230
Абайға соқпай өту қияметтей,
Өйткені, сөз қоры – кен құдіреттей.
Табан ет, маңдай терін жырға беріп,
Көтерді жыр күмбезін, жалғыз кетпей...
Мен де бір шайыры едім Сыр – өңірдің,
Ширатқан шын арқауын өрнек-жырдың.
Өлеңім қайта туып бір жасады-ау,
Гүліндей шешек атқан ой мен қырдың! – деп, Абайдың шығармашылығы өзінің өлең-жыр
ғұмырының гүлденуіне түрткі болғандығын әдемі әсермен жеткізсе, бірде:
«Болады ер бағына өнер серік» туындысында:
Сен, тілім, білгеніңді пәмдеп сөйле,
Жүр едің көптен бері жолығыспай.
Дер күнде қызғалдақтай қызғындайық,
Байқасаң санаулы дем, өмір қысқа – ай, – дейді.
Қызғалдақтай теңеуі желкiлдеп құлпыpып, әдемi өмір сүру пәлсапасына теңестірілген.
Қызғалдақ гүлі Сыр сүлейі Тұрмағанбет ақынның «Тәлім» шығармасында:
Қызғалдақтай ұл – қызды, –
«Сәнім» десе болады.
Көктемдегі көл даусын, –
«Әнім» десе болады.
Қызғалдақтай теңеуі
– ақынның өлеңінде тәрбиелі ұл-қызды желкiлдеп құлпыpған,
жайнаған әдемi қызғалдаққа меңзеп, жарасымды өң беріп, жайнатып жібертін көрікке, сәнге,
жарасымдылыққа балайды. Әнге сұранған өлеңдегі қызғалдақ-мәңгі үзілмес тіршілік
символы. Қызғалдақтай ұл-қыз ақын үшін тіршіліктің бастауы-мәңгілік
жалғасқан өмірдің
жарқын бейнесі, кешегі мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырып тұратын қасиетті ұғым
мағынасында.
Сондай-ақ «Ақ Жібек» өлеңінде:
Шайқалып қызыл гүлдей сен тұрғанда,
Менің де басқаменен жоқ жұмысым – деп зерделейді.
Базар жырауда «Қайырға біткен шынармын» өлеңінде:
Жаман болса жігіттің,
Жатқа бойы сыналған.
Таланды ерге тап болар
Ақылға дана ару ажар,
Талшыбықтай бұралған.
Алдарыңда барымды,
Аянбай төгіп бегілерім,
Мен бір шығайын құмардан! – деп жыр өрнегімен бере отырып, жақсы жігітке
талшыбықтай, яғни өрімдей жас, нәзік, сымбатты, көркіне ақылы сай жар кездессе, оның өзі
мәнді өмір сүрудің бір жолы дегенге саяды.
Әрбір ұлттың
өзіндік ойлауы мен сезінуінде, сондай-ақ қиялдауы мен армандауында
өзгеше сипат, ерекшеліктердің болатыны, образдардың ұлттың ойы мен сезіміне, қиялы мен
арманына негізделіп дүниеге келетіні, сондықтан да олардың
ұлттық сипаты мен мінезінің
табиғи қасиеттер болып саналатындығы өзінен-өзі түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: