245
Бесінші деңгейдегі талдау үлгілері көбінесе ауызша орындалады. Бұл талдау арқылы
аңғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тыңдауға, ойын әрі жалғастырып кетуге
машықтанады. Әрі мұндағы іс-әрекет көбіне ойын түрінде жүргізіледі.
Алтыншы деңгей. Жат жазу.
Ертеректе мектеп тәжірибесінде үш-төрт шумақ өлеңді жаттатып, оны жатқа жаздыру
мұғалімдер тәжірибесінде жиі қолданылатын. Мұндағы, көздеген мақсат: біріншіден,
оқушылардың өлеңді жадында ұзақ сақтауы үшін; екіншіден, орфографиялық қателерді
жібермеуге төселдіру үшін; үшіншіден, тыныс белгіні дұрыс қою және қандай жағдайда қай
тыныс белгіні қою керектігін саналы түрде меңгерту үшін.
Жетінші деңгей. Уақытқа талдау: а) өте жылдам – 3 минутта; ә) жылдам – 5 минутта; б)
баяу – 7 минутта.
Бүгінгі қоғам автоматтандыру кезеңінде өмір сүріп жатыр. Сондықтан білім беруде де
жылдамдық, қарқынды оқыту, техникалық, аудио-видео құралдарды кеңінен қолдану өріс
алуда.
Алдыңғы деңгейлерде жұмыс өз дәрежесінде, жауапкершілікпен, тиянақты жүргізілсе, бұл
деңгейдегі талдау өз нәтижесін береді.
Тіл білімінің әр саласын он деңгей бойынша талдап, жаттыққан, дағдыланған,
машықтанған оқушыларға бір сөйлемді сатылай кешенді талдау, уақытқа талдау және тест
сұрақтарына жауап беру көп қиындық келтірмейді. Өйткені, оқушылар бұған дейін қазақ
тілінің әр саласынан терең теориялық білім алып, талдаудың түрлі амал-тәсілдерін жете
меңгерген. Сондықтан оқушылар грамматикалық кез келген тақырыпты ғылыми тілде баяндап,
практикалық тұрғыдан түрлі жұмыстарды жоғары деңгейде орындайды.
Сегізінші деңгей. Компьютерлік талдау.
Компьютер арқылы оқыту мұғалімнен жаңа ақпараттық технологияларды жете меңгеруді,
педагогика-психология ғылымдарымен жан-жақты қарулануды, оқу-үрдісін ұйымдастырудың
технологы болуды талап етеді.
Тоғызыншы деңгей. Ашық тест.
Тест жұмысы – оқушылардың игерген білімін тексеру мен бағалау, танымдық әрекетін,
ізденімпаздық деңгейін, оқу әрекетіндегі әдістер мен тәсілдердің тиімділігін анықтау жолы
ретінде қарастырылады. Бұл – оқушының білімін, біліктері мен дағдыларын тексеріп,
бағалауда, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін анықтаудағы ең тиімді әдіс.
Оныншы деңгей. Шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығын өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде
дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай
білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, адамның рухани күшін
нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі.
Қорыта келе, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н. А. Оразахынованың
«Сатылай кешенді талдау» технологиясы – ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге, оның
білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп, күнделікті өмірде қолданылу аясын жақсартуға
бағыттайтын оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: