40
қызметін атқаратын сөздер сөйлем құрамына қыстырма компонент ретінде қатыстырылады.
Қыстырма компонент ретінде қаратпа сөз немесе тыңдаушының назарын аудару үшін қызмет
ете алатын (айтпақшы, немене т. б.), оның ойына айтылатын пікірге байланысты ассоциация
тудыруға жәрдемдесетін сөздер жұмсалады, – дейді ғалым [1, 100].
Сөйлеу кезіндегі эмоцияның берілуі мәселесі де назардан тыс қалмаған. Әсіресе, ауызекі
сөйлеуде сөгіс, реніш мәнді білдіруге қызмет атқаратын тілдік бірліктердің қолданысына баса
мән беріледі. Олардың қыстырма компонент ретінде жұмсалатыны, көбіне атаулы сөйлемдер
болатыны дәлелденеді. Мысалы,
Өлтіремін сені, көзіңді жоғалтамын, тумай кеткір! (М. Ә.).
Ғалым қыстырмалардың коммуникативтік-функционалдық қызметіне баса назар аударып,
оларды бірнеше топқа бөлінеді: 1) сөйлеушінің айтылған ойды түрлі эмоциялық тұрғыдан
бағалауын білдіретін; 2) айтылған ойға күмәнділік немесе сенімділікті білдіретін; 3) хабардың
кімнің тарапынан екенін көрсететін; 4) тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылатын; 5)
айтылған ойдың желісін, ретін көрсететін қыстырмалар.
1) Қыстырмалар сөйлеушінің айтылған ойды эмоциялық жағынан қалайша болғанын, яғни
өкінгенін, қуанғанын, таңданғанын, разы болғанын т. б. білдіреді. Бұл топқа жататын
қыстырмалар: қайтейін, не шара, амал қанша, өкінішке орай, соры қайнағанда, бақытыма
қарай, не керек, бәсе.
Балтабек оған іштей қайғырды, бірақ, амалы қанша, істер шара жоқ
(С. М.).
2) Сөйлеуші айтылған хабарға өзінің күмәнді-күмәнсіздігін білдіреді. Қыстырмалары: сірә,
тегі, асылы, әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, шынында, шынын айтқанда, кім біледі, бәлкім,
ұмытпасам, жаңылмасам, мүмкін.
Рас, Кәлен кісі мойнында кегін жібермейтін жау (Ә. Н.).
Кім біледі, бұдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас (Б. М.).
3) Қыстырмалар айтылған хабардың кімнің тарапынан екенін көрсетеді. Қыстырмалары:
меніңше, сеніңше, оларша, оның айтуынша, әлі есімде, біздіңше.
Менің аңғаруымша, сіз
тарихқа көп ат салысқан сияқтысыз (М. Ә.). Кенжетайдың айтуынша, ол мұрнын көкке
көтерген тәкаппар (С. М.).
4) Тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылатын қыстырмалар. Олардың негізгілері
мыналар: айтпақшы, айтқандай, әне, міне, кәне, ол – ол ма, бұл – бұл ма, өздеріңізге мәлім,
көріп отырсыз, байқайсың ба т. б.
Пенде өлмейді арманнан, мінеки, мен де өлмедім (А. Б.).
Шынында, осы кезде Бөкенші асуының жотасынан бері қарай шапшаң құлдилап келе жатқан
қалың шоғыр көрінді (М. Ә.).
5) Сөйлеуші айтқалы отырған ойының ретін, желісін қыстырмалар арқылы көрсете алады,
мұндайда сөйлем ішіндегі кейбір ойлар айқындала түседі, немесе ойдың түйінделетіндігі
ескертіледі. Қыстырмалардың бұл тобына жататындар: негізінен, жалпы алғанда, керісінше,
біріншіден, ең алдымен, әуелі, сөйтіп, айталық, қайта, бір сөзбен айтқанда, жоғарыда
көрсетілгендей, ендеше, көбінесе т. б.
Былайша айтқанда, Дәмелінің көркемдігі қуаныштың
көркемдігі екен (С. Е.). Әйтеуір, әділет қой іздегенің (Ғ. М.). Жалпы алғанда, қазақ
эпостарының көпшілігінде-ақ бас қаһарманы – тәңірден тілеп алған жалғыз ұл (Қ. Ж.)
Профессор Р. Әмір коммуникативтік мақсатты іске асыратын тілдік амалдарды анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: