Жалаң
сөйле
Жайылма
сөйлем
Жақсыз
сөйлем
Жақты
сөйлем
Толымды
сөйлем
Айтылуға
тиісті тұр‐
лаулы я
тұрлаусыз
мүшенің
бірі түсіп
қалған
жай
сөйлемнің
түрі.
Толымсыз
сөйлем
Жай сөйлемнің түрлері
127
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: Оқулық. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.
2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері (Оқу құралы), – Алматы: Санат, 1996. – 240 б.
3. Грамматика современного русского литературного языка. – М., Наука. 1970. – 720 c.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері: Оқулық. – Алматы. Санат, 2003. – 496 б.
5. Айтбаева А. Б. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Алматы: ТОО «Издательство LEM» 2006. – 100 б.
Есназарова Р.
Қорқыт Ата университеті, Қызылорда
МАЙЛЫҚОЖА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ
ТІЛДІК КӨРКЕМДІК ҚОЛДАНЫСТАРЫ
Аңдатпа. Майлықожа өлеңдеріндегі сөздердің лексика-семантикалық топтарын анықтай, рухани және
мәдени лексика элементтеріне талдау жасап, экономикалық жағдай мен сауда-саттыққа қатысты атауларды
зерделеп, оның шығармаларындағы ат әбзелдері мен оның бөлшектері атауларының молынан кездесуін
дәйектеу. Этникалық топқа тән мінез-құлық, этностық таным мен көзқарас, наным-сенім, салт-дәстүр, ұлттық
рухпен сусындап, оның айғағы айқын бейнесі ретінде көрініс табады. Осы көріністі айқындау мақсатында
Майлықожаның тілдік көркемдік қолданыстарын анықтау көзделді.
Түйін сөздер: Көркемдік қолданыс. Тіл. Салт. Ұлттық болмыс.
Қазіргі кезеңде тіл мен мәдениет мәселесіне қатысты тіл біліміндегі көптеген зерттеу
жұмыстары тілдегі ұлттық сипатты, ұлттық танымды, ұлттық рухты тануға, дамытуға
негізделген. Тілдің ұлттық рухты арқалап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыратын құдіретті
күш екені, рухының өзін-өзі тануы, әлемді тануы және ойлауы, қазіргі лингвистикада
анықталғаны ақиқат. Себебі тіл немесе ұлттық рух негізінде адамзат қауымы қалыптасып,
белгілі бір этникалық топ құрайды. Сол этникалық топқа тән мінез-құлық, этностық таным
мен көзқарас, наным-сенім, салт-дәстүр, ұлттық рухпен сусындап, оның айғағы айқын бейнесі
ретінде көрініс табады. Осы көріністі айқындау мақсатында Майлықожаның тілдік көркемдік
қолданыстарын анықтау көзделді. Ғасырлар бойы жер бетінде тіршілік етіп келе жатқан қай
халықтың болмасын тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, кәсібін, ұлттық сана мен талғам
негізінде қалыптасқан мәдениетін бейнелейтін өзіне тән материалдық дүниесі болатыны
белгілі. Этномәдени лексикаға, біріншіден, белгілі бір этнос тіршілік кешетін аймаққа тән
табиғат құбылыстардың атаулары, екіншіден, материалдық лексика, үшіншіден, рухани
лексика элементтері кіреді. Майлықожа шығармаларындағы сөздерді шартты түрде төмендегі-
дей мағыналық топтарға бөлуге болады: 1. Рухани-мәдени лексика элементтері; 2. Материал-
дық лексика элементтерi; 3. Майлықожа өлеңдеріндегі рухани немесе мәдени лексика
элементтері[1, 5 б. ].
Рухани-мәдени лексикаға адамдардың жасы мен жыныс ерекшеліктеріне байланысты
терминдер, туыстық атаулар, қоғамдық қатынастар терминдерi, адамдардың рухани өміріне,
адамдардың тәрбиесі мен біліміне байланысты, қоғамдық құндылықтарды атайтын сөздер,
мифология мен фольклорға, дәстүр мен салтқа байланысты сөздер жатады. Сол этникалық
топқа тән мінез-құлық, этностық таным мен көзқарас, наным-сенім, салт – дәстүр, ұлттық
рухпен суарылып, оның айғағы айқын бейнесі ретінде көрініс табады. Басқаша айтқанда,
біздің дүниетанымымыз рухани көріністерді дәлірек айтқанда рухани мәдениетті құрайды. Ал
«Рухани мәдениет негізінде, – дейді этнолингвист ғалым С. Е. Жанпейісова: «Халқымыздың
этнопедагогикалық дағдыларына, өзіндік дүниетанымдары мен құқықтық, қоғамдық нормала-
рына, өмір тәжірибелеріне қатысты талай құнды ғылыми дерек бар». Ол – жалпы этносты
танудың, әсіресе оның интеллектуальды ерекшеліктерін танудың құралы. Демек, рухани
мәдениет – халық болмысы мен оның өмір сүріп отырған қоғамының үндестік символы[2, 8б.].
Ақын өмір сүрген ғасырдағы қазақ қоғамының экономикалық өмірдегі жаңалықтарының
бірі халықты қанаудың одан әрі күшейіп жаңа түрлерінің шығуы болды. Феодалдық
рентолардың кейбір түрлері бұрыннан бар болғанымен, өткен ғасырда олардың мазмұны мен
128
сипаты өзгеріп, бұрынғы сөздер жаңа мағынаға ие болды. Сондай-ақ, ресми алым-салық
системасы пайда болды: зекет, түтін салығы, қара шығын, үй басы.
Сауда – қазақ халқы тұрмысына көп жаңалық әкелген құбылыс. Сондықтан
жаңалықтардың атаулары да сөздік құрамынан толықтырылғаны аян. Талдап отырған дәуірде
сауда-саттықтың әр алуан іс-әрекеттеріне қатысты бір топ жаңа сөздер ақын өлеңдерінде де
кездеседі: қадақ, пұт, пұл, арбашы, аттерші, шығын, қарыз, алыпсатар.
Өлеңінен мысал келтірер болсақ:
Қонақ, арпа адырайып дүрілдейді
Үш қадақ Табылса егер тәуір деді
(Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр,
Көлбай деген ер шығып ысты жұрттан,
Атадан жетім қалып істі тұтқан.
Сол қара қазақтың қарызын өтеп,
Азық алдық аптаға екі пұттан...
(«Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр»)
Ақын өлеңдерін оқи отырып, сол кезде Қазақстан экономикасындағы елеулі өзгеріс егін
шаруашылығының дамығаны, ел-жұрттың осы шарушылықпен айналысқаны көрінеді. Егінші,
диханшы, дихан сөздері жарыспалы қатарда көп кездеседі:
Ылғи етек тау жердің жасалы екен,
Егіндік ел мәртебе саласы екен,
(Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр,
Дихан тоймас жер десе,
Ер тілеуін береді.
Ерте тұрып еңіресе
(«Өлшеніп берген өмір бар»)
Тұрмыстық лексиканың сөздік қордың негізгі бөлігін құрайтын сөздерден тұруы – кез келген тілге
тән құбылыс. Өйткені олар әр халықтың, әрбір ұлттың өмірі үшін, тіршілік етуіне керекті, аса қажетті,
маңызды ұғымдардың жиынтығынан тұрады. Тұрмыстық лексиканың семантикалық қаттаулары
адамның күнделікті өміріне байланысты, адамның тұрмыс тіршілігінің түрлі қырларын білдіретін
сөздерді жинақтайды. Тұрмыстық лексика элементтері кәсіби сөздіктердің негізгі құрамдас бөлігі,
өйткені әр аймақтың шаруашылық жүргізуіне байланысты, игерген кәсібіне сай, жердің ерекшелігіне,
аймақтағы климатқа байланысты қалыптасқан тұрмысқа қажетті сөздер болады.
Жылқы және жылқымен байланысты атаулар және атаулық тіркестер Майлықожада көп
кездеседі. Атты жүрісіменен көлік ретінде пайдалануына қарай арғымақ, жүйрік, боз жорға, ат,
жүйрік ат, жүріс ат, шала жүйрік ат, қазанат, таты, шабан, тас жүйрік, қаз таты, шала жүйрік ат, шын
жүйрік, құр ат, шоқтығы биік ат деп бөледі. Мысалы,
Тай құнандай тебіскен («Ажал бір келмес болсайшы»).
Көк дөненім сенде бар («Апыр-ай, сорым»).
Жылқыдан күдер үзгендер,
Биесін сатып ат қылар («Түрлі дәуір беріпті»).
Шала жүйрік ат бітсе («Көштің көркі түйе еді»).
Шоқтығы биік ат мінсең («Жақсы болсын жұбайың»).
Басы түгіл байталдың
Бермеймін енді бір түгін («Апырай, сорым, шының ба-ай»).
Жалпы қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінде жылқының алатын орны ерекше болды.
Оның айқын дәлелі ретінде Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айқын
көрінеді. Онда: «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны
тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында
129
жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін
дәлелдеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.
Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның
жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз» делінген еді[3, 45б.
].
Майлықожа заманында да ат әбзелінің жиынтық атауын ер-тұрман деген сөзбен айту дағдысы
қалыптасқан. Ал оны ойшылымыз өз шығармаларында ат әбзелдері мен оның бөлшектерінен тоқым,
ноқта, үзеңгі, тартпа, желдік, ертоқым, алтын ер атауларын қолданған[4, 94б. ].
Жоғалмаса құрысын тартпа, желдік
Бұрын қайбір ер-тоқымым сай кісі едім? («Қай кісі едім»).
Ноқтаның үйір болар зорыменен («Жылдың төрт мезгілі»).
Үзеңгіге аяқ шіреуің («Ажал бір келмес болсайшы»).
Атыңды ерттер жүгендеп («Жақсы болсын жұбайың»).
Майлықожа шығармаларындағы жоғарыда қарастырылған лексика – семантикалық аспектілері
сөздердің мағыналық аясын кеңейт
іп, көркемдік мақсатта өзіндік стильдік ерекшелікке ие.
Достарыңызбен бөлісу: |