Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет21/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

1) Қайталау амалы – сөйлеуші тыңдаушыға бір затты, қимылды ерекше ескертіп, 
мойындатып атау қажет болғанда жұмсалалатын амал.
- Жолдастар, тәртіппен, тәртіппен! (С. Мұратбеков). Дұрыс, дұрыс, енді білдім (А. 
Нұрманов). Мақұл, мақұл. Оған да келістік. Айыбыңды байығанда төлерсің! (Ж. Тұрлыбаев). 
Сары үрпек балапан ғой, балапан, ай нұрына малынып үрпейісін қарай гөр! (Ә. Т.)
Осылай ерекше ескерту үшін қайталауға барлық сөйлем мүшелері түсе алады. Әсіресе 
қаратпа сөздер, одағай сөздер, ескертпе ретіндегі сөздер көп қайталанатынын дәлелдейді.
Өрт! Өрт! Тәке, Тәке, сабыр етіңіз (А. Н.). Омар, Омар, қайт (Ә. Т.). Ой, Омар-ай, Омар-
ай! Бүйтіп қор боламыз деп ойлаппыз ба? (Ә. Т.). Ие, ие, мен сол Түсіппін, Түсіппін ғой! (А. Н.)  
Бір сөзді қайталап тіркестіру негізінде жасалған баяндауыштар субъектіге тән сапаны 
эмоциялы түрде атау үшін қолданылатынын, баяндауышқа енген компоненттердің 
бағыныңқысы шартты рай тұлғасы арқылы негізгі компонентпен байланысатынын дәлелдейді. 


41 
Айтса айтқандай, мықты десе мықты тәрізді Аһ, сорлы балам, айтса айтқандай. Аудармай 
түсірген (Ш. Х.) [2, 41].
Ғалым қазақ тілінде коммуникативті қызметі ерекше тілдік бірліктерге ерекше назар 
аударады. «Алмақ түгіл аламын тәрізді баяндауыштардың негізгі компонент ретінде 
ауыспалы осы шақ, нақты осы шақ, өткен шақ етістік сөзді қатыстырады да, қайталанатын 
сыңар –мақ, -мек (-пақ, -пек) формасында келеді. Екі компонент түгіл демеулігі арқылы 
қарсылықты қатынасқа түсіп байланысады. Баяндауыш диалогта жауап ретінде ұшырасады. 
Өйткені ол сөйлеушінің алдыңғы айтылған сөзіне байланысты тұжырымды полимикалық 
жауап білдіргенде жұмсалады. Осы ерекшелігімен бұл баяндауыш экспессивтігі жоқ келер 
шақ, осы шақ, өткен шақ істі білдіретін баяндауыштарға стильдік сыңар болып келеді» деп, 
оны мынадай тілдік фактілер арқылы дәлелдейді: алады – алмақ түгіл алады, жазып жатыр 
– жазбақ түгіл жазып жатыр, көрді – көрмек түгіл көрді.  
 – Түсіндірерсің! 
 – Түсіндірмек түгіл түсіндіремін! 
 – Сотқа беріңдер, аттырыңдар мені! 
 – Бермек түгіл береміз сотқа! (Б. М.) [2, 46].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет