Мысалы, қазақ халқында сұлу әйелге қатысты қарға аунаған 
түлкідей, балға ашытқан қымыздай, қысыр емген тайдай, ақ бөкеннің құралайындай, 
шомылып көлге шыққан аққудай, аққудың көгілдіріндей т. б. теңеулер кездеседі. Бұлардың 
барлығы қазақ халқының дүниетанымын, өмірге көзқарасын, сұлулық туралы талғамын 
көрсетеді. Әйелдің сұлулығын қазақ халқы күнделікті тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салтымен 
байланысты түрлі зат, құбылыстармен ассоциациялану, соларға ұқсату нәтижесінде жасалады. 
Ю. М. Лотманның пікірінше, мәдениет – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас формасы. 
Демек, әлеуметтік таным жүйесі тілдің ұлттық жүйесінде таңбалық көрініс табады және 
дүниенің тілдік бейнесін құруға қатысады[2, 56].
Адамзат пен табиғат арасындағы байланыстардың көркемөнер түрлерінде образдар 
арқылы жүзеге асып жатады. 
Күлімдеп, қасын керіп, келді жылым,
Сұлудай ақын ерін, алтын тұлым.
Көркейіп, көңілінен кетті кірбің,
Көргенде кім де болса мұның түрін.
Жел есіп, өңменімнен иісі әтірдей 
Көтеріп барлығы да қалды мұрын.
Жай болып жан – жануар, жайраңдады,
Әлдилеп, ана алғандай алдына ұлын,  дейді.
Ақын өлеңін оқи отырып, көз алдыңа қасын керіп, күлімдеп келген алтын тұлымды, сәнқой 
сұлу мен ананың аялы алақанында отырған сәби бейнесі елестейді. Бірақ жазушының айтайын 
дегені бұл емес, – көктемгі мезгіл көркі [3, 77].
Әрбір адамзат баласы өзінің ортасына қарай, туып-өскен жеріне қарай, өмір сүріп отырған 
еліне қарай, ұлтына қарай, бейімделген менталитетіне қарай, алған білімі мен тәжірибесіне 
қарай айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды (ақиқат дүниеге) әртүрлі қырынан таниды 
және танытады. Ақиқат дүние адам санасында қалай қабылданса, сол күйінде жадыда 
сақталып, сол ұлтқа тән тіл арқылы көрініс табады (Әлдилеп, ана алғандай алдына ұлын). Кез 
келген дүниені қарап тани отырып, санаға сарт ете түскен түсінікті (ассоциацияны) немесе сол 
дүние туралы ұғымды тіл арқылы жеткізу үшін біліми, мәдени, рухани танымына сүйенеді. Ол 
тілдік қорындағы тіркес арқылы, метафора арқылы көрініс табады. Мысалы, көктем мезгілін 
таныту үшін логикалық танымда ең алдымен санаға келетін түсініктер: қардың еруі, жыл 
құсының келуі, жаңбыр, жылы киімдердің шешілінуі, бәйшешектің атуы, бұлтты күндер, 
жасыл түс, т. б. Бұлардың барлығы – адамның бес сезім мүшелері арқылы, яғни сенсорлы-
перцептивті қабылдап тануы негізінде санада жинақталған білім көздері, яғни көктем 
мезгіліне берілген ассоциациялар. Ал шығармашылық таланты бар, ерекше танып 


229 
қабылдайтын ақын-жазушылар танымында ассоциативтік білім көздері бейнелі түрде көрініс 
табады. Сондай-ақ қызға қатысты нәзіктік, мейірімділік, тұлымды, сәнқойлық, әтір, т. б. 
түсініктер санада жинақталған қарапайым ассоциациялар болса, ал ақын-жазушылар 
танымында құдықтай тұнық суы тартылмаған, аш белі сәмбі талдай солқылдаған. Әтірдей 
иіс сезімі теңеуі жақсы иіс ұғымында. Әтірдің иісімен жер де, шалғын да әдемі аңқып, сезіміңді 
қытықтап, жаныңды рақатқа бөлейді. Туған жердің, оның шөбі мен ағашының, желі мен 
жауынының иістері әтірдің жағымды иісіне теңестірілген [4, 78].
Біз қазақ даласының табиғат көркін, жыл мезгілін Абайдың қаншалықты айқын бояумен 
шебер суреттегендігіне сүйсінеміз, Абайдан кейінгі дәуірдегі қазақ поэзиясында осы дәстүр 
қалыптаса түскендігін Сыр сүлейлері поэзиясынан тағы сезінеміз.
Сондай-ақ олардың шығармаларынан географиялық атаулар сезім-күй теңеулерінің ең 
пәрменді образдарының қатарынан табылады. Географиялық атаулар образ болып 
қолданылғанда, өздері сипаттайтын предметтерге өзгеше мән-мағына беріп, оларды ерекше 
сезімге бөлейді. Сол себепті де суреттелетін заттар мен құбылыстар образдық қасиетке ие 
болып, мән-мағынасы тереңдеп, әсерлене, әрлене түседі. Мысалы, Нұртуған ақын «Бастау» 
өлеңінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет