Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет70/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Түйін сөздер: тілдік сана, лингвомәдениеттану, менталитет, тіл, сана, ұлттық сана, ұлттық болмыс. 
 
Қазіргі қазақ тіл білімінде барлық тілдік
құбылыстың жаратылысын оның тек тілдік
заңдылықтарын ғана ескеріп қана қоймай, сонымен қатар, халықтың дүниеге көзқарасына, 
ұлттық салт-дәстүріне, ұлттық болмысына назар сала қарау ең өзекті тақырыптардың 
қатарына кіреді. Бұл тақырыптар тіл білімінің лингвомәдениеттану тармағында зерттеледі. Ол 
мәдениеттің тілде сақталуы, тілде бейнеленуі, және де тіл арқылы сол ұлттың болмысымен 
танысу мүмкіндіктерін талдайды.
Тіл – мәдениет тасымалдаушысы. Ол ұлттық санада жинақталған ұлттық құндылықта-
рымызды қайта жаңғыртады. Тілші Вильгельм фон Гумбольдттің тұжырымдауынша, ұлттың 
өзіне ғана мәлім, іштей дамитын рухы бар. Сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, 
ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл. Демек, тіл – объективті дүниенің субъективті бейнесі [1, 
26 б. ].
Тіл танушы, этнолингвистика саласын зерттеуші Жамал Манкеева тілдің ұлттық сананы 
қалыптастырудағы орынын былай жеткізеді: «Қазіргі қазақ қоғамында ұлттық сананың 
жаңғыруы мен ұлттық тұтастықтың дамуын қамтамасыз ететін, рухани күштің арқауын 


119 
ұстайтын негізгі құралы ұлттық тіл екені қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барша сан салалы 
әрекеттерінде айқындалуда» [2, 452 б. ].
Мәдениет тасымалшысы деп тілмен қатар қазір сананы да айтады. Ұлттың ойлау жүйесін, 
танымдық ерекшелігін, мәдени белгілерін, дәстүр жалғастығын өз бойына жинай білген 
сананың түрін – ұлттық сана деп атаймыз. Ол – белгілі бір тарихи қалыптасқан, бірдей 
бірегейліктегі, бір тілде сөйлейтін адамдардың шындықты өзінше қабылдап, оны салт-дәстүр, 
тілі, өнері арқылы білдіру. Ұлттық сананы қалыптастырушы сол топ өкілі, ұлттың зиялы 
қауымы [3, 717 б. ]. Ол халықтың менталитетінде көрініс табады. Халықтың менталитеті өзі 
өмір сүріп жатқан жер бедеріне, табиғи ерекшелігіне, ата кәсібіне, сеніміне, этнос 
құрылымының ішкі спецификасына, халықтың тарихи естеліктеріне қатысты оқиғалардың 
әсерінен туындайды.
Осындағы «менталитет» терминіне тоқталсақ. Бұл термин түбі «mentis» латын тілінен 
шыққан жан немесе ақыл-ой деген мағынаны берген. Кейінгі анықтамаларда менталитет 
ұғымы: «сезімдік және рухани ойлау тәсілі, жеке адамдардың немесе топтың рухани хал-
жағдайы» [4, 226 б. ], – деп пайымдалады. Ал қазақ тілінің әдеби сөздіктерінде оған мынадай 
анықтама беріледі: «Менталитет ол – ұлтқа тән ойлау жүйесі» [5, 187 б. ].
Д. Кішікбаевтің айтуынша, қазақ халқының менталитеті өзінің ата-кәсібі, яғни көшпелі мал 
шаруашылығымен байланысты. Сонысымен ол еуропа халқынан рухани жағынан да, 
дүниетаным жағынан да, ойлау жүйесі жағынанда айтарлықтай ерекшеленеді. Сондай-ақ, 
«Қазақ халқының
менталитеті еуропалықтардың менталитетінің шеңберіне
сыймайды. Қазақ
жері қандай ұлан байтақ болса, оның менталитеті де сондай
кең, рухани жағы қанық, толы. 
Оны еуропалық шеңбердің аясында қарауға
болмайды. Оның
өркениеті де, салыстырмалы 
танымы да басқа» деп қорытады [6, 4 б. ].
Р. Файзуллаева ұлттық колориттің белгілерін анықтайтын екі вербальді әдісті ұсынады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет