Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет162/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Key words: informatization of language education; mobile teaching; language abilities; language skills.
Қазіргі таңда еліміздің даму кезеңі қоғамның барлық саласындағы терең интеграциялық 
үдерістермен ерекшеленуде. Ал тілдік білім сол ақпараттарды жариялап, тұлғаның санасын 
қалыптастыруға, оның қоғамдағы өзгерістерге тез бейімделіп, ашық ақпараттық кеңістікке 
еркін кіру қабілетін дамытуға мол мүмкіндік беруде. Осы мәселеге профессор Р. С. Әмір: 
«Қазақ тілінің келешегі, болмысы қазақ халқының жаңа формацияға сай жаңаша өмір сүру 
дәстүрін игеруіне байланысты. Әлеуметтану ғылымында халықтың өрісі, өресі оның ой 
жұмысының, еңбектенуінің қажырлығына (ол еңбектерде «напряженность» деп аталған) 
тәуелді деген тұжырым бар. Ендігі тірлігіміз ғаламдану қатынас, жағдайына көшетіні анық. 
Осы байланысқа біз өзіміз де, тіліміз де түседі» [1, 177 б], – деп өз пікірін білдірген болатын.
Шынында да, қазіргі өмірімізге дендей еніп кеткен Интернеттің қарыштап дамуымен 
онлайн режиміндегі қарым-қатынастың негізінде пайда болған виртуалды әлем, әлеуметтік 
қарым-қатынастың жаңа модельдері тұтынушының тілдік біліміне, тілдік жағдайына елеулі 
әсерін тигізуде. Қазіргі таңдағы ең үлкен ақпараттар көзі – Интернеттің арқасында адамдар 
жаңа түр, жаңа мазмұнда виртуалды қарым-қатынасқа түсіп, айналасына құндылықтары мен 
қызығушылықтары ортақ қолданушыларды топтастырды.
Электронды құралдардың көмегімен байланыс орнатып, шегарасыз ақпараттық кеңістікті 
қалыптастырды. Сөйтіп тілді жүзеге асыру аясының жаңа коммуникативті ортасы – Интернет 
– тілдің өмір сүру формасы мен қарым-қатынас жасаудың жаңа әдіс-тәсілдеріне жол ашты.
Тілді оқыту мен бақылау үдерісін ұйымдастырудың осындай бір түрі – мобильді оқыту 
болып табылады. Ол мобильді байланыс құралдарын (смартфон, планшетті компьютер және 
т. б.) пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Студенттердің аталған құралдар арқылы кез 
келген орында, қалаған уақытында тілдік дағдыларды, сонымен қатар сөйлеу шеберлігін 
дамытуына және жетілдіруіне болады.
«Мобильді оқыту» термині «қашықтықтан білім беру» ұғымымен тығыз байланысты. 
Мұнда оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасы қашықтықтан жүзеге асып, оқу 
үдерісіне тән компоненттер (мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілі, ұйымдастыру формасы, оқыту 
құралдары) түгел қамтылады.
Шетел тілін оқыту практикасындағы мобильдік технологиялар: электронды пошта, блог-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет